Материалдар / «Ата мен ана өнегесінің бала тәрбиесіндегі ролі мен орны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ата мен ана өнегесінің бала тәрбиесіндегі ролі мен орны»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ата мен ана өнегесінің бала тәрбиесіндегі ролі мен орны»

Даутова Назгуль Абдуллаевна

54 орта мектебі Тараз қаласы


Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

Елбасы Н.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл - қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп көрсетті [1].

Дәстүрлі қоғамда ата-ананың тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-аналар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, Жүсiп Баласағұн өзiнiң «Құтты бiлiк» еңбегiнде:

«Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

өзгермейдi салғанша ажал құрығын» - десе, ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығын, ғұлама:

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда» - деген.

Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi «ананың әлдиiнен» басталады емес пе?!

Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған» -деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде: «Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, «ол немене», «ол неге үйтедi», «бұл неге бүйтедi» - деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық бермейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, «бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» - дегені» - деп жазды [4].

«Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі» - делінген [5]. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, онын тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент,

сен – премьер - дегені бар [6].

Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз біріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздін мәнісі де осында.

Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. «Ата көрген оқ жонар» деген осыдан шыққан.

Қазақ халқының «Ата – балаға сыншы» деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.

Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ «қыздың жолы жiңiшке» деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. «Қызға қырық үйден тыйым», «Ұлға отыз үйден тыйым» демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.

Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.

«Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын» ең алдымен, атасы мен анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана... секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-тайпаның атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында түрiк әлемiне Күлтегiндей батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған ананы халқы хан көтергендей ақ киiзге отырғызған, ардақтаған.

Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. «Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрттер» - деп айту өте орынды. «Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеушi.

Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. «Бала тiлi– бал», «Балалы үй– базар» деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. «Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» - деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, «Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла» - деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.

«Жерге себiлген дақылдың өсуi жердiң құнарлығына, ылғалдылық пен күн шұғылысына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына ( тәлiм-тәрбиесiне) қатысты.» [7].

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. «Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн» деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел» -деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған [8].

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелi болып өсуiне берекелi отбасының әсерi мол. Отбасының әрбiр мүшесi өзара сөйлесiп, не болмаса ата-ананың, баланың мiндетiн атқару ғана емес, береке – бiрлiк, сүйiспеншiлiкпен араласса, босағасы берiк, шаңырағы биiк отбасына айналары сөзсiз.

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ, – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.

Педагог А.С. Макаренко өз еңбегінде: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгiмелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейдi, тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра бiлуде, балаға әркiмнiң өз жеке басы арқылы үлгi-өнеге көрсетуде. Отбасындағы бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның мақсат-мiндеттерiмен байланысты болуы керек» [9] – деп тұжырымдады.

Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiн ерекше күткен. Балаға қамқорлық ол дүниеге келмей-ақ жасалған. Мысалы, аяғы ауыр әйелге жерiк асын тауып жегiзген, ауыр көтертпеген. Жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Бала өсе келе ән айтқызып, домбыра тартқызған.

Жамбылдың жырын, Күләштың әнiн, Динаның күйiн, Әлия мен Мәншүктiң, Бауыржанның ерлiгiн халқымыз ұрпағына өнеге еткен. Талғат пен Тоқтардай ғарышкерлерiн, Абай мен Шоқандай дарынды тұлғаларын тәрбиелеген де халық. Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы. Ұрпақтары бұл тәрбиеден нәр алып, бала бойына сiңiредi.

Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, қең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демеқ, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


  1. . Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық

бірлігінде. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 56б.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1997 ж.

3. Қазақстан – 2030 Алматы, 1999

4. Абайдың қарасөздері. Алматы: Санат, 1998

5. М.Әуезов «Абай жолы» Алматы, 1998

6. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994,

7. Қазақстан мектебі 2002 ж.№1.

8. М.Жұмабаев «Педагогика» – Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.

9. Макаренко А.С. Балаға жүрек жылуы, Алматы, 1987, 45 бет






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!