Материалдар / Ата бабам аңсаған тəуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата бабам аңсаған тəуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəуелсіздік арманы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
401
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Тәуелсіздік -қазақтың сан ғасырлық арманы" тәрбие сағаты

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “ Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы “ атты кешімізді ашық деп бастаймыз.

     Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

   2-жүргізуші:

   Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

   1-жүргізуші:

   Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хонтайшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бөлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауындағы Алакөл деген жерде болды. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.

   "Елім - ай" әні орындалады / көрініс/.

  Оқушы: Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімнен қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?

  Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады?Қу құдай, жаратқан ием, қолдай көр!Не жаздым бұл өмірде,не жаздым соншама?Найзаның ұшында , қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!

  2-жүргізуші.

1730 жыл.Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға –Аңырақай шайқасы.Бұл шайқас көктемде Балқаш көлінің оңтүстік –батыс жағалауындағы Алакөл деген жерде болды.Шайқаста кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті.Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.

1-жүгізуші.   Қаншама азапқа түсіп, қуғын – сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

1836 жыл.Бөкей хандығында аса ірі халық – азаттық көтерілістердің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Халық көтерілісін елге белгілі батырлар И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарып, 200-ден артық сарбаздармен жасақталды.

1837-1847жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ірі ұлт – азаттық көтеріліс. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, басқарушы ретінде 20 мың сарбаздан тұратын жасақ құрды.

 Оқушы: (Махамбеттің өлеңінен үзінді:)

                Мен, мен едім, мен едім,

                Мен Нарында жүргенде,

                Еңіреп жүрген ер едім.

                Исатайдың барында,

                Екі тарлан бөрі едім,

                Қай қазақтан кем едім?

                Бір қазақпен тең едім.

                Өздеріңдей хандардың,

                Қарны жуан билердің,

                Атаңдай даусын ақыртып,

                Лауазымын көкке шақыртып,

                Басын кессем деп едім.

                Еділдің бойы ен тоғай,

                Ел қондырсам деп едім.

                Жағалай жатқан сол елге,

                Мал толтырсам деп едім.

2 - жүргізуші:

   Патшаны тақтан құлатып, бірімен – бірін қырылыстырып, аяғында жаңа қоғам орнатқан Қызыл Империяның зобалаңы қазақ халқына да тиді. Болашақтан үміт күтіп, сенген қарапайым халық кеңес үкіметінің отаршылдық құрсауына шырмалып, жазықсыз жапа шегіп, адал ұл – қыздарынан айырылды.

1916 жыл. Ұлт – азаттық көтеріліс кезінде 3 мың қазақ құрбан болды.Бұл қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай облысында болды.Көтерілісшілер жасағын құрған сарбаз-Амангелді Иманов.

. Егер қазақтың мал – мүліктерін конфискелеп талан – таражыға салмағанда 2 миллонға жуық бауырларымыз аштан қырылмас еді, туған жерін тастап, жер бетіне тарыдай шашырамас еді.                                  

1931-1933ж .Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 қырылды .Ашаршылықтан 6,2 млн халықтың 2,1 млн опат болды.  1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.

Көрініс.

Кім жіберді аштық деген пәлені?

Кім жауапты? Білгім келер соны мен.

Түйе мініп, атпен шапқан жан еді,

Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен.

Түгін  қоймай сыпырды ғой қастықпен,

Болады екен осындайда сұм айла.

Бүкіл жұртты қырып- жою аштықпен,

Керек пе еді Аллаға, әлде құдайға?

Аштық жайын еске алудың өзі мұң,

Шаншу сұрақ мазалайды неліктен

Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің,

Жер бетінде жүре алмайсың өліктен.

1- жүргізуші:

1937-1938 жылдардағы сталинизм репрессиясын ойласаң жаның түршігеді, халықтың қамын ойлаған зиялы азаматтарымыз бір түнде репрессия құрбандарына айналғандар қаншама?

1937-1938ж Лаңкестік жаппай сипат алды.Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығай туға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар: С.Сейфуллин, Б.Майлин, А.Байтұрсынов.101 мың қакзақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті,  27 мыңнан астамы атылды.

1 оқушы

Ойсыраған  орның  толмаса да,

Күтті сені қанша жыл-Ел босаға.

Амал нешік?!

Дәстүрден тайды  халқым,

Аққуларды атуға болмаса да!

Әлде кімге білгің жақпады ма?

Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?

Отызға жасы жеткен ағаларды,

Ақ-құрасын айырмай атқаны ма?

2 оқушы

Қанатымды самғатып  қақтырмады,

Жан отымды лаулатып  жзақтырмады.

Керек болған халқыма арыстарды,

Көзден  қайып қылды да таптырмады!

Жұт кетпейді айналып аймағынан ,

Көңілге дақ орынды  ойға күмән.

Сүттей таза халқымды іркіт қылып,

Алдымен айырды  қаймағымнан.

1-жүргізуші:

Сталиндік репресия мен голощекиндік  геноцид  құрбандықтарына  ұшыраған  халқымыздың  ұл-қыздары  Отан соғысы жылдары  неміс фашист  басқыншылықтарына қарсы  Рнсеймен бірге  соғысуға мәжбүр болды. Олар:  Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Мәншүк Мәметова,  Әлия Молдағұлова, Төлеген  Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев,  Қасым Қайсенов,  сынды азаматтарымыз  жан аямай  шайқасты.

ҰОС-ы  жылдарынан көрініс.    

Бір  топ  жастар  музыка ырғағымен  мектеп бітіру кешінде вальс билеп  жүреді.

2-жүргізуші. Радиодан...  Тыңдаңыздар, тыңданыздар!

Фашистік  Гермения  таңғы  сағат 4-те 22 маусымда опасыздықпен  тұтқиалдан  Кеңес елінің  шекарасына  баса-көктеп кіреді.

Көрініс:  "Әскери  комиссариат".

1-бала:  

Дәм тұзын ақтап елімнің,

Сайлайын ойран мен  жауға.

Бірімін мен де еріңнің,

Мені жібер майданға.

2-бала:

Мазамды алдың десең де,

Арызымды  тыңда военком.

Отыру ұят  кеңседе,

Аттандыр  мені майданға!

3-бала:

Олай болса ойлаңыз,

Жібергейсіз мені де.

Құз деп мені кемітіп,

Типыл етіп мені де.

Қырып кетсе  жау егер,

Өмірдің онда сәні не?

4-бала:

Жібер жолдас военком,

Емеспін сияр көшеге.

Бұл жүрісім бойға мін,

Ұрпақ етер кешер ме?

Сапқа тұрады.

"Священная война" музыкасы ойнады.

1-жүргізуші:

 Соғыс-қиратушы күш. Барды жоқ ететін  қасірет  соғыста 70млн. адам құрбан болса , 27 млн. Кеңес одағынан , ал 350 мыңнан  астамы қазақ еді.  Соғыстан  кейінгі жылдар халқымыздың  басына төнген қасірет тың  және тыңайған  жерлерді игеріу  саясаты еді.

 Кең байтақ даламыздың  жерін аяусыз  жыртуға  келген  келімсектердің  әсерінен  мал жайылымдары жойылды,  жер-су  аттары өзгертілді, ұлттық білім, тәрбие мекемелер қысқартылды. Бұл- тың игеру отарлау саясатымен бірге Қазақстанды жаппай “орыстандыру” саясатының басты мақсаты еді, ешқандай да ұлтпен санаспаған тоталитарлық жүйені қалыптастырды.

 

1-оқушы: Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,

Ағайыннан алыс кетті арамыз.

Үш миллион аштан өлген бабамыз,

Қалғанымыз қайда кетіп барамыз.

Шұбарала болып кеткен тілдерің,

Айтатұғын келді бүгін күндерің,

Тілің кетсе, күнің қоса кетерін,

Қайран елім, қалай ғана білмедің.

2 – жүргізуші:

Халқымыздың қонақжай, қарапайымдылығын білген  «келімсектер» Мәскеудің күшімен халқымыздың тағдырыншешуді өз қолдарына алды.Нәтижеде, Қазақстан уланған экологиялық апат аймағына айналды, шаңырағымыздың төбесінде атом қаруы ашық сыналды, қасиетті Арал теңізі құмға айналды.

 «Заман-ай » әні

1 - Оқушы

 Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,

Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға.

Кімге керек жал мен жая жегенің,

Бауырларың қыл тамақ боп жатқанда.

Бауырларым, жанымыз бір кемеде,

Уық сынып, қирап жатты кереге.

Өз дауысын көтермесе өз елім,

Өзгелерге Абай, Семей немене!

2-оқушы

Оқымаған биікте тұр бабамыз,

Оқыдық қой неге саяз санамыз.

Асқынды ғой, асқынды ғой жарамыз,

Ей, бауырлар қайда кетіп барамыз?

Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар,

Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.

Бір қазақты үшке бөліп бөлінбей

Қайран елім, бірлігіңді сақтаңдар!

2-жүргізуші Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қанды ызғары бүкіл одақ көлемін шарпып, Грузияда, Прибалтикады, Ресейдегіоқиғалардың тұтануына тарихи әсерін тигізді.Қызыл империяның ошағы болған КСРО –ның ыдырауына әкеп соқты.

1-жүргізуші.1986 жылдың 16 желтоқсанында Республика орталық комитетінің 5 пленумы болды.Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр бойы басқарып келеген Дінмұхамет Ахмет ұлы Қонаевтың орнына Г.В.Колбин сайланды.

Сахналық көрініс.

1-жүргізуші

.Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жай қаратты.

Түрменің ішкі көрінісі.Қайрат өлең жазып отыр.

 

Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын, інішегім,құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға , құлыным.

Тергеуші .Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың ба?(хатты жұлып алады)

-Рысқұлбеков , ақтық сөзіңді айт!

-Савицкийді өлтірдің бе?

-Жоқ, өлтіргем жоқ.

-Мойында, мойындасаң  жаза жеңілдейді.

-Жоқ.Мен өлтіргем жоқ!Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.

Қайраттың ақтық сөзі:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

«Еркек тоқты-құрбандық»

Атам десең, атыңдар!

 

2-жүргізуші.  «Желтоқсан желі» әні

Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат?

Ауа жетпей атып шыққан алаңға,

Қылқындырған қиянатқа көнбеді ол,

Тапталғысы келмеді ол табанға.

Әсте естеншығармайды жыр мұны,

Айтады ылғи домбыраның күмбірі.

Аты аталса күрсіндірер жылатып,

Желтоқсандық күрсіндірер жылатып.

Желтоқсандық азамат пен құрбаны.

Жатыр бүгін мойынқұмның баурында

Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.

 

1-жүргізуші.

Бей уақытта бойға таққан тұмары,

Тәуелсіздік ! Түнектерде тұншығып.

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Мен айғақпын, ұстамын ертегіге,

Тәуелсіздік жылнамасы

1991 жыл. 16 желтоқсан.Бұл күн –біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы  Ата заңы қабылданды.

1992 жыл.Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды.Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.

1993жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясықабылданды.15 қараша .Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.

1994 жыл.Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.

1995 жыл.30 тамыз.Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.

1996 жыл.Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды.

1998 жыл.Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Ел астанасы Ақмолаға көшірілді.

1999 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000жыл . Мәдениетті қолдау жылы.Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

2001 жыл.Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. Қазақстандағы Ресей жылы.

2002 жыл.Денсаулық жылы.

2003-2005 жылдар.Ауыл жылдары.

2006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл.Желтоқсанға 20 жыл.7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

2007 жыл.Қазақ тілін қолдау жылы.

2008жыл.Халық санағы болды.Астанаға 10 жыл.

2009 жыл.Қазақстанның Украинадағы жылы.

2010 жыл.Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті.

2011 жыл.7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті.

3 сәуір кезектен тыс Президенттік сайлау.Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

2012ж Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылды. 


ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР:



16 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанға 21 жыл.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!