Материалдар / Ата-анамен жұмыс "Ғажайып шалқан" ортаңғы топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-анамен жұмыс "Ғажайып шалқан" ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ертегіні музыка әуенімен кейіпкерлердің дауыс ырғағын бере отырып, сахналай білуге үйрету.Кейіпкерлердің іс-қимылын қайталап бере білуге машықтау,диологты сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту, сөздік қорларын байыту.Ұжымдаса әрекет ете білуге,достыққа,татулыққа тәрбиелеу.Ата-аналардың қызығушылығын арттыру,тығыз қарым -қатынас орнату,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғажайып шалқан»


Білім беру саласы: Коммуникация

ҰОҚ: Драма

Тақырыбы: Шалқан ертегісі (жаңа бейінде)

Сабақ түрі: Саздық сахналық қойылым (ата-аналарға арналған ашық есік күні)

Мақсаты: Ертегіні музыка әуенімен кейіпкерлердің дауыс ырғағын бере отырып, сахналай білуге үйрету.Кейіпкерлердің іс-қимылын қайталап бере білуге машықтау,диологты сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту, сөздік қорларын байыту.Ұжымдаса әрекет ете білуге,достыққа,татулыққа тәрбиелеу.


Балалар залға музыка әуенімен кіреді

Автор:Сәламатсыздар ма құрметті қонақтар!

Ертегілер әлеміне барғыларыңыз келе ме?

Олай болса Шағын топ бүлдіршіндері сіздерді ертегілер әлеміне шақырады.

Балалар музыка әуенімен сахна сыртына жиналады.

Автор: Ерте-ерте-ертеде кемпір мен шал болыпты.

Шаруалары жайлы,қарапайым өмірлеріне көңілдері толыпты

Олардың көмекші Даша деген немерелері болыпты.

Олардың құлағы салпиған Салпанқұлақ деген күшігі болыпты

(Сахнаға күшік шығып билейді)

Олардың үнемі мияулап жүретін Марғау деген мысығы болыпты

(Мысық шығып билейді)

Осылай барлығы бақытты өмір сүріпті

Сахнадан тышқан сығалап тұрып пи-пи пи-пи-деп дыстайды

Автор: Ой, ұмытып барады екем ғой,олардың тағы жылдам-жылдам жүгіретін кіп-кішкентай тышқандары болыпты.

Болыпты-болыпты-деп несіне отырмын одан да өздеріңіз көріп тамашалаңыздар!


Үйдің ішінің көрінісі пеш,кереует,үстел,отырғыштар

Әже ұйқысынан тұрып,үстел үстіндегі орамалын,алжапқышын алып алдына байлап таңғы ас әзірлеуге кіріседі.

Атай:Әй кемпір шәй бар ма?

Екеуі шәй ішеді.

Атай: әжесі немереміз қайда?

Әжей:Оятпадым ұйықтасын,әлі кішкентай ғой.

Атай:Бақшаның бос қалған жеріне тұқым салу керек еді,әйтпесе кеш қаламыз.

Әжей:Ия-ия «Қыстың қамын жаз ойла»деген ертерек қамданбаса болмас.

Саудагер даусын естіп

Шал мен кемпір сыртқа шығады

Үйдің сыртқы көрінісі,аула,иттің ұясында ит ұйықтап жатады,отырғышта мысық керіліп жатады (кемпір мен шала еркелеп мияу,мияу деп айналып жүреді.)

Саудагер:Амансыздарма мейірімді қариялар,үйлеріңізге бақыт кірсін:

Шал мен кемпір:Өзіңде аман бол,не сатып жүрсің?

Саудагер:Ғажайып тұқымдық дәндер сатып жүрмін,аласыздар ма,алсаңыздар өкінбейсіздер,

Қиярлары қауындай,қызанағы қарбыздай?

Атай:Ғажайып дейсің бе,неге алмасқа,аламыз-аламыз

Даша(немересі):Ата-ата күнбағыстың тұқымын алыңызшы

Әжей:Картоппен,жуа да ал

Саудагер:Атай шалқанның тұқымын аласыз ба,үлкенігі үйдей,дәмі тіл үйіреді

Атай:Ай бала қусың-ау,жәрайды алсам алайын,

(ақшасын алып саудагер шығып кетеді)

Атай:Кемпір сен анау тауықтарға жем,суын беріп таста,мен мына тұқымдарды егіп тастайын-деп күрек,шелегін алып бақшаға кіреді.

Әжей:Даша шәйіңді ішіп аладың ба ,ендеше ауланы сыпырып ала ғой құлыным-деп (ту-ту-ту-ту-ту )тауықтарға жем шашады.(балапандарға келіп жемді шұқып жеп ширманың артына кетеді)

Даша:Ауланы сыпырып жүреді

Атай:Дашажан анау бақшаға су құярсың,күн де қызып барады мен кішкене дем алып алайын

Даша:Жәрайды ата-деп бақшаны суарады

Дашаға құрбылыры келіп ойнауға шақырады)

Қыздар:Даша-Даша ойнауға шығасың ба?

Даша:Қазі қыздар атаммен әжемнен сұранайын,ата-әже құрбыларыммен ойнап келсем бола ма?

Атасы мен әжесі:Жәрайды құлыным ойнай ғой .

Автор:Даша қыздармен ойнауға кетеді де Салпанқұлаққа бақшаны күзетуді тапсырады

Даша: Салпанқұлақ мен келгенше сен бақшаны мұхият күзететін бол,қарғалар шұқып тастамасын,көршінің ешкісі кіріп кетпесін.

Салпанқұлақ:Құп болады,бақшаны мұхият күзетем

Автор:Салпанқұлақ бақшаның күзетіп жатып ұйықтап қалады,осы кезде қарғалар келіп шалқанды шұқып жей бастайды

Бақша қарауылы:Қарауыл-қарауыл жеп жатыр,кыш-кыш тимеңдер атайдың бақшасына-деп жатқанда Салпанқұлақ атып тұрып кім?не?қайда?аф-аф-аф-деп қарғаларды қуып кетеді.

Шал:Бұл не шу,не айқай деп атай үйден жүгіріп шығып шалқанды көріп таң-тамаша болып тұрып қалады.

Ай-да керемет шалқанда пісіп қалыпты,қане мен оны тартып алайын.кемпірім мен немерем бір қуанып қалсын-деп шалқанды тартып тартып шығара алмайды.

Атай:Қой жалғыз өзінің әлім келмейтін сияқты,кемпірді шақырайын екулеп тартып алармыз.

Кемпір-кемпір мұнда кел

Әжей:Әй тағы не болды айқайлап

Атай:Шалқанды тартуға көмектес ,жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр

Әжей:Менсіз ешбір шаруаны тындыра алмайсың,кел көмектессем-көмектесіп жіберейін

Автор:Сөйтіп атай шалқаннан,әжей атайдан ұстап тартып-тартып шалқанды шығара алмайды.

Әжей:Шал-ау біздің бұған әліміз келмейтін сияқты,Дашаны шақырайық

Атай:Даша қызым мұнда кел

Даша: Туһ ата не болды,шаруам менің шаш етектен,қуыршақтарымның киімін жуып жатыр едім,оларды тамақтап,ұқыға жатқызуым керек.

Атай:Дашажан бізге көмектес,шалқанды тартуға әліміз келмей жатыр

Даша:Жәрайды ата,жәрайды әже,келіңдер көмектесейін

Автор:Тартып-тартып,тартып-тартып шалқанды шығара алмайды.

Даша:Ой,ата бұған біздің әліміз келмейтін сияқты,Салпаңқұлақты көмекке шақырайық

Атай:Бұл табылған ақыл екен,Салпаңқұлақ күшігім мұнда кел

Салпанқұлақ:Аф-Аф атай неге шақырдың ,тез-тез айт аф-аф мен анда қарғаларды қуып жүрмін қолым тимейді

Атай: Сен оданда бізге шалқан тартуға көмектес

Салпанқұлақ:Аф-аф әрине көмектем

Бәрі шалқанды тартып-тартып шығара алмайды

Салпаңқұлақ:Аф-аф ата әже біздің әліміз келмейтін сияқты,марғауды көмекке шақырайық бәрібір бос жатыр ғой күнге қыздырынып.

Бәрі:Марғау-марғау мұнда кел

Марғау: Мияу-мияу атай мені неге шақырдыңыз мен тышқан аңдып жатыр едім.

Атай:Кел бізге шалқанды тартуға көмектес

Марғау: мияу жәрайды,тышқан күте тұрар.

Бәрі шалқанды тартып-тартып шығара алмайды

Марғау:Ата-ата тышқанды көмекке шақырсақ қайтеді,күні бойы соны қуамын деп шаршап әлім қалмады.

Атай:Ой,ол батшағардан не пайда,кіп-кішкентай болып ода не күш бар дейсің.

Даша: Жоқ ата ол кішкентай болған мен біз бәріміз біріксек шалқанды міндетті түрде тартып аламыз.

Атай: Жәрайды шақырсақ шақырайық

Тышқан тышқан мұнда кел

Тышқан:пи-пи-пи-пи не болды ата неге шақырдың

Атай: бізге шалқанды тартуға көмектесіп жіберші.

Тышқан:Ой ата мен сіздерге көмектесем,мен жылдаммын ғой,сондықтанда мынау марғау маған жете алмай жүр.

Марғау:Мияу-деп тышқанға бас салады

Тышқын:Ата-ата құтқар мені

Атай: Кәне қойыңдар оданда шалқанды тартуға күш біріктірейік,соңына барып тұр

Тышқан жүгіріп алдына барып тұрады

Бәрі:Соңына

(шалқанды жұлып бәрі жерге құлайды)


Атай:

Ай-да шалқан-деп осыны айт!

Келіңдер-келіңдер!

Шалқанымды көріңдер,

Үлкендігі таудай,дәмі тәтті балдай!


Барлық кейіпкерлер шалқанды ортаға алып шеңбер жасап тұрады


Барлығы: 1-2-3

Жұмылдырып күш,

Досқа көңіл дарханды,

Татулықпен ,бірлікпен

Тартып алдық шалқанды.

Шалқан,атай,әжей ортада барлығы билейді.

Би:"Шалқан " (хороводтық)

Соңы шеңбер ашылып автор ортаға шығады:

Міне осымен «Ғажайып шалқан» ертегісі де аяқталды,көңіл бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен Шағын топтың жас әртістері.

(Ертегі кейіпкерлерін сомдаған балаларды таныстырады)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!