400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-баба өнері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Шұғыла» ЖОМ

Тақырып: Ата-баба өнері

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу Мұғалiм: Арипова У Сынып: 4 Оқушылар саны:_____

Сабақтыңмақсаты:«Өнер» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;

  • қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу;



Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


Ресурстар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. А.Естеновтің «Ардақты ата-бабалар» өлеңін жаттау.

2. С.Медеубекұлының «Ою хан мен Жою хан» ертегісін оқу.

Сабақ барысын талқылау:


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Өсиет әңгіме» аңыз

  • Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?

  • Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды?



  1. Дәйек сөз.

«Еңбек өнер өрісі,

Өнер өмір жемісі»

Халық мақалы


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Суреттерге қарап, өздеріңе ұнаған өнер түрлерін дәптерлеріне бейнелеңдер.(32-33 бет)



  1. Топпен ән айту.

С.Қалиевтің «Өнер» өлеңін мәнерлеп оқу.



  1. Үй тапсырмасы.

Д.Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін жаттау.


  1. Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі