400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ата-анаң-алтын тұғырың

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушыларға ата-анаң-алтын тұғырың,яғни ата-ананы сыйлау, құрметтеу, ол оқушының өмірі екендігі туралы мәлімет береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.


Мектеп: «Өрел орта мектебі» КММ

Мерзімі

Сабақтың тақырыбы: Ата-анаң – алтын тұғырың. № 21- сабақ.

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.

Мұғалімі: Татыкова АС

Сынып – 11

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар ата-анасын құрметтеуді, сыйлауды, аялауды ұғынады.

Сабақтың мақсаты: - «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: : - ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету.

- ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

- махаббатқа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. Аналар және әкелер атты топтарға бөлу.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

2. Үй тапсырмасын тексеру: Эссе тексеру

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағадағы құрақ. » деген халық нақылына оқушылардың назарын аударту.

- Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?

- Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласың ба?


Халық нақылы

4. Әңгімелесу (сұхбат) «Менің атым - Қожа» повесінен алынған үзіндіні таныстыру. Оқушылар осы повесті оқи отырып ананың және әкенің адам өмірінде алатын орны жайлы 2- топ сайысқа түседі.

Қорыту

- «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

Б. Соқпақбаев повесі.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ата-анамның мамандық таңдаудағы ролі

Баяу әуен қойылады.

«Ана туралы» клип

Жазира –Жанболат


6. Топпен ән айту. «Әке туралы жыр»

әні: Н. Тілендиев сөзі:М. Шаханов

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем –дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып, мақсатыма аттанамын.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.



7. Үй тапсырмасы. № 1 Т. Айбергеновтың «Перзент жыры» атты өлеңін жаттау



8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі