Материалдар / "Ата мұрам-асыл қазынам"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ата мұрам-асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Атадан қалған асыл қазынамызды дәріптеу мақсатында Эссе. Тәрбиешілерге пайдалы болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2020
656
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Мен қазіргі заман педагогімін"

Эссе

Оқыту-Тәрбиелеудің қуатты органы,

бұл органды пайдалана білмеген

тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің

ең басты және қажетті құралынан

айырылады.

К.Д.Ушинский.

Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рөл атқарады. Кез-келген мамандық адамның бойындағы сол мамандыққа сәйкес келетін "кәсіби маңызды қасиеттердің" болуын талап етеді. Осы кәсіби маңызды қасиеттерді өз бойымнан көре алмадым ба деген ойда туындаған болатын, бірақ ол кәсібиліктің өмір мектебі мен психологияны, психолог қызметін ұштастыра отырып келетіндігін ұғындым. Менің мамандығым-мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі.

Балабақша... бөбектер... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы,еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен "Мен білімді болу-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу" деп айтып кеткен ұлы ғұлама Әль-Фараби сөзін өзіме педагогикалық ұстаным ретінде алып, қызмет атқарып келемін.

Мен балабақшада алты жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, "Сәлеметсіз бе?", "Қайырлы таң!" деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кемде кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар...

Әрине әрбір оқу қызметінде жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан, бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені, егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, "тәрбиеші тірлігі" диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан , балапанын баптаған құс сияқты.

Іс-тәжірибемде күнделікті оқу қызметімде балалардың қызығушылығына қарай асық техналогиясын пайдаланып, тапсырмаларды дайындаймын. Оқыта отырып, ойнатамын. Мұндай тәсіл олардың өзіне деген сенімділігін арттырды және оқу қызметіне белсенді қатысуына жағдай туғызды.

Педагогика және психология ғылымында мектепжасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын екендігі мойындалып, білім берудің нәтижелілігі ойынның алуан түрлілігіне, оқу-тәрбие мақсатында үйлесімді қолдануға тікелей байланыста екендігі дәлелденді. Соған сәйкес бүлдіршіндерді дамыту мақсатында қолданылатын технологияларда жеткілікті. Десе де, ұлттық кодты білдіретін педагогикалық әдістемелер мен ойындарды көре бермейміз. Бұл ретте асық технологиясы бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Мемлекеттің білім беру стандартына сәйкес, заманауи тұрғыда жаңартылған асық методикасына 16 маусымда Әділет министірлігі авторлық құқық туралы куәлікте берген екен. Асықты бар ынта-жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамитындығын дәлелдеген.

Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Халқымыз қыз бала туса еліктің асығын, ұл бала туса арқардың асығын сыйға тартуды жақсылыққа балағаны белгілі. Қазір балалар балпаң баса бастағаннан-ақ ата-анасы жүйкесі тыныш болуы үшін қолына планшет беріп қоятынын көріп жүрміз. Бұл жағдайды пайымдайтын болсам, бұдан баланың зейіні тұйықталады, көзінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қисаяды және кәдуілгі адами қарым-қатынасты ұмытады. Вертуалды әлемге бой ұрған бала қоршаған ортамен сөйлеспейді. Ал асық ойнай бастаған баланың бойында өзгерістер пайда бола бастайды. Яғни, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыс дене сымбатына көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қабілеті дамиды, ұтып алған асығы көбейген сайын қуанады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығы дамиды.

Қазіргі таңда денсаулықты, қоршаған ортаны естен шығармаған жөн. Бала асық ойнағанда бүкіл денесі қозғалады, бүгіледі, иіледі. Ең бастысы, ми жұмыс істейді. Балалармен сөйлеседі, бір-бірін сыйлап, күтуді үйренеді. Бұл шыдамдылыққа шыңдап, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Жеңіп алу, ұту, алға ұмтылу деген сезімді сезіндіреді. Көздің көруін жақсартады. Баланың физиологиялық, психологиялық жағынан дамытады. Бұл асықтың құдіреті. Тұрғындар біз үшін асық жинап жатыр. Жиналған асықты өңдеуге жібердік. Асықтарға әріп жазып, балаларға оқытудың жолын бастаймын.

Ортаңғы топтың балалары асық арқылы ою-өрнекті, гүлдерді т.б таниды. Мысалға ою басылған кілемшені жайып, екі баланы шақырамын. Дорбадағы түрлі-түсті асықты шашып жіберіп, қызыл түсті қошқар мүйізбен сары түсті ирек оюды табыңдар деймін. Бір бала жылдам қимылдап, қызыл асықты жинап, оюдың үстімен жинай білді. Бұл ойын баланың тіл байлығын дамытады. Оюдың қандай ою екендігін және түсін тауып суреттеп, бала сөйлеп сөздік қоры көбейеді.

Ал "Алғыр" деген ойын арқылы балалар шапшаңдыққа, ептілікке үйренеді. Бұл ойынға 5 адам қатысады. Ортаға асық шеңберлене тізіледі. Қызыл, көк түске боялған екі ерекше асықты Хан асық дейміз. Әрбір ойыншының алдына төрт асықтан беріледі. Ойынның құрылысы бес тас ойынына ұқсайды. Ойыншы өз асығын жоғарыға лақтыра отырып, ортадағы асықты құлатпай жинауы керек. Егер асық уысынан шығып кетсе, ортаға өзінің асығын қосады. Ал хан асықты алса, әрбір ойыншы бір-бір асығын береді. Ойыншылар хан асықты алуға асығады. Себебі ұпайы көбейеді.

Асық ойынын серуен кезінде, оқу қызметтерінде, шынықтыру шараларында пайдаланып көптеген нәтижелерге жетуге болады деп ойлаймын. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса- міне, нәтиже.

Тәрбие-отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата-ана, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым-қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Ол біздің ортақ баламыз екендігін сезінуге үйретуге тырысамын. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. "Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле" дейді дана халқымыз. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Сөзімді қортындылай келе, тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді. Мен үшін күнделікті балабақша балаларының алаңсыз күміс күлкісін, шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп, балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.













































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!