"Ата-ананың шексіз махаббаты"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ата-ананың шексіз махаббаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-ана мен бала арасында жылы қарым-қатынас орнату,баламен дұрыс тіл табысуға дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-ананың шексіз махаббаты


Қаратал орта мектебінде көктемнің құлпырған күндерінің бірінде «Ата-ананың шексіз махаббаты» деп аталған тренинг сабағы өткізілді. Мұнда 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты ата-ана мен баланың отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау, ата-анамен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, баламен дұрыс тіл табысуға, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру еді.

Іс-шара барысында өзін-өзі тану, музыка, көркем еңбек, жаратылыстану пәндерімен сабақ тиімді ұштастырылды.

Сабаққа аталған сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты, көрермен ретінде 2-4 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары болды. Мектеп ұстаздар арасынан тәуелсіз топқа 2 адам сайланды.


1.Танысу, «Цветущая природа» әуені қосылады

Ата-аналар ортаға шақырылып, шеңберге түрады.Әр ата-ана өз атын , кімге келгенін айтып шығады.Оралған жуан жіпті бір-біріне бере отырып, «Мен баламның өскенде ....... болғанын қалаймын, және сол үшін...........істеймін» деп айтады.

2.Қарым-қатынас шеңбері

Ата-аналар сыртқы шеңберде, балалары ішкі шеңберде, бір-біріне қарама қарсы, сөйлеуге болмайды.

«Цветотерапия » әуені қосылады.

-Бір-бірінің қолын алып сәлемдесу.

-Ата-анасы қолын баласының иығына қойып жымию.

-Көптен көрмеген досыңызды кездестіргендей қуанышыңызды білдіріңіз, «ренжіткен күнім болса кешір мені» деп бір-бірінен кешірім сұрау

-Құшақтасу

Жаттығу соңында төмендегідей психологиялық сұрақтар қойылды: Жаттығудан қандай әсер алдыңыздар? Отбасыңызбен бірге өткізетін осындай сәттердің көп болғанын қалайсыздар ма?

Келесі қадам туылған күні мен айына қарай отбасылық топқа бөлу, топқа ат қою, орындарына отырғызу жұмысы жүргізілді.

3. «Отбасы құндылықтары» бейнеролик көрсетілді, соңында оқушылар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын ата-аналарына сыйлады. «Өзін-өзі тану » сабағында балалардың ата-анасына жазған хаттарын ата-аналарына ұсынып, 6-сынып оқушысы Мақыш Арайлым өз қалауы бойынша анасына арнап жазған хатын оқыды.

4.Топпен ойын. Ойынды сырттан тәуелсіз топ мүшелері қадағалай отыра, жұмыстың орындалуына қарай, өз қағаздарына белгілеп отырды.

- Мозаика ойыны.Әр топқа бірдей қиылған қағаз қиындылары таратылады, суретін сәйкестендіре отырып, мозаика құрастырып таза қағазға желімдеу керек . Суретке ат қою және жұмысты орындаған топтың атын жазу керек еді. Бекишевалар отбасы өз суретін «Бала бақыты», Саматовалар «Сыйлық», Дауылбаевалар «Баланың анасына деген махаббаты», Әлібековалар «Бақытты ана» деген тақырыптар қойып, отбасылық топтар жақсы жұмыс жасады.

-«Жаныма жайлы жылы сөз» ойыны. Қағазды екі бүктеп ата-анасы баласын еркелетіп айтатын сөзді қағаздың бір бөлігіне жазады да соңынан екінші бөлігіне баласы ата-анасынан жиі еститін жылы сөздерді тізіп жазады. Нәтижесінде Шытырымбекалар, Аманжоловтрадың топтарында 6 сөздің 4-еуі сәйкес келді. Бұл отбасындағы ана мен баланың арасында тығыз қарым-қатынастың бар екенінің дәлелі.

-Отбасы символын салу. Ақ қағазға акварель краскасымен бала мен ата-анасы ақылдаса отырып саусақ арқылы сурет салады. Ойын соңында Макишевалар, Саматовталардың суреттері асқан шеберлікпен орындалғанын барлығы мойындап бір ауыздан келісті.

-«Сүйікті әніміз» ойыны барысында отбасы мерекелерінде, өз ортасында жиі орындалатын сүйікті әнді қосылып айту тапсырылды. Әрқайсысы өзіне тән дауыстарымен, әсем әнді нақышына келтіріп орындады. Ерекше көзге түскен жұптардың орындауында жылы қарым-қатынастың белгілері бірден байқалып тұрды.

5. Караоке-ойыны . Жұптасып «Анашым, анажаным», «Ана-әке» , «Песенка мамонтенка», «Родительский дом» өлеңдері орындалды.

6.Марапаттау. Тәуелсіз топ мүшелері шешімі бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыУ.С.Габдулина әрбір отбасылық жұптарды жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес номинациялар бойынша мақтау қағаздарынтабыстады. Өзінің белсендігімен көремендердің ерекше назарына түскен Базарке Уәлихан «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

7. Рефлексия.Таратылған смайликтерге «Тілек ағаштарына» жапсыру арқылы өтілген іс-шараға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Ата-аналар атынан Макишева Гүлсінай мерекелік сабақты ұйымдастырған мұғалім мен оқушыларға жылы лебізін білдіріп, рақметін айтты.

8. Сыныптан тыс жұмыстың соңында «Тілек шамы» жаттығуы жасалып, оқушылардың көңілді биі орындалды.

«Бүгінгі тренинг-сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет. Осы жұмысымызды әрі қарай жалғастыра берейік, балаға білім беретін ұстаздар болса, негізгі бағыт-бағдар жасайтын ол –ата-ана. Біз сіздермен әрдайым бірігіп жұмыс атқарайық, себебі бүгінгі бала- ертеңгі еліміздің үлкен АЗАМАТТАРЫ» -деп мектеп психологы іс-шараны аяқтады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2020
601
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі