«Әдептілік» жайлы
бейнежазба көреді.
https://www.youtube.com/watch?v=GrRMZZ8tcMY
Адамгершілік, сыпайылық қарым
- қатынас қасиеттерді үйрену керектігін айтып, бейнежазбаның
мазмұнын қорыту. 1. Ойын «Жалғастыр». Тыйым
сөздерді жалғастыру. «Не істеуге
болмайды?»
- Үлкендердің алдынан......
(кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене
баланы................(жылатуға
болмайды.)
-
Құстарды...........................(атуға
болмайды.)
- Қыз
баланы........................(ренжітуге
болмайды.)
-
Сабақтан.............................(кешігуге
болмайды.)
-
Сыныпта.............................(айғайлауға
болмайды.)
«Не істеу
керек?»
- Үлкен
кісіні.......................(сыйлау
керек.)
- Үлкеннің
тілін...................(алу
керек..)
-
Үлкендерге..........................(сәлем беру
керек.)
-
Кішілер..............................(үлгі болу
керек.)
- Оқу
құралдарын.................. (күтіп ұстау
керек.)
2. «Көгершіннің хаттары» .
Хаттарды оқып, талқылау
Хаттарға аталарымыз бен
әжелеріміз жауап береді.
1 хат. Құрметті достар! Менің
көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта
қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып
бірге ойнайын ба? 2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі
мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп
мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен
осы баламен дос болайын ба,
айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын
орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің
дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен
не істеуім керек?
Мұғалім: Ата мен әжелеріміздің
ақыл – кеңестерін тыңдап, ой қорытуды өздеріңе
қалдырамыз.
Көрініс:
"Меймандастық"
Екі жолаушы тау бөктеріндегі
киіз үйге бас тіреген еді. Үйде қызымен мен әжесі жүн түтіп
отырады.
Ассалаумалейкум! Айналайын,
келін, шөлдеп келеміз. Бір кесе су берші.
- Ағай, үйде су жоқ еді. Әжесі
шошып кетеді.
- Су жоқ болса коже бар емес
пе, көже бер. Жолаушылар көже ішіп, әжеге рахмет айтып шығып
кетеді.
Енді
әжесі:
- Сенің жаңағы жолаушыға су
жоқ дегенің не? Түсіндірші соны.
-Үйде су ада болып, енді
бүлаққа барғалы түрғанымда келді ғой.
-Сонда су жоқ дей ме екен.
Мені құдай сеңдердің осыңдай көргенсіздіктеріңді керсетейін деп
алмай жүр екен ғой. Тез бұлақтан су әкеле қояйын демедің
бе?
- Кешіріңіз, әже! Байқамаппын.
Үйде су жоқ болған соң айта салғам.
- "Жақсы байқап сөйлейді,
жаман шайнап сойлейді", "Жаманның берген асынан, жақсының айтқан
созі артық" деген осы.
|