400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата*аналармен тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жұмыс жүргізуді дәстүрлі жиналыс орнына олардың өздерінің белсенді және қызығушылықпен қатысуы мақсатымен өткізген тренинг жоспарымды жіберіп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен тренинг өткізу

Тақырыбы:" Мектепте өзгеріс енгізу керек пе? ".

Мақсаты: Өзгеріс не үшін қажеттігін түсіну. ХХІ ғасыр дағдыларын негіздеу.

Күтілетін нәтиже: оқыту мен оқудағы өзгеріс үдерісінің өзектілігін түсінеді.

Тренинг жоспары

1.Сәлемдесу

2.Шағын үш топқа бөліну

Ата-аналар «Анашым», «Ұстазым», «Достар» , әндерінің қатарлары жазылған парақшаларды сандықшадан алу арқылы топтарға бөлінеді. Өз топтарына түскен әндер бойынша топ атын қорғайды, яғни интерактивті тақтада караоке көрсетілімі бойынша өз топтарының әнін хормен орындайды.



3. Миға шабуыл. Тапсырма: бейнежазба арқылы беріледі. Тақырып бойынша кумульятивті әңгіме, бейнежазбаны топ болып талқылау

Эксперимент:"балаларға көңіл бөлу", "шегелер туралы аңыз".

Сұрақтар қою/Сіз қандай ой түйдіңіз? Сізге әсерлі сәттері болды ма?Біздің оқыту сабағына қатысы қандай? /

Ата-аналар бейнежазбаны көру арқылы бұл көріністердің түйінді ойын өздері топ ішінде талдайды, қорғайды. Әр топ өз тобының түйінді ойын қорғайды

Әр топ келесі топтардың ұнаған түйіндеріне баға қояды

4.Сергіту сәті. "Адасқан әріптер"стратегиясы парақшаларға жазылған әріптерден мақалдар құрастырады. І топқа:"Аш адамға балық берме, қармақ бер!"

ІІ топқа "Жетектеген ит қораға үрмейді"

ІІІ топқа "Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас"

5. Топтық жұмыс. Осы шыққан мақалдарды әр топ мектептегі оқыту және тәрбие процесімен байланыстыра отырып дәстүрлі сабақ пен жаңартылған мазмұндағы оқыту сабақтарымен айырмашылықтарын топпен жұмыс жүргізу арқылы қорғайды. Әр топ басқа екі топты бағалайды. Әр топ смайликтер бар стикерлерді тақтадағы әр топтың атының тұсына жапсырады.

6. Сауалнама "мектебімізде оқыту және оқу үдерісі қалай өтуде?"

7.Топтардың ұнаған түйіндеріне баға қойған смайликтер саны бойынша бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі