Сабақтың
тақырыбы:
«ТАРИХ көшбасшысы»
Мақсаты:Гуманитарлық
пәндер апталығына байланысты, 7-сыныптар
арасында тарих пәнінен танымдық-интеллектуалдық
сайысы.
Сыныптар:
7Ә,7Ә1
Сабақтың
түрі;
Интеллектуалдық сайыс сабақ.
Типі:
« Атажұрт» интеллектуалдық тарихи
танымдық ойын.
Көрнекілік
құралдары;
слайд, үлестірме қағаздар,хандар
суреттері
Пәнаралық
байланыс:
әдебиет, география
Күтілетін
нәтиже:
а)
Қазақ елінің тарихын терең білу;
ә)
Тарихи тұлғаларды үлгі тұту;
б)Қазақстанның
дамуына өз үлесін қосу;
в)
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
туралы білім мен түсінік қалыптастыру;
г)
Алған білімдерін сараптай, талдай,
отырып және болашақты бағдарлай алады;
Жоспары:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Өткел
кезеңі. Топ басшыларының сайысы.2 минут
ішінде 10 сұраққа жауап береді;
«Білімділер
сайысы» Ұпайы көп топ бастайды.
(пікір-сайыс)
«Ақпарат»
кезеңі
Жүргізуші
сөзі: Сәлемдесу топтармен таныстыру;
Әділқазылар
алқасымен таныстыру;
Ойынды
бастау;
Қортындылау.
Әділқазылар алқасына сөз беру;
Мұғалімнің
қортынды сөз;
Мұғалім
сөзі..
Отан ,туған жер, атамекен,елім , деген
жүрек тебірентіп сезімді оятатын ,
қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы
шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық
борышы. Гуманитарлық пәндер апталығы
аясында ұйымдастырылған 7 Ә,
7Ә
сыныптарының
арасында өтетін «Тарих
Көшбасшысы» атты
интеллектуалды тарихи танымдық ойынын
бастауға рұқсат етіңіздер.
1-оқушы
Сан
ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған
жердің шежіресі өседі
Менің
елім Қазақстан Отаным,
Болашағы
бізбен бірге өседі.
2
оқушы
Ойын
толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай
танымда, жат дауыста
Біреу
озып келеді қатарынан
Біреу
қалып жатады асығыста.
3-оқушы
Қазағымның
тарихы бар тасқа басқан таңбадай,
Қазақ
деген бірге өскен, бай-кедей деп
таңдамай.
Қазір
мүлде басқашамыз, көкірекпіз,
менменбіз,
Қайран
қалам, өзгерген бұл, заманым ба аллам
ай!
4-оқушы
Керей
менен Жәнібек хан бастауымен құрылған,
Қасым
ханның тұсында Еуропаға танылған
Қазақ
деген хандықтың ұрпақтары атанған,
Армысыздар
ағайын кешімізге жыйналған.
Мұғалім.
«Білекті
бірді жығады,білімді мыңды жығады»
деген дана халқымыз.
Біз
білім теңізінен жүзіп өткенде ғана
еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз!
Ал,ендеше
Сайыскерлерімізбен
танысайық. Топтар аты, ұранымен
таныстырсын.
1
топ –
2
топ -
1-кезең.Өткел
кезеңі. Топ басшыларының сайысы.2 минут
ішінде 10 сұраққа жауап береді.
1.
«қазақ» атауы қандай мағына береді?
2.
. «Алаш» сөзі шамамен қай ғасырларда
алғаш рет айтылады?
(IX-X)
ғ.ғ
3.
«Жүз» сөзінің шығу тарихы туралы
болжамдарды айт.
4.
Этнос сөзінің мағынасы
5.Екінші
ұстаз атағы берілген ортағасырлық
ғалымы?
6.
«Қожа Ахмет Йассауи» кесенесі қайда
орналасқан.
7.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп
кеткен хандық?
(Әбілхайыр
хандығы)
8.
Қазақ хандығының құрылған уақыты туралы
мәлемет беретін тарихи шығарма?
(Тарихи
Рашиди)
9.
Қазақ хандығының алғашқы территориясы?
(Шу
мен Талас өзендерінің маңы)
10.XV
ғасырдың аяғында Керей мен жәнібек не
себепті Жетісуға қоныс аударды?
11.Қазақ
хандығында 1474-1511 жж. билік құрған хан?
(Бұрындық)
12.Есенбұға
неліктеп Керей мен жәнібекті құшақ жая
қарсы алды?
13.Қазақ
тілі қашан қалыптасты? 15 ғ
14.Атабектер
қандай қызмет атқарды?
15.Қасым
ханның Қасқа жолы заңының 5 бөлімін атап
бер.
16.Зекет
салығы кімдерге арналған.
17.Арыстан
баб кесенесі қайда орналасқан (Отырар)
18.
Әбілқайырдың ойраттардан жеңілген жылы
(1457)
19.
Қасым хан қашан қайда қайтыс болды.
(Сарайшық 1518)
20.
Ханның 5 құқығын атап бер. (жер иелену,
соғыс жариялау, шет елдермен келісім
жасау, үкім шығару, тәртіп сақтау.)
2-кезең.
«Білімділер сайысы» Әр топ кезектесіп,
тақтада көрсетілген тақырыптар бойынша
сұрақтарға жауап береді.
Топ
басшысы сұрақты күрделігіне байланысты
таңдап, тобымен 7 сек ақылдасы жауап
береді. (Слайдтағы сұрақтар.)
кезең.
«Ақпарат деп аталады»
Топ
басшылар столда тұрған мемлекеттерді
таңдап, оған 10 мәлімет жазу керек. Постер
қорғау
1.Қазақ
хандығы
2.Әбілқайыр
хандығы.
Қортынды:
Мұғалім сөзі.
Өткенім
бар өкініш жасыра алмай
Тарихым
бар жазылған ғасырлардан,
«Қазақ»
деген ел барын әйгілейік
Орындалсын
аңсаған асыл арман.