400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ата сөзі- ақылдың көзі".Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Әдебиеттік оқу


Мектеп: Қарауылкелді орта мектебі

Күні:21.10.2019

Мұғалімнің есімі: Сәрсенова Лаура


СЫНЫП: 3 «ә»

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар: 0

Бөлім

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен


Сабақтың тақырыбы

Ата сөзі – алтын сөз

Н.Айтұлы «Алтын сөз»


Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп , мәнерлеп,теріп оқу

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық

ерекшелігін анықтайды;

Көпшілік оқушылар: бата мен тілекті ажырата алады; топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар: : оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды

орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;

  • Бата мен тілекті ажырата алады;

  • Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді;

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.

  • Шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды;

  • Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Тірек сөздер

Алтын сөз, жүйрік тіл

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды , салт – дәстүрді насихаттау. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау.

Сөз құдіретін түсіну, сезіну

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа (аудиожазба)

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

«Майшам», «Сиқырлы қалпақ» , «Квест» әдісі, «Миға шабуыл» ,«Ой болжау», «Поэзия минуты», «Көңілді қалпақ» , «Келісіп пішкен топ келте болмас», «Кезекші микрафон»

Пәнаралық байланыс

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қолдануда қазақ тілімен байланыс жасалады; бата үлгілерін тыңдау арқылы музыка, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс жасалады.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Басталуы 5 минут


2 мин





3 мин







Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Жылы лебіз» тренингі арқылы май шаммен күнге сәттілік тілеу.

-Май шам бізге не береді?

-Ендеше біздің өткелі тұрған сабағымыз жылуы мол, санамызға жарық берсін деп бірігіп майшам арқылы тілегімізді білдірейікші....

Алдыңғы оқуды еске түсіру «Сиқырлы қалпақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

-Үйге берілген тапсырма қандай?

-Авторы

-Мәтіннің басталуы...

-Мәтіндегі кейіпкерлер

-Том неге Доббис мырзаның әр қимылын бақылап отырды?

-Мұғалім неліктен ашуланды?

-Том Беккиді неге құтқарғысы келді?

-Том неліктен мойындады?

-Сенің ойынша Томның жасаған әрекеті дұрыс па?

Сұраққа жауап берген балаларға смайликтер беріледі.




Май шам суреті





Қалпақ







смайликтер

Ортасы 32 мин




2мин










3мин







5 мин













7 мин



















2 мин









4 мин
























2 мин










5 мин

































2 мин























Соңы 3 мин




Жаңа сабаққа өту. «Миға шабуыл»

«Квест» әдісі

Айналадағы тұсбағдарлар арқылы «Квест» әдісімен жасырылған қорапшаларды табуымыз қажет.Әр жерде жасырылған қорапшалар ішінен А;Б;А;Т;әріптері шығады.

-Осы әріптерден біріктіріп сөз құрап көрелік?

-Бата

-Ендеше, бата деген не нәрсе екен, кітаптан оқиықшы...

 Бата-жақсы тілек білдіру. Ол ұлттық дәстүр.Батаны көбіне құрметті ақсақалдар,атақты адамдар береді.Тілек ретінеде балалар да жаттап алады.

Қазақта : «Жаңбырменен жер көгерер.

Батаменен ел көгерер» бекер айтылмаған

Бата туралы түсінік беріледі. Бата үш тілде де «бата» деп айтылады.

Бата туралы видео ролик

«Баталар жарысы» ұйымдастыртылады. Ең көп бата айтқан бала марапатталады, «Ақсақал бол» деген тілек білдіріліп, қазақы нақыштағы шапан жабылады.

«Ой болжау»

-балалар, біз неге сабағымыз бастағаннан бата туралы айтып жатырмыз деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Ата сөзі – алтын сөз» деп аталады. Бұл сабақта Несіпбек Айтұлының «Алтын сөз» өлеңімен танысамыз.

Тыңдалым дағдысы бойынша өлең жолдарын аудио жазбадан тыңдайды.

Өзіндік жұмыс.Іштей оқу.Тізбектей оқу.

«Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

* Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтап,өлеңің мазмұнын түсініп, қатесіз, екпінін дұрыс қойып,дауыс ырғағын көрсетіп мәнерлеп, дауыстап оқу

* Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады;

* өлеңің мазмұнын түсінеді; *қатесіз оқиды;

* екпінін дұрыс қойып,дауыс ырғағын көрсетіп мәнерлеп, дауыстап оқи алады

Саралау. Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

«Сырсандықтағы сөз»

Ден қойғанда-көңіл бөлгенде,

ірі бол-азамат бол,

парқын сез-ұғын

Дәптермен жұмыс

Бағалау критерийі

Дескриптор:

* өлеңнен түсініксіз сөздердің мағынасын түсініп, ұғынып; дәптерлеріне қатесіз, сауатты жазу

* өлеңнен түсініксіз сөздердің мағынасын түсініп, ұғынады;

* оларды дәптерлеріне қатесіз, сауатты жазады


Ұжымдық жұмыс.

Өлеңнен атаның бөбекке берген батасын тауып оқу.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

* Өлеңді мұқият оқи отырып, ішінен атаның бөбекке берген батасын тауып оқу

* Өлеңді қатесіз оқи алады

*Атаның бөбекке берген батасын тауып оқи алады

Жұлдызшамен бағалау

Өлеңнің авторы туралы мәлімет.


1950 жылы Тарбағатай аймағында

DrawObject2 DrawObject1 22 қыркүйекте туған

DrawObject4 DrawObject3 Балалар ақыны Еңбек жолын

DrawObject5 Шұбартау аудандық

« «Жаңа өмір» газетінде

DrawObject6 DrawObject7 «Қозыкөш» , бастаған.

«Бөрітостаған»,

«DrawObject8 Күміс күйме» 1974 жылы Қазақ «Қартаймайды күн неге?» т.б Мемлекеттік университетінің

кітаптары бар. журналистика факультетін

бітірген

«Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында поэзия бөлімінің,

«Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің

меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор,

Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.


Ширату тапсырмасы

«Көңілді қалпақ» ойыны арқылы сергіту жұмысы ұйымдастырылады.Балалар орындарынан тұрып, музыка әуенімен қалпақты кезек-кезек киіп билеп тұрады.Әуен тоқтағанда қалпақ кімнің басында қалса, сол оқушы бата туралы мақал- мәтел, нақыл сөз айтады.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

* бата туралы мақал- мәтел, нақыл сөз тауып,жаңылмай айту

* бата туралы мақал- мәтел, нақыл сөз тауып,жаңылмай айта алады


Топтық жұмыс. «Келісіп пішкен топ келте болмас»

Әр топқа төмендегідей тапсырмалар беріледі

1.Берілген сөздерден шағын бата құрастырып айту

2.Берілген сөздерден бес жолды өлең құрап айту

3.Бата мен тілектің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын венн диаграммасына түсіру

4. Ребус шешу

Бағалау критерийі

Дескриптор:

* Берілген сөздерден шағын бата, бес жолды өлең құрастырып айту, бата мен тілектің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын венн диаграммасына түсіру, ребус шешу

* Берілген сөздердің орнын дұрыс тауып, шағын бата құрастырып айта алады

* Берілген сөздердің орнын дұрыс тауып, сөздерден бес жолды өлең құрастырып айта алады

* бата мен тілектің айырмашылықтарын таба алады

* бата мен тілектің ұқсастықтарын тауып, венн диаграммасына түсіре алады

*берілген ребусты шешіп жасырылған мақалды оқи алады

Топтар бір-бірлерін асықтармен, смайликтермен, басбармақ және бағалау қасықтары арқылы бағалау

Қалыптастырушы тапсырма.

«Кезекші микрафон» әдісі арқылы оқушылардың сабақтан алған білімдерін бекіту, сабақты қорытындылау

Үлгі:

1. Ақынның алтын сөз деп отырғаны не?

3. Батаның қандай қасиеті бар?

4. Бата бергенде үлкен кісілер қандай сөздерді айтады?

5. Батаны қандай бала алады? Бата алатындай оқиға ойластыр.



Бағалау критерийі:

Дескриптор:

* Микрафон арқылы бір –біріне өтілген сабақ бойынша сұрақтар қою, жауап беру

* Микрафон арқылы бір –біріне өтілген сабақ бойынша сұрақтар қойып және оған тиісілі бала жауап бере алады.


Кері байланыс «Білім перамидасы» әдісі арқылы жүзеге асады.

«Сабақта барлығын түсіндім және басқаларға түсіндіре аламын» деген оқушылар жетондарын білім перамидасының шыңына , «аздап қиындық туды, түсіндім бірақ барлығын емес» деген оқушылар жетондарын білім перамидасының ортасына , түкте түсінбедім деген оқушылар жетондарын білім перамидасының ең астына орналастырады.

Рефлексия.

-жарайсыңдар,оқушылар бүгінгі сабағымызды барлығыңыз білімді азамат пен азаматша болып, әдемі қарттыққа жетіңіздер, ақсақалды ата, ақ жаулықты әже болыңыздар деген тілекпен мына атамыздың батасымен аяқтағым келіп отыр.

Видео роликтен ақ бата жіберіледі


Қабырғаға ілінген тұсбағдарлар



Қорапшалар


А;Б;А;Т;

әріптері










Бата туралы видео ролик

қазақы нақыштағы шапан









аудио жазба



оқулық,














Сандықша, түсініксіз сөздер жазылған парақшалар


Дәптер







Бағалауға жұлдызшалар








Автордың портреті
















Қалпақ, музыка әуені


бата туралы мақал- мәтел, нақыл сөздер






Парақшаларға жазылған сөздер






венн диаграммасы,


шешуінде мақал жасырылған ребус








Бағалауға қызыл, сары жасыл асықтар, смайликтер, бағалау қасықтары




микрафон












«Білім перамидасы»

Балалардың әр қайсысына жетондар



Ақ бата жазылған видео ролик

Үйге тапсырма: Н.Айтұлы «Алтын сөз» өлеңін қатесіз,екпінін дұрыс қойып,дауыс ырғағын келтіріп мәнерлеп оқу

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері,

Саралау. Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Қабілеті төмен оқушылар өлеңді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады.

Қалыптастырушы тапсырмада да саралау жүргізіледі. Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Топтық тапсырмада

уақыт арқылы сараланады. Кейбір топтың дайындығына қосымша уақыт беріледі.

Бағалауға смайликтер, жұлдызшалар беріледі.

«Баталар жарысы» ұйымдастыртылғанда ең көп бата айтқан бала марапатталады, «Ақсақал бол» деген тілек білдіріліп, қазақы нақыштағы шапан жабылады Топтар бір-бірлерін асықтармен, смайликтермен, басбармақ арқылы және______ бағалау

Кері байланыс «Білім перамидасы» әдісі арқылы жүзеге асады.

«Сабақта барлығын түсіндім және басқаларға түсіндіре аламын» деген оқушылар жетондарын білім перамидасының шыңына , «аздап қиындық туды, түсіндім бірақ барлығын емес» деген оқушылар жетондарын білім перамидасының ортасына , түкте түсінбедім деген оқушылар жетондарын білім перамидасының ең астына орналастырады.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қолдануда қазақ тілімен байланыс жасалады; бата үлгілерін тыңдау арқылы музыка, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс жасалады.

Топпен жұмыс жасауда және «Көңілді қалпақ» ойыны арқылы сергіту жұмысы ұйымдастырғанда балалар орындарынан тұрып, музыка әуенімен қалпақты кезек-кезек бір- біріне кигізіп,билеп тұрғанда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі ескертіледі

Рефлексия

- Сабақ/оқу мақсатымен оқу міндетері орындалды ма?

- Бүгін оқушылар не үйренді?

-Сабақ қалай өтті, Қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске астыма?(тапсырмалар сәйкес болдыма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Прямая соединительная линия 804 Прямая соединительная линия 803 Прямая соединительная линия 802 Прямая соединительная линия 801 Прямая соединительная линия 800




Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.         Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.         Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:         - Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.         Екінші баласы:         - Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.         Үшінші ұлы:- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әке баласына риза болып:- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі