ата-анамен жұмыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ата-анамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-анамен жұмыс жоспары хаттамасы баяндамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бабатай негізгі орта мектебі»КММ

2025-2026 оқу жылында « 3» сынып ата-анамен жүргізілетін жұмыс жоспары


Мақсаты:

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіне ата-аналарды жүйелі түрде тарту арқылы білім сапасын арттыру, отбасылық тәрбие мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, баланың жеке дамуына бірлесіп қолдау көрсету.


Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

Нәтижесі

1

Тақырыбы:«Бала тәрбиесінде бірлік қажет»

1.Кіріспе сөз

2.Баяндама: .«Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының бірлігі – табыстың кілті»

3.Ата ана комитет мүшелерін тағайындау

02.09.2025ж

Сынып жетекшісі

Шаимова.Г.А

Хаттама

2

Тақырыбы:«Үшінші сынып – жауапкершілік пен өз бетімен жұмыс кезеңі»

1.Оқу үлгерімі мен тәртібі туралы қысқаша шолу

2.БЖБ/ТЖБ нәтижелері, оқу шапшаңдығы, пәндер бойынша үлгерім

3.Ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлері

Үйде оқуға қолайлы жағдай жасау, күн тәртібін бақылау, тәртіп пен мінез-құлық

4.Сұрақ-жауап. Ашық пікір алмасу

5.Қорытынды сөз

(Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар)

24.11.2025ж

Сынып жетекшісі

Шаимова.Г.А

Хаттама

3

Тақырыбы:«Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – табысты білім негізі»

1. Жиналыстың мақсатымен таныстыру.

2. Оқу-тәрбие жұмысының қысқаша есебі.

3. Үй мен мектеп арасындағы тиімді қарым-қатынастың маңызы.

4. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі. 56. Ашық пікір алмасу, сұрақ-жауап.

12.01.2026ж

Сынып жетекшісі

Шаимова.Г.А

Хаттама

4

Тақырыбы:«Бала жетістігі – бірлескен еңбектің нәтижесі»

1. Тақырыптың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

2. Бала жетістігіне әсер ететін негізгі факторла

3. Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат.

4. Ата-аналармен кері байланыс: ұсыныстар, пікірлер.

18.05.2026ж

Сынып жетекшісі

Шаимова.Г.А

Хаттама











«Бабатай негізгі орта мектебі»КММ

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1

02.09.2025ж.

Қатысқандар: 4

Сынып жетекші:Шаимова.Г.А

Тақырыбы:«Бала тәрбиесінде бірлік қажет»

Күн тәртібінде:

1.Кіріспе сөз

2.Баяндама:

3.«Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының бірлігі – табыстың кілті»

4.Ата ана комитет мүшелерін тағайындау


1. Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі басқосуымыздың басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің өзара бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Демек, бала тәрбиесі – әуелі ата-анаға, одан кейін мектеп пен ұстазға байланысты. Ал осы екеуінің бірлігі мен біртұтастығы ғана жас ұрпақтың дұрыс бағытта дамуына жол ашады.

2. Баяндама. «Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының бірлігі – табыстың кілті»

Балаға дұрыс тәрбие беру – мектеп пен ата-ананың ортақ ісі. Ұстаз қанша жерден жақсы білім берсе де, үйде ата-ана қолдау көрсетпесе, нәтиже толық болмайды. Ал егер ата-ана баласының оқуына, тәртібіне назар аударып, ұстазбен тығыз байланыста болса, онда балаға дұрыс бағыт беріледі.
Бірлік – табыстың кілті. Бала тәрбиесі – ұрпақтың, елдің болашағы.

4.Ата ана комитет мүшелерін тағайындау: Ата-ана комитеттері тағайындалды: Төрайымы: Ақбисенова. Ж, хатшы: Нұржігітова.Г.


Шешімі:

  1. Отбасындағы бала тәрбиесі, қауіпсіздігіне тікелей ата-ананың жауапкершілігіне жүктелсін.

  2. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарға басшылық, бақылау жүргізу сынып жетекшіге жүктелсін.



Хатшы: Нұржігітова.Г















Баяндама

Тақырыбы: «Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының бірлігі – табыстың кілті»

Құрметті ата-аналар, қадірлі әріптестер!

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселенің бірі – жас ұрпақты тәрбиелеу. Бала – ата-ананың ғана емес, елдің ертеңгі болашағы. Сондықтан оның дұрыс тәрбиеленуі – баршамызға ортақ міндет.

1. Бала тәрбиесінде отбасының орны

Бала тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталады. Отбасындағы қарым-қатынас, ата-ананың балаға деген мейірімі, үлгі-өнегесі – оның мінез-құлқы мен болашақтағы бағытын айқындайды.

  • Отбасы – баланың алғашқы ұстазы.

  • Халық даналығы: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді.

  • Баланың жауапкершілігі, әдептілігі, адамгершілігі ең алдымен ата-ананың өз іс-әрекетіне байланысты қалыптасады.

2. Мектептің рөлі

Мектеп – балаға жүйелі білім беріп, қабілетін ашатын, жеке тұлға ретінде қалыптастыратын орта.

  • Мұнда оқушы тек білім ғана емес, қоғамдағы тәртіпті, ұжымдық қарым-қатынасты үйренеді.

  • Мұғалімдер баланың жас ерекшелігіне сай қабілеттерін дамытады, болашағына бағыт береді.

  • «Мектеп – кеме, білім – теңіз» дегендей, бала болашағын мектеп айқындайды.

3. Отбасы мен мектептің бірлігі – табыстың кілті

Бала тәрбиесінде ата-ана мен мектептің байланысы үзілмеуі керек.

  • Егер ата-ана ұстаздың еңбегін қолдап, үйде жалғастырса, балада қызығушылық пен ынта артады.

  • Мектеп тарапынан ата-анамен тығыз байланыс орнату арқылы тәрбие жұмыстары нәтижелі болады.

  • Ата-ана мен мектептің өзара түсіністігі – баланың тәртібін түзеудің, үлгерімін көтерудің, тұлғалық дамуын қалыптастырудың басты тетігі.

Мысалдар:

  • Үйде ата-анасы кітап оқуға уақыт бөлсе, мектепте бала кітап оқуға бейімделеді.

  • Ата-ана баланың күнделікті оқуын қадағаласа, мұғаліммен байланыста болса – балаға жауапкершілік қалыптасады.

  • Керісінше, егер отбасы мен мектеп арасында түсініспеушілік болса, бала екі ортада сенімсіздікке бой алдырады.

4. Ортақ мақсат – ұрпақ тәрбиесі

Ұрпақ тәрбиесінде бірлік – табыстың кілті.

  • Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы арқылы жас ұрпақ елін сүйетін, отансүйгіш, еңбекқор, білімді азамат болып өседі.

  • Бүгінгі бала – ертеңгі ата-ана, ертеңгі маман, елдің тірегі. Сондықтан біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ортақ жауапкершілікті сезінуіміз қажет.

Қорытынды

Құрметті ата-аналар!
Бала тәрбиесі – тек мектептің немесе тек отбасының ғана міндеті емес, ол – ортақ іс. Отбасындағы жылулық пен мектептегі білім мен тәрбие үндескенде ғана біз мықты ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Сондықтан әрқашан ынтымақ пен бірлікте жұмыс жасайық!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі