Тақырыбы: «Ата жолы-ақ бата»
Мақсаты: Балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту
1.Білімділік:1-қазан қарттар күніне түсінік беру.
2.Дамытушылық:өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден тәрбие алуға үйрену.
3.Тәрбиелік:балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:нақыл сөздер,слайд,атрибуттар.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
-Балалар әуен залына қолдарына жүрекшелерімен кіріп (әуен ырғағымен) ортаны айнала билеп екі қатарға тұрады.Әуенге қосыла жүрекшелерді ұзыннан бир көрініс бере ырғақпен қимыл жасайды.Әуен аяқталғаннан соң балалар хормен:
Есеніз бе,қазыналы қарттарым,
Бабалардың бойға жиған салттарын.
Өзіңіздей ұлағатты болуға,
Өсиетіңді жүрегімде сақтармын,деп жүрекшелерін жоғары көтере жерге аяқтарын бүге бастарын иеді.
Тәрбинші:
Армысыз ауылымның асылдары,
Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!
Міне, құрмет теңеуіне лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Ата жолы ақ бата» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сөз кезегін балабақша меңгерушісі:Райхан Жайлханқызына береміз!
Хор: «Әжемнің шәйі»
Жарайсыңдар балалар,орындарыңа жайғасыңдар!
Балалар бүгін атап отырған тәрбие сағатымыз қарттар күніне арналмақ
Олай болса мен сендере жұмбақ жасырайын
Жұмбақ:
1.Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған.
Ол кім? (Ата)
2.Аймалайды "Күнім" деп,
Мейірімді жүзі кулімдеп.
"Тәтті-ақ" дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (Әже)
Жарайсыңдар,балалар,дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? (қарттар дейміз)
Дұрыс айтасыңдар,балалар.Ақылды қария-ағып жатқан дария" деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса,біз соның жапырағымыз. Адам өміріндегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық, мейірімділіқ, түсіністік, сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта біліуміз керек. Ал енді осы атамызбен әжемізге сендер кім боласыңдар? (немере)
Олай болса немерелеріңіздің
өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!
Аршат
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
Досымжан
Атамыз-біздің панамыз,
Атамыз-біздің данамыз.
Атадан ақыл аламыз,
Атадай адам боламыз.
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Жамандықтан сақтандырып.
Жүрген алтын ақ әжемді.
Жүрсем деймін шаттандырып.
Бекжан
Нағашы әжем анамның анасы,
Жиендердің ақылшысы санасы.
Қонақ болып бара қалсаң үйіне,
Бәйек болып қарсы алатын нағашы.
Бексұлтан
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Алихан
Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе, қоюлап.
Айда
Жанымда, өзің бар да,
Қуаныш сезем,
Жетелеп, жүрсің алға,
Аяулы әжем.
Нұржігіт
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы
әжем.
Ақдаулет
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл
әжем.
Жанель
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман — есен жүр әжем.
Нұрислам
Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!
Дінмұхаммедтемір
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
Инабат
Туған жерді сүйеміз,
Тау менен өзенін.
Алдында бас иеміз,
Ата менен әженің!
Тәрбинші:
Қысылып еш
саспаңдар
Кәнеки би
бастаңдар
Ата - әжелердің
көңілін.
Бір көтеріп
тастаңдар.
Топ
қыздарымызды: «Кесе » биімен ортаға
шақырамыз.
Жарайсыңдар ботақандар! Ал,енді сендерге сабақ болатындай мына бір көрініске назар аударайықшы...
Көрініс: Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Атасы ас ішіп отырғанда тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына былай дейді: туу ата ыдысты тағыда сындырып алдыныз ба?Тамақты ағаш табақпен береді. Бір күні атасының немересі ағаш жоныпты.
Ата-анасы :
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
— Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш
табақ жасап отырмын, — депті баласы. Өйткені сендер де атам сияқты
ыдысты сындырып аласыңдар.Өз ісіне ұялған анасы күнасын
түсінеді.
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе?
Сұрақ жауап: Балалар көріністен не ой түйдіңдер, анасының жасаған қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Үлкен кісілерге біз нестеуіміз керек екен?
Балалар жауабы:
Олай болса үлкендерге құрметпен қарап қамқорлық таныта білуіміз керек екен балалар!
Тәрбиеші:
Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек, ақ ата-ау?!
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
дей келе ортада топ балаларымыздың : «Менің атам » әнін тарту етеміз! Аталар сіздерге арналады.
Тәрбиеші:
«Тәрбие тал - бесіктен»
дегендей жас ұрпақты
үлкендерді құрметтеуге баулыған игі жұмысымыз нәтижиелі
болғай!
Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Алатаудай кейпі биік қашанда,
Таң сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,
Бір биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).
Бүгінгі «Ата жолы ақ бата» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.
Қарттардың алдында әрқашан да бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!Адам ұрпағымен мың жасайды,көрер қуаныштарыңыз таусылмасын.
Ата-әжелер алтын уақыттарынызды бөліп,балаларымызға ақ баталарыңызды беріп қуанышымызды бөлісіп жатқандарыңызға көп-көп рахмет айта отырып,тойдан тобықтай дегендей аз-мәз сыйымызды қабыл алыңыздар!

Естелік суреттер

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ата жолы-ақ бата»

шағым қалдыра аласыз