400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-баба өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға бауырмалдық және кеңпейілділік халқымыздың ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін меңгеру негізінде балалардың қазақ ұлттық ою –өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған сабақ

Сыныбы: 4

Қатысқаны: 16

Тақырыбы: «Ата – баба өнері»

Мақсаты: Оқушыларға бауырмалдық және кеңпейілділік халқымыздың ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін меңгеру негізінде балалардың қазақ ұлттық ою –өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету.

Міндеттері:

-ата-баба өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;

-қазақ халқының ою- өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: түсті қағаз, сөзжұмбақ, плакаттар, слайд, қайшы

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Тыныштық сәт

  2. Сиқырлы қаламдар

  3. Шебер қол ештеңені таңдамайды

  4. Ойлан тап «Сөз жұмбақ»

  5. Логикалық сұрақтар

  6. Қорытынды

  7. Соңғы тыныштық сәті



Тыныштық сәт

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2. Сиқырлы қаламдар

Шарты: Әр балаға бір ақ парақ беріледі, онда ою-өрнектің суретін салып бояймыз.

3. Шебер қол ештеңені таңдамайды

Шарты: Түрлі-түсті қағазбен плакат беріледі, ою- өрнектің суретін қырқып жабыстырылады.

4.Ойлан тап «Сөз жұмбақ»

Шарты: Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде «Шеберлік» сөзі шығады.

  1. Сүт тағамы. (ірімшік)

  2. Киіз төсеніш. (текемет)

  3. Шаңырақ көтеретін құрал. (бақан)

  4. Киіз үйдің қабырғасы. (кереге)

  5. Киіз үйдің төбесі. (шаңырақ)

  6. Уыққа жабылатын киіз. (туырлық)

  7. Ұлттық киім (ішік)

  8. Қыз баланың ұлттық бас киімі (сәукеле)

Дәйек сөз

‘’Еңбек- өнер өрісі.

Өнер- өмір жемісі’’

Халық мақалы

Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру. Бәріне хормен айтқызу.

5.Логикалық сұрақтар

1топ. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе 5 жұмыртқаны қайнатуға қанша уақыт керек?

(Жауабы 3минут)

2топ .Төртеуі 4сағат шахмат ойынын ойнайды. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнайды?

(Жауабы 4сағат)



3топ. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг , бір аяғымен тұрған адамның салмағы қанша кг?

(Жауабы 50кг)

4топ. Бөлмеде 4мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?

(Жауабы 4)

6.Қорытынды:

Ата-бабаларымыздың ою-өрнекті тек қана әсемдік үшін жасамайтынын білдік. Ою мазмұнына үңілсек өмір сырын, тарихын оқи алатынымызды түсіндік. Қазақ халқының барлық бұйымдарына салынатын дөңгелек өрнегі ‘’Күн’’, ‘’Шыққан күн’’ деп аталып, адамдарға тек қана жарық күн ашық аспан тілеген армандарынан туған.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрып, кезегімен бір-біріне жылы лебіздер айтады. ‘’Өнер’’ туралы өлең оқиды.

Өнер

Домбырам күмберлеп, Кестеде тігемін.

Күй шерте аламын. Актерше рөлде

Бұрала би билеп, Ойнайда білемін.

Сурет те саламын. Жалықпай талай күн

Ұқсатып кілемге Жасаймын мүсін де .......





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі