«Науалы орта мектебі»
КММ
Ата-анамен
жұмыс.
Тақырыбы: Отан-
отбасынан
басталады.
Сынып жетекшісі Базарбаева
Р.А.
2017-2018 оқу
жылы.
Ата-анамен
жұмыс.
Тақырыбы: Отан-
отбасынан
басталады.
Өткізу түрі:
тренинг-педагогикалық оқу сабағы.
Мақсаты
– қоғамда
өздерін көрсететін, өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық
Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім
алушы-патриот тәрбиелеуде отбасының ролін
анықтайды.
Кешенді
міндеттері:
- ата-аналардың бала
тәрбиесінде отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерге мән бере
отырып,тәрбиелеу ұстанымына қолдау көрсету;
– Қазақстандық
патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды
ынталандыру.
Күтілетін
нәтиже:
-
Ата-аналар Отанымыздың
кемелденіп өсу жолында отбасында орнаған береке- бірлік, татулықтың
алар орны ерекше екенін түсінеді.
-
Ата-ана мен ұстаздың
ынтымақтастығы арқылы жас ұрпақтың білімді, көзі ашық, көкірегі ояу
болуына қолдау көрсетіледі.
-
.Ата-аналар жиналысқа 100
пайыз қатысады.
-
Ата-аналардың бала тәрбиесіне
қажетті білім-білік дағдылары шыңдалады.
Интербелсенді тәсілдер:
іскерлік ойын, нақты жағдаяттарды талдау, топтық
пікірталастар.
Қолданылатын
құрал-жабдық: проектор, компьютер,флипчарт,
сөзжұмбақтар,бейнежазба, презентация.
Қорлар
көзі: бейнероликтер, жағдаяттар,
сұрақ- жауап
Жұмыстың
барысы:
Жоспары:
-
«Шаттық шеңбері»
сәлемдесу.
-Сәлем- сөздің
анасы.Ал,ендеше, бір-бірімізбен ерекше
амандасайық.
Қолымыздағы гүлдердің түсіне
қарайық.
Ақ гүлдер көршілермен қол
алысайық,
Көк гүлдер көршілермен
құшақтасып амандасайық.
Сары гүлдер қол
бұлғайық,
Қызыл гүлдер барлығымен үш
тілде амандасайық.
2.Құрметті қонақтар, Бүгінгі
2 а сыныбының ата-аналарына арналған тренинг жұмысына қош
келдіңіздер!
Бүгін біз, өз баламыздай
мектеп партасында отырып, бала тәрбиесі жөнінде ой- бөлісіп, білім-
білік дағдыларымызды шыңдаймыз,
3.Ендеше, қолымыздағы гүлдердің
түстеріне байланысты орнымызды табайық.
-Қай топ дайын
екен?
-Бүгін, біз неліктен гүлдерге
байланысты топтар құрдық. Бала мен гүлдің қандай байланысы бар деп
ойлайсыздар.
-ДҰРыс айтасыздар, балаларыңыз
осы гүлдердей жайнап өсуіне тілектеспін.
4.Барлықтарыңызды
экранға назар аударуларыңызды
сұраймын.
Бейнежазба ОТан
ОТАН
4.Бүгінгі
тренинг, яғни педагогикалық
оқу сабағының тақырыбы: Отан отбасынан
басталады.
-Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-
жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады
деп Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев
айтқандай,сабақтың
мақсаты – қоғамда өздерін көрсететін,
өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің
құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот
тәрбиелеуде отбасының ролін анықтайды.
«Отан отбасынан басталады»
деген ата-бабалардан қалған қасиетті сөздің мән- мағынасы өте
тереңде жатыр.Тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ,
әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан.Адамның жеке басының алғашқы
қалыптасуы отбасынан басталады.
5. «Бала бас ұстазы
ата-ана» дегендей қазіргі ата-аналарда заманауи дағдыларды
меңгеріп. Өз баласының жан- жақты дамуына үлесін қосуда, әрине,
оларда сын тұрғысынан ойлана білетін,көшбасшылық қасиеттері
дамыған, қарым- қатынасқа бейімделген, білімді көкірегі ояу азамат
болуы керек.
6. Алдарыңыздағы флипчартқа
5 жолды өлең құрастыруларыңызды сұраймын.
1- топ
Отан
2- топ
Ата-ана
3-топ
Бала
4-топ
Отбасы
«Синквейн жазу» әдісі. «Синквейн» француз
тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан
тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу
тәртібі:
Бірінші
жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің
тақырыбы.
Екінші
жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын
есім.
Үшінші
жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш
етістік.
Төртінші
жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден
құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы
тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы
мүмкін.
Соңғы жол
– бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған
өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше
синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.
7. Бейнежазба Бала тәрбиесі
болжау, ой бөлісу
- Баланың тәрбиесінің негізгі
ұясы – отбасы екендігіне осы роликтан кейін тағы бір көз жеткізуге
болады. Көшеден бұрын жақсы да жаман қасиеттерді бала өз отбасынан
алады. Сондықтан да өнегелі ұрпақ қалдырғыңыз келсе өзіңізді
түзеңіз дегім келеді.
7.Мемлекет басшысы Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің
санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,
олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.
«ХХІ ғасырдағы ұлттық
сана туралы» 1бөлімінде
тұтас
қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше
бағытын атап өтеді.
1.
Бәсекелік қабілет
2.
Прагматизм.
3. Ұлттық
бірегейлікті сақтау
4.
Білімнің салтанат құруы
5.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
6. Сананың
ашықтығы
Аяқталмаған
сөйлем.
Рухани жаңғыру-
..................
8.«Өз Отанының патриоты болу
– бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»
Н.Ә.
Назарбаев
Тапсырма:Адамның
азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның
қасиетін анықтау
Патриотқа тән
қасиет
|
Патриот емес адамның
қасиеті
Болжамды
жауаптар:
• өзі өмір сүріп жатқан қоғамды
құрметтемеу;
• жауапсыздық;
• отбасы алдындағы борыштың
болмауы;
• берекесіздік;
• бағдарсыздық (өз елі туралы
дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе
жасамайды);
• арамтамақтық, жұмыс істегісі
келмеу;
• Отанға деген сүйіспеншіліктің
болмауы.
|
Болжамды
жауаптар:
• жауапкершілік;
• әділеттілік;
• төзімділік;
• адалдық;
• батылдылық;
• шыдамдылық;
• ризашылдық;
• зейінділік.
|
Ән:
Атамекен
Ой-
бөлісу:
-Жақсылықтың үлкен кішісі болмайды.(Өз
аулымыздың азаматтарының Туған жерге
тағзымы)
-Білімдіге жол
ашық.
-Ұстазы жақсының ұстанымы
жақсы.
Отбасы – шағын
мемлекет.
«Бақытты отбасы» күн шұғыласын
құрастыру.
Қорытынды.
Бала тәрбиесі-қызығы мен
қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда нені көрсе,
ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім
алады.
Отбасы -адамзат бесігін
тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана.
Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным
жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі
бар.
«Жас көңіл тың жер
тәрізді,
Не ексең сол шығады, әрі
мол шығады»
деп әйгілі, атақты Ғабиден
Мұстафин айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы және де
тәрбиенің ұясы.
Демек, баланы отбасынан тануға
болады, яғни ата-анасының бір-бірімен және баласымен қарым-
қатынасы қандай екенің өз
көзқарасынды
қалыптастыруға
болады.
8.
«Рефлексия». «Балаға тілек» Балаларыңыздың
бойынан қандай жақсы қасиет көргіңіз келеді? Стикерге
жазыңыз.
- Енді осы қасиеттерді
балаңыздың айналасындағы достарынан көргіңіз келе ме? Егер көргіңіз
келсе онда көрші отырған ата- анаға
ұсыныңыз.
- Балаларыңыз үнемі тек
қана биіктен көрінсін. Келгендеріңізге көп-көп
рахмет!