400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Ата-анамен балабақша бірлестігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен қарым қатынаста болу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Ата – анамен балабақша бірлестігі»

«Бала естігенін айтады , көргенін істейді» -деп қазақ халқы бекер айтпаған .Мектеп жасына дейінгі балалардыадамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор.Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының , тәрбиешісінің , достарының мінезін,жүріс – тұрысынан,сөйлеген сөзінен,істеген ісінен үлгі алуға тырысады.Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын,салт-дәстүр ,мақал-мәтелдер,ертегілер,жұмбақтар ,өлеңдер арқылы сіңіру ата –ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.Ертегігінің тәрбиелік мәні бар.Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп , бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды.Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыз бірі-бесік жыры ,мақал-мәтелдер болып келеді.Сәбилер «Бесік жырын» тыңдай отырып , ананың бесік жырымен ,әлдиімен тұңғыш рет нәр алады. «Үлкенге – құрмет,кішіге-ізет» деген мақал-мәтелдер арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу , қамқорлық сезімдерін туғызамыз.Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы,адамгершілік,эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.



Өз-өзіне қызмет ету.

__Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп , жуынып,сүртінеді,бір-біріне көмектеседі. «рахмет,кешір,өтінемін»сөздерін айтуға баулу.Ұжымға тәрбиелеу балалардың өзара ұжымда қарым-қатынастарын қалыптастыру.Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады,немқұрайлықтың пайда болуына , құрбыларына , үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.Адамгершіліке , еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде ,тәрбиешімен байланыста болу.



Балабақшамен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі.

Адамгершілік тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық , мейірімділік,ана сүтімен , ана тілімен келетіні анық.Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез,сүйектен кетеді» деген сөз бекер айтылмаған.Баланың ой-өрісі-біліммен қоршаған дүниені тануға қызығушылығы,талаптанушылық,рухани байлығының бейнесі.Баланың ой-өрісі көбіне жанұя жағдайымен , ата-ананың ықпалымен қамқорлық етуіне байланысты рухани дамып отырады.Сәбимен алғаш тіл қатып ,қарым-қатынас жасаудың өзіде оны әр түрлі әсерлерге бөлейді.Балаға неғұрлым көңілді көп аударып,онымен әңгімелесе , айналасындағы заттармен , құбылыстарымен таныстырса , соғұрлым ойларыда дамиды.Бала балабақшадағы білім беру салалары бойынша жасалған ұйымдастыру іс-әрекетіндегі жасаған жұмыстарын жекеде көрген,білгендерін,үйренгендерін ата-аналарына көрсету,айтуға жеткізуге асығады.Тәрбиеші балаға көптеген қызықты заттармен істерді таныстырады.Олар балаға өлең , тақпақтар үйретеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі