жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ата заңым - ардақты"
Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Раушан» бөбекжай – бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Бекітілді
«Раушан» бөбекжай – бақшасы»
КМҚК-ның әдіскері
______Сакбаева Р.Х.
Тақырыбы:
"Ата заңым – ардақты!"
Тәрбиешілер: Жобалаева Д.Д.
Төле би ауылы
2017 – 2018 ж.
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әндердің фонограммасы.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, өлең, би, сергіту.
Шаттық шеңбер:
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер-ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
1 Жүргізуші:-Арайлаған танды сүйетін кім?
-Мен.
-Күн сәулесін сүйетін кім?
-Мен.
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Мен.
-Туған жерді сүйетін кім?
- Мен.
- Ата-ананы сүйетін кім?
- Мен.
- Досын сүйетін кім?
- Мен.
- Еліміздің болашағы кімдер?
- Біздер.
-Дұрыс айтасыңдар.
2 Жүргізуші:- Сендер тұрып жатқан Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.
1 Жүргізуші:Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендер де, балалар да мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау, әрбір азаматтың борышы,міндеті.
2 Жүргізуші: -Сонымен балалар, біз қай елде,қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
1 Жүргізуші:- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана.
2Жүргізуші:- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1 Жүргізуші:- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.
2 Жүргізуші:Балалар,біздің еліміз егеменді Қазақстан.Еркін тәуелсіз елдің азаматтарымыз,сондықтан біз бір заңға бағынамыз.Ол Қазақстан Республикасының конституциясы-Ата Заңымыз.
1 Жүргізуші:
Еліне арналатын тілегі шын,
Ұрпақтарым-Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған,
Қадірін Ата Заңның білемісің?-дегендей ендігі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
Мадина: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Арсен : Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
С.Айзере: Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны.
2 Жүргізуші: Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін деп «Конституция күнімен»құттықтау сөзі балабақшамыздың әдіскері Сакбаева Раушан Хусайнқызына беріледі.
Аяулым : Өмірден әділдік пен бақ табамын,
Құқығым қорғалды деп шаттанамын,
«Бұл біздің-Ата Заң» деп мақтанамын!
Әмина : Әнұраны елімінің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Алихан : Айналып заңға көшелі,
Кеңіді бүгін арнасы.
Әз Тәуке жазған кешегі,
«Жеті жарғының» жалғасы.
Cергіту сәті:
Көтеріліп шанырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
К.Айзере: Құт,береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Диана : Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға,құсы!
Ата Заң-Азат елдің Ар-намысы!
Би: «Тұлпарым»
1 Жүргізуші: Талшыбықтай бұралған
Өнерлі ғой қыздар-ай
Сүйсіндірген биімен
Қазағымның қыздар-ай.
Қыздардың орындауында: «Қазақ биі »
Сұлтан: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Сымбат : Қазақстан рәміздері-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала мененен ең кіші.
Әнұран,көгілдір ту,елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін барлығы.
Алихан : Көк аспандай көкпеңбек
Б.Арсен : Қазақстан жалауы
Алижан: Көк емес ол
тектен-тек
Елдің ашық жалауы
2 Жүргізуші: Еліне арналатын тілегі шын,
Ей,ұлым-Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ән: «Көк тудың желбірегені»
2 Жүргізуші: Шаттық күйін шертейік,
Елміз ғой жұртпен тең .
«Қазақстаным» жырын жырлайық.
Ән: «Атамекен!»






шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген