«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ» КММ
Мерзiм: 6. 12. 2017ж. № 19 Мұғалiм: Абаева Н.Т Сынып: 11 «А» Оқушылар саны:24
Тақырып: Ата-анаң алтын тұғырың. Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік, ізгілік, аянбай қызмет ету.
|
Мақсаты: оқушыларға ата-анаң алтын тұғырың екендігін сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: оқушыларға ізгілік туралы түсінік беру Дамытушылық: оқушылардың бойында жақсы көру және кішіпейілділік қасиеттерін дамыту Тәрбиелік: оқушыларды аянбай қызмет етуге тәрбиелеу |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Материалдар, дерексөздер, үнтаспа, маркер, ватман, бейнебаян, оқулық, үлестірме қағаздар. |
|
Сабақ барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру №18 өткен сабақты талқылау
|
Ескерту |
|
Дәйексөз. Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес. Ғ. Мұстафин .Қазақ халқының әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Дәйексөзді оқушылар хормен үш рет айтады
|
|
|
Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат) Мұғалімнің сыйы Ананың жалғыз хаты
Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды. Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті. Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?» деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?! » - деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып -ақ бөлмеге жеткенше шыдамай көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды. «Не боп қалды екен?» - деп, тағатсыздана конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады. «Балам», – деп бастапты анасы хатын. - Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын ғой, жалпы балаларымның бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзінің де, одан кейінгі бар-жоғының да азабын тартқан әйелдер – нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуым да, осы хатты бастап жазуым да өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тие ме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын. Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынымды айтсам, еңсем түсіп, ет-жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жеттім. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен бас кешіп кеткім де келді. Бес баланы асырап-бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек. Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой. Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей, қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайтты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқаның жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де о дүниеде тыныш жатамын.....» -деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде? Е, е... қарағым өмірді алып жүру де мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа... Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үш бұрышты тіреп тұратын – әйел» деген...... Сол сөз өте орынды айтылған деп ойлаймын.....» . Соңғы сөздерді оқығанда Гүлзейнептің көзінен үлкен жас тамшысы тырс етіп хатқа тамып, бірталай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты.
|
|
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Оқушыларды түрлі-түсті фигуралар арқылы 4 – топқа бөлінеді. Мақал-мәтелдерді жалғастырады. 1-топ: Ата-ананың қарызы, ұрпақтың ........................ 2-топ: Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, Ағайынның қадірін ............................................ 3-топ: Ана алдында құрмет, ата алдында ............ 4-топ: Анаңа ауыр сөз айтпа, Атаңа ауыр.................................................. Бейнебаян көрсету: «Ата-ананың қадірі» |
|
|
Топпен ән айту. «Ата-Әже » әнін айту Әні: Айжігіт Асановтікі Сөзі: Әлібек Темірханов
Қалмасын деп қатардан, ойлайтынын сезем мен, Айналайын атамнан, айналайын әжемнен, Мақтанбаймын бекер мен, өшпейсіңдер санамнан, Айналайын анамнан, айналайын әкемнен, Күн сияқты ашылар, қамқоршылар осылар. Қайырмасы: Ата, әже, мен сіздерді сүйіп өсемін, Ана, әке, силаймын ғой бәріңді, Мен сендерге қарап өсемін. Қанша көрдім дегенмен, көрмегенім көп менің, Қанша білдім дегенмен, білмегенім көп менің, Мен дегенде ештеңе, аямайтын осылар, Таңертең де, кешке де аялайтын осылар, Қалай жаман боламын, мен бақытты баламын. Қайырмасы: Ата, әже, мен сіздерді сүйіп өсемін, Ана, әке, силаймын ғой бәріңді, Мен сендерге қарап өсемін. |
|
|
Үй тапсырмасы. 1. Дәптерде берілген нақыл сөздерді басшылыққа ала отырып эссе жазу. 2. Келесі сабақ; «Менің атым - Қожа» әңгімесін оқу |
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен ойнатылады. Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Өзін-өзі тану» оқулық 11-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
-
«Өзін – өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 11-сынып. «Бөбек»Алматы,2010жыл.
-
«Өзін-өзі тану»оқушының дәптері 11-сынып. «Бөбек».Алматы, 2010жыл
-
Аңыз әңгімелер жинағы 52б.
-
Қазақ мақал-мәтелдері 25бет
-
Назарбаева С.А. Самопознание КZ журналы. 2016жыл шілде 35б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-анаң алтын тұғырың

шағым қалдыра аласыз