400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат" (ата-аналармен сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық сыныбы мұғалімдеріне арналған сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Ибраев атындағы негізгі орта мектеп» КММ-сі



«Ата-баба дәстүрі -ұрпаққа аманат»

(ата-аналармен сайыс)









2019-2020 оқу жылы



«Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» сайысы
(ата-аналармен )
Мақсаты:
Балаларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке , халқымыздың салт–дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге үйрету әр ата-ананың басты міндеті екенін сезіндіру.

Көрнекілігі: би-шешендердің нақыл сөздері, қоржын, асықтар, интерактивті тақта, сұрақ ұяшықтары.

Сайыстың өтілу жоспары:
І. Ұйымдастыру
Ата-аналарды 2 топқа абай әндерінің шумақтары арқылы болу
Әділ- қазылар алқасын сайлау.
ІІ.Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1. «Салт-дәстүрді білесіз бе?»
2. «Атадан қалған асыл сөз»
3. «Сандар сыры»
4. «Мақал- сөздің мәйегі »
ІІІ.Сайысты қорытындылау. Марапаттау.

Сайыстың өтілу барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, білім алушылар, көрермендер!
“Өткендi бiлмей, келешектi бiлу мүмкiн емес. Бұрынғының парқын бiлгендер ғана, бүгiнгiнiң парқын ұғады”,- деген болатын Ғабит Мүсiрепов ағамыз.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар көрермендер!
Ұлттық тәрбие – кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Тәрбие тамыры – халық қазынасында,- дегендей, бүгін екі топ арасында өткелі отырған «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат!» атты сайыс- кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Енді сайысымызды бастамас бұрын, топтарымызға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтелік. (Әділқазыларды таныстыру).

Жүргізуші:
Амандасу салтымыз,
Есенбісіз жалпыңыз.
Бағалыны артына,
Қалдырған-ды халқымыз- дей отырып, «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа
аманат!» атты сайымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымыз мына парақтардағы әндер шумағын құрастырады және сол парақша артында топ атауы шығады..
1-топ «Мұрагер», топ басшысы:
2-топ «Мирас», топ басшысы :

Сайыс кезеңдері:
1- кезең «Салт-дәстүрді білесіз бе?»- бұл бөлімде сіздер ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап бересіздер.Үйден дайындап келген салт-дәстүр түрін корсетесіздер
2- кезең «Атадан қалған асыл сөз»- бұл кезеңде би-шешендердің ақындардың сөздері оқылып, авторын табу сұралады.
3- кезең «Сандар сыры» киелі сандарға байланысты тапсырмалар беріледі.
4- кезең «Мақал- сөздің мәйегі» - бұл кезеңде ұсынылған мақалдың алдыңғы бөлігі бойынша, көрсетілген уақыт аралығында мақалдың екінші бөлігін жалғасын тауып, мәнін түсіндіру қажет.


Мәнге толы қазағымның тірлігі,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті мен ғұрыпы- дей келе, сайымыздың

1-кезеңі«Салт-дәстүрді білесіз бе?» деп аталады.

Әр топ басшысы тақтада берілген ұяшықтардан белгілі бір санды таңдайды. Әр санның артында сұрақтар жасырылған.(Қоржын суреттері)
(Дұрыс жауап- 3 ұпай, жартылай жауап- 1 ұпай) :
1. Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.

2. Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

3. Батаның қандай түрлерін білесіз?
(Наурыз бата, жас отауға арналған бата, ас қайыру батасы т.б.)

4. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
5. Мүшел жасты атаңыз.
(ер жете бастау, жігіттік шақ, ақыл тоқтату, орта жас, қарттық, кәрілік, қалжырау, шөпшек сүю, немене сүю)
6. . Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді
7. Қазақ елінде ертеден келе жатқан мейрамдарды атаңыз?
(ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, соғым басы, сабан той т.б.)


Жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар,- дегендей кезек «Қазақы дәстүрлер» әніне беріледі.
Орындайтын:Ақниет

Жүргізуші:
Қырдан ескен самалы,
Салтымыз бар бағалы.
Ақ қағазға аталар,
Шешен сөздер жазады, -дегендей сайысымыздың
2- кезеңі «Атадан қалған асыл сөз» деп аталады.
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сандықшадан сұрақтар аламыз
Тапсырмалар:
1. Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өскеніңді өшерсің.
Жауабы: (Қазыбек би)

2. Абайдың неше өлеңі,неше қара сөзі
3. Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ...
Жауабы: (Әйтеке би)
4. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші- жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы ...
Жауабы: (Төле би)
5. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, онан басқа нәрселермен оздым ғой деген нәрселердің бәрі - ақымақшылдық.
Жауабы: (Абайдың 18 қара сөзі)
6. Абай Құнанбаев қай жылы ,қай жерде дүниеге келген? 1845ж Семей обл Шыңғыстау өңірінде
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сайысымыздың

3-кезеңі «Сандар сыры» деп аталады. Бұл сайыста әр топ қоржыннан асықтарды алып, берілген сандардың нөмірі бойынша тапсырмаларды таңдайсыздар Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады. Әр топқа 2 сұрақтан қойылады. (Дұрыс жауап- 5 ұпай, жартылай жауап 2 ұпай) :

Тапсырмалар: « 3 » санына байланысты
Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/
Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/
Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/
Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/

« 4 » санына байланысты
Төрт тұлға /от, су, жер, жел/
Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/
Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/
Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/
Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/

«5 » санына байланысты
Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/
Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/
Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/
Бес өсиет /Топасқа сенбе, Жауға иілме, Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба, Жарлыдан сый алма/
«7 » санына байланысты
Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/
Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/
Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/
Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/

Жүргізуші:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Сайысымыздың 4-кезеңі «Мақал- сөздің мәйегі».
Бала тәрбиесі тақырыбына байланысты мақал-мәтелдердің бірінші жартысы слайд арқылы интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады, екінші топ тез жалғасын тауып айтып, мәнін түсіндіру қажет. (Дұрыс жауап- 3 ұпай, жартылай жауап -1 ұпай) :
1. Айла алтау,
... Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса,
... Алдырмайтын екеу.
2. Ұлтарақтай болса да
... Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
... Туып өскен ел қымбат.
3. Жақсыны арман оздырар,
... Жаманды құлқын тоздырар.
4. Түпкі айылдын батқанын
... Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін
... Ағайын білмес, жат білер.
5. Жақсының жақсылығын айт,
... Мейірі тасысын,
Жаманның жамандығын айт,
... Құты қашсын.
7. Ата-ананың сөзі-

Айдын жолдың көзі

Ақылдының сөзі

Ақ дарияның өзі
8. Ат жақсысын мақта

Адам жақсысын жақта
9. Балаға өз тіліңмен сөйлеме,өз тілімен сөйле

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- дегендей құрметті көрермендер әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша, сіздерді балалардың жаттаған абай олеңдерін тыңдайық.

Жүргізуші:
Бүгінгі бұл сайыста
Кімдер білгір, кім ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін айтар қазылар,
Өздеріңізге сөз бердік
Әділ қазылар сайысты қорытындылап, топтарды марапаттайды.

Жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
Кездескенше сау-саламатта болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 сәуір
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі