жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата заң-құқықтарымыз бен бостандығымыздың кепілі
Ата заң-құқықтарымыз бен бостандығымыздың кепілі
1995
жылы 30 тамызда Ата Заңымыз- еліміздің
Конституциясы қабылданып, бұл күн
былтырдан бері«Қазақстан Республи-касының
мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік
мерекелер тізіміне енген
болатын. Осылайша,Республика
Консти-туциясының күні- барлық
Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы
мемлекеттік мейрамға айналды.
Ата
Заңымыздың назар аударатын басты
ерекшелігі- бұған дейінгі консти-туциялар
өкілдік органдар арқылы қабыл-данған
болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы
Конституция халықтың тікелей қатысуымен
референдум арқылы қабылданды, осылайша
еліміздің халқы өзінің және келер
ұрпақтың болашағын айқын
белгілеп берді.
Еліміздің
Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан
адамзат баласының жалпы құндылықтарын
өз бойына сіңірді. Конституциямызда
адамдардың табиғи құқықтары мен
бостандықтары, билік институттарын
демократиялық жолмен қалыптастыру және
дамыту,Қазақстанда азаматтық қоғам
құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті
идеялар бекітілді. Ең жоғарғы заңдық
күші бар Қазақстан Конституциясы
Республикадағы қолданылатын және
қалыптасып жатқан құқықтық жүйесінің
нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық
және мемлекеттік құрылыстың маңызды
жақтарын реттейді. Ол-ел
тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің
негізгі тірегі, саяси-құқықтық төлқұжаты.
Ата
Заңның 1-тармағында «Қазақстан
өзін ең қымбат қазынасы-адам және
азаматтың өмірі, құқықтары мен
бостандықтары болып табылатын
демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады»делінген. Заңда белгіленген
барлық тұжырым, қағидалар өмірдің
салаларын өркениетті заң жүзінде
басқаруға мүмкіндік береді.
Осылайша, мемлекетіміздің
Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды
армандаған мүддесін заң тілінде
айшықтаған, әлемге адамзат ғаламына
Қазақстан деген мемлекет бар екенін
паш еткен құқықтық құжат болып
табылады. Осы Конституциямен еліміздің
мемлекеттік тұғыры нығайды, оның
басқару тетігі бір жүйеге келді. Еліміздің
бұл негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан
Республикасын президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария
етті. Саяси партиялардың рөлі
көтеріліп, адам құқығын қорғау жаңа
деңгейде қамтамасыз етілді.
Ата
Заңымыздың 2-бөлімі «Адам және
азамат» деп аталып, адамның және
Қазақстан Республикасы азаматының
табиғи құқықтары мен бостандықтары
әркімге тумысынан жазылған, олар
абсолютті деп танылды. Осы ретте
Конституциямызбен бекітілген азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына назар
аударғым келеді. Әлбетте, адамның
және азаматтың өз құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға,конституциялық құрылыс пен
қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге
тиiс. Әркiм өзінің құқықтары мен
бостандықтарын,қажеттi қорғанысты
қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн
барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.
Сондай-ақ, әркiмнiң
өз құқықтары мен бостандықтарының сот
арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркiмнiң
бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.
Заңда көзделген реттерде заң көмегi
тегiн көрсетiледi. Заң мен сот алдында
жұрттың бәрi тең. Конституциямыз паш
еткен мемлекетіміздің аса құндылығы-адам
өмірі, ол әркiмнiң табиғи құқығы болып
табылады.
Ата Заңымыз «Республиканың
конституциялық құрылысын күштеп
өзгертудi, оның тұтастығын
бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан
келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық
және рулық астамшылықты, сондай-ақ
қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас
ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге
жол берiлмейді» деп жария етті. Ата
Заңымыз «әркiмнiң ар-ождан бостандығына
құқын» бекітіп берді. Сондай-ақ, әркiмнiң
еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп
түрiн еркiн таңдауына, жұмыссыздықтан
әлеуметтiк қорғалуға құқын жария
етті.
Ата Заңымыз әркiмнiң
тынығу құқығына кепілдік береді. Әркім
еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге
заңмен белгiленген жұмыс уақытының
ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне,
жыл сайынғы ақылы демалысқа құқылы.
Сонымен бірге, Ата заңымыз азаматтардың
тұрғын үйге құқына кепілдік береді.
Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға
жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге,
оны тексеруге және тiнтуге заңмен
белгiленген реттер мен тәртiп бойынша
ғана жол берiледi.
Қазақстан
Республикасында азаматтарды тұрғын
үймен қамтамасыз ету ішiн жағдайлар
жасалады. Заңда көрсетiлген санаттағы
мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен
белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк
тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы
көтеретiн ақыға берiледi.
Ата
Заңымыз сонымен қатар, әркімнің меншік
құқына кепілдік береді. Қазақстан
Республикасының азаматтары заңды түрде
алған қандай да болсын мүлкiн жеке
меншiгiнде ұстай алады. Меншiк, оның
iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен
кепiлдiк берiледi.
Ата
Заңымыз «әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет
еркiндiгiне, өз мүлкiн кез-келген заңды
кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға
құқығын жария етті. Монополистiк
қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз
бәсекеге тыйым салынады. Сонымен қатар,
Ата Заңымыздың 27-бабы «неке мен отбасы,
ана мен әке және бала мемлекеттiң
қорғауында болады» деп жария етті. Бұл
ретте, балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу-ата-ананың етене құқығы
әрi мiндетi.
Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы азаматтарының
денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Республика азаматтары заңмен белгiленген
кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн
тегiн алуға хақылы. Ата Заңымыз азаматтардың
мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта
бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм
алу мiндеттi. Азаматтың мемлекеттiк
жоғары оқу орнында конкурстық негiзде
тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар.
Мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына
қолайлы айналадағы ортаны қорғауды
мақсат етiп қояды. Адамдардың өмiрi мен
денсаулығына қатер төндiретiн деректер
мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың
жасыруы заңға сәйкес жауапкершiлiкке
әкеп соғады.
Осы
заңдармен танысып қана қоймай,
Қазақстан Республикасының Конституциясын
және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы
мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге
мiндеттi.
Әркiм Республиканың
мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге
мiндеттi. Заңды түрде белгiленген
салықтарды, алымдарды және өзге де
мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы
әрі мiндетi болып табылады. Қазақстан
Республикасын қорғау-оның әрбiр азаматының
қасиеттi парызы және
мiндетi.
Конституция күні-Тәуелсіз
Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен
маңыздылығы жағынан ерекше орынға
ие,халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап
өтетін басты мерекелерінің бірі. Осы
мереке күні барша қазақстандықтарға
татулық пен келісім, денсаулық, табыс
пен молшылық тілеймін. Ата Заңымыз
тарихымыздың мақтанышына айналсын.
Күні
бүгін
ата-бабаларымыздың
асыл арманы орындалып отыр, ол
шынайы мемлекеттік , біртұтас,
жалпыға
бірдей Ата- заңымыздың
болуы. Осы
Ата заңымыз
халқымызға
адал қызмет
етеді
деп сенеміз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген