|
Ұйымдастыру кезеңі (17
мин)
|
Оқушылармен сәлемдесу.
Топқа бөлу (конституцияның маңызы туралы сұрақтар
қою арқылы топтастыру).
Тәртіп ережелерін еске
салу.
Оқушыларға
сұрақ:
Конституцияның Қазақстан үшін маңызы туралы
қысқаша әңгіме.
Ата Заңның қабылдану тарихы мен оның еліміз
үшін маңызды екендігі туралы түсінік беру.
https://youtu.be/MHbl8CyJAgk
сілтеме
Мұғалім:
Кез келген өркениетті мемлекеттің өз
конституциясы болады. Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік
тұрақтылығы көп жағдайда сол конституциясының, яғни негізгі заңның
дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының
қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық
референдумда қабылданды. Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын, 30 тамызда
Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық
өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері
қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң — мемлекет пен
қоғамда орын алып отырған барлық саяси – экономикалық, әлеуметтік
реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына
айналды.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,
мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
Практикалық тапсырма (10
минут)
"Менің құқықтарым" атты топтық жұмыс ұйымдастыру:
оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы шағын баяндама
жасайды.

|
Қазақстан Республикасының
Конституциясы
Интербелсенді тақта
Слайдтар
Түрлі бейнемазмұндар мен
жаттығулар
|
|
Ортасы (5
мин)
|
Мұғалім:
Адам құқығы – конституциялық құқықтың маңызды
институты. Адам құқықтарын қорғау
механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою
мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі.
Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт
алуын қамтамасыз ету табылады.
Құқықтық реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі,
олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге
асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады.
Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма,
құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен
құқықтық сана кіреді.
Сілтеме:https://youtu.be/NJ_SYLIRhb0
https://youtu.be/NJ_SYLIRhb0
|
Қазақстан Республикасының Конституциясынан
маңызды баптарды дәптерге
жазу.
«Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп басталатын
(1-бөлім, 1-бап) Ата заңымыз, өз азаматтарын ешқашан далада
қалдырмақ емес. Отанымыздың табиғатын да аялап, өсімдіктер мен
жануарларын да қамқорлығына алады (1-бөлім,
6-бап).
Алланың қалауы, тағдырдың жазуы айдап
келген көп ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне дейін қараусыз
қалдырмай, олардың өз тілдері мен дәстүрлерін үйренуіне жағдай
жасайды, ешкімді қумайды (1-бөлім, 7-бап, 2-бөлім,
10-бап).
Қару мен жойғыш заттардың шектен тыс
дамып, бір түймешеге басу арқылы миллиондаған өмірдің ойранын
шығаруға болатын мына заманда, әлемдік деңгейдегі мәселелердің
барлығын бейбіт жолмен шешуге, ешкімнің ішкі мәселесіне
араласпауға, қарулы күшті бірінші болып қолданбауға
шақырады (1-бөлім, 8-бап).
|
Қазақстан Республикасының
Конституциясы
Интербелсенді
тақта
Слайдтар
Түрлі бейнемазмұндар мен
жаттығулар
|
|
Соңы
13мин
|
4. Қорытынды
Тәрбие сағаты бойынша
қысқаша қорытынды жасау.
Оқушыларға Конституцияның
маңыздылығы туралы өз ойларын жеткізу мүмкіндігін беру.
Ата Заңды
құрметтеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу туралы ой
түйіндеу.
Үй тапсырмасы:
Қазақстан Республикасының
Конституциясынан маңызды бапты таңдап, оны тереңірек
зерттеу.
|

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды
орындауын бағалау.
Жұмыс нәтижелерін ортақ талқылау арқылы
бағалау.
|
слайд
|