400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ата-анамен баланың қарым - қатынасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған тренинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әйтеке би ауданы Еңбекту орта мектебі Калмурзина Балгүл Тұғырқызы психолог



Тақырыбы: Ата-анамен баланың қарым-қатынасы /тренинг/

Мақсаты: Ата-анамен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру

Қажетті құралдар:нақыл сөздер,ақ парақ ,маркер

Тренинг барысы:

Психологиялық бағыт беру/ жайлы әуен ойнап тұрады/

  • Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар. Қош келіп сіздер.

  • Әрбір адам –өмірге келген қонақ . Өмір өте мәнді мағналы ,мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде» адамдардың бір бірімен сыйластыққа болғанына не жетсің?!Олай болса бүгінгі тренингіміздің осы қарым-қатынас жасай білу –үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.

Тренинг өтілу барасындағы ұстанымдармен таныстырып өтейін.

«Қазір және осы жерде»

-Теңдік және ынтымастық

-Топта болған жағдай ,дәл осы жерде қалу керек , сыртқа айтпау

-тренингке қатысушы белсенді болу керек.

-Серіктесіңіздің жеке тұлғасын емес іс- әрекетін сынға алыңыз

пікірлер нақты , қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек.

-Топтың жұмыс тәртібін ,сондай –ақ жаттығулардың орындалуын сақтау қажет.

1. «Ассоцация » ойыны / доп беру арқылы ата-ана жауап беріледі./ «Жанұя», «Бала» сөзіне ассоцияларын айтады.

2. «Қызықты сұрақтар» ойыны

1. Балаңыздың туған күні ?

2.Балаңыздың сынып жетекшісі?

3. Балаңыздың аяқ киім өлшемі?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

6. Баланың сүйікті асы қандай ?

7. Балаңыздың сүйікті түсі?

8.Балаңыздың ренжігенін қалай білесіз?

9. Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады

10.Балаңыздың еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізде ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12. Балаңыздың телефон номері?

13.Балаңыздың ең жақын досы?

14.Балаңыздың сүйікті пәні?

15.Балаңыздың үлгі тұтатын адамы?



1-жаттығу «Бір күн»

Жайлы әуен ойнап тұрады.

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, өзімізді еркін сезінеміз әр күнді қалай өткізетінімізді көз алдымызға елестетеміз /2 секунд/

Көзімізді ашып ,әр күніміз бойынша бір күніңізді қорытып шығарамыз.

2. Талдау

2-жаттығу

Әр сол күндегі әр тапсырмаға қанша уақыт кететінін жазыңыз.

Бірнеше ата-ана бір күнін қалай өткізетінін айтып өтеді.


Талдау Ана-аналармен пікірлесу

  1. Әр күніңізді осылай өткізу сізге ұнай ма?

  2. Әр күніңізді осылай өткізу дұрыс деп ойлайсыз ба?

3-жаттығу «Ойыңды айтуды ұмытпа»

1.Қарым –қатынас дегеніміз не?

Қарым –қатынас ол адамдардың бір –бірімен білім еңбек , жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі ,қарым-қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.

2.Баламызбен үнемі қарым –қатынаста боламыз ба?

  1. Бала үшін қарым-қатынас қажет пе?

  2. Баламен қарым –қатынас қандай болуы керек?

  3. Баламен ата-ана арасындағы қарым –ұатынас ылғи жақсы бола бере ме әлде қарым –қатынаста қиындықтар туа ма? Туса олар не себептен болады.

  4. Баламен ата-ана арасындағы кекілжіңнің жие туына кім кінәлі деп ойлайсыз?

  5. Қарым –қатынасқа үйрену керек пе?

Жақсы қарым –қатынасқа үйрену үшін ең алдымен сабырлық , салиқалық қажет Ол үшін өз эмоцияларыңды тежей білуіміз қажет.

«Эмоция» ойыны шармен.

Үш топқа шар беріп ,үрлеуін сұраймын. бірінші топ шарды үрлеп, аузын байлап , жарады. Екінші топ шарды үрлеп , желін жәймен шығарады.

Қай шардың жарылуын ұнады .

Талдау : Біздің эмоцияларымызда осы шар сияқты ашу ызыңды толық шығарып жібірсең басқа адамдармен қарым –қатынасыңа зиян тиеді. Адамдармен қарым-қатынаста сабырлық қажет.

Баланы жастан бақпасаң

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа бол

Кешкенің өмір босқа тек –дегендей , баланың ыстық суына күймейтін жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Ұлы Абай атамыз 38 –ші қарасөзінде: «Қашан баланың ғылым –білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды. оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады: бірінші жақсы ата-ана , екінші жақсы ұстаз, үшінші жақсы құрбы-құрдас»деген екен.

«Ойынды гүлмен өрнекте» тренигі

Ой жинақтау

Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

/сурет схемамен талдау/


достық

Ата-ана сыйластық Бала

ынтымақты

түсіністік


« Жалпы өмірдің өту мәні» тренинг

Ақ беттің үстіңгі бөлігіне сіздің өміріңіз үшін ең маңызды 3 нәрсе жасыңыз

Ақ бетті қайырыңыз 6 ай өмірім қалды деп есептеңізз, не істер едіңіз, не өзгертер едіңіз.

Ақ бетті қайырыңыз 1 ай өмірім қалды деп есептеңіз , не істер едіңіз не өзгертер едіңіз.

Ата-анаға көз қуаныш

Алдына алған еркесі

Көңілі не көп жұбаныш

Гүлденіп ой –өлкесі деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлден үміт –арманы тек перзент сүю ,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Сондықтанда балаларымызбен үнемі жақсы қарым –қатынаста болайық

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі