Ә.Табылдиев өлеңін "Бағдаршам" мәнерлеп айтып беру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә.Табылдиев өлеңін "Бағдаршам" мәнерлеп айтып беру

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілер үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы : Қатынас.

Бөлімі : Көркем әдебиет.

Тақырыбы :Ә. Табылдиев өлеңін « Бағдаршам» жаттау.

Мақсаты :Білімділік : Өлең мағынасын түсініп ,оны еске сақтауға үйрету.

Дамытушылық : Балаларды сызба арқылы тақпақ жатауға дағдыларын жаттықтыру.

Тәрбиелік : Балаларды жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік : бағдаршам суреті, жол суреті.

Сөздік жұмыс : жүрме жолға таласып.

Билингвальды компонент : бағдаршам - светофор.

Оқу іс – әрекетін кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті.

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбер :

Ал, балалар, тұрайық,алақанды ұрайық.

Оңға – соға түзу тұр,солға –оңға түзу тұр.

Жоғары – төмен қарайық.

Бойымызға күш жинап бір тынығып алайық.

Шеңбер бойына тұрып ,бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

- Ал енді балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.Бүгінгі іс – әрекетімізде балалар ақын Әділбай Табылдиев ағамыздың тақпағын тыңдап көрейік.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзді:

Тоқта!Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

- Осы оқылған тақпақта не туралы айтылған ?

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Олардың түсі қандай ?

- Қызыл көзі бізге не дейді ?

- Сары көзі не дейді?

- Жасыл көзі не дейді?

- Жүрме жолға таласып – деген сөзді қалай ұғамыз?

Көліктермен,жарысып жүруге болмайды, көшеде жол ережесін естеріңнен шығармаңдар, ата- аналарды үнемі тыңдап жүру қажет.

- Өлеңнің авторы кім?

Сергіту сәті : Біздер тату боламыз,

Гүл- гүл жайнаймыз,

Жаттығуда сергіп қаламыз,1,2,3.

Жоғары қолды созамыз.

Жоғары –төмен қарайық ,орнымызды табайық!

Билингвальды компонент: бағдаршам –светофор.

Сызба арқылы балаларға тақпақты оқып беру .

Балаларды бір –бірден шығарып сызба арқылы тақпақты айтуға дағдыландыру.

Суреттерді бір – бірден түсіндіру.

Ж/жұмыс : жаттап алмаған балаларды қайта сұрау.


Мұқият тыңдайды.







Бағдаршам туралы.

Үш көзі бар.

Қызыл,сары,жасыл.

Тоқта дейді.

Сақтан дейді.

Жол ашық дейді.







Балалар өлеңге сәйкес қимыл –қозғалыстар жасайды.



Қайталайды.



Суреттерді қарап, оларға сәйкес сөздерді айтуға үйренеді.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Не туралы тақпақ жаттадық?

- Бағдаршам не үшін қажет?

- Кімге бүгінгі әрекет ұнады ?

Бағдаршам туралы.

Жол ережесін сақтауға қажет.

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже : Біледі : Шығарманың мағынасын түсінеді,жатқа айтуға ұмытылады.

Игереді : Бағдаршамның қажеттілігін біледі.

Меңгереді : Сызба арқылы ,сөздерді сәйкестендіріп өлеңді айтып береді.





Есеп :________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2018
1926
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі