Материалдар / «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» шеберлік сынып

«Атадан – өсиет, анадан – қасиет» шеберлік сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Атадан – өсиет, анадан – қасиет» шеберлік сынып
Авторы:
08 Сәуір 2025
753
15 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Шеберлік сынып жоспары

Бекітемін:


Күні

.... .04.2025

Сынып жетекші:


Шеберлік сынып тақырыбы:

«Атадан – өсиет, анадан – қасиет»

Мақсаты:

Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін нығайту, ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру жолдарын қарастыру, ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасын жақсарту.

Күтілетін нәтиже

Ата-аналар отбасылық тәрбие мен ұлттық тәрбиеге қатысты ой бөлісіп, өз тәжірибесімен алмасады. Ата-ана мен баланың рухани байланысы күшейеді.


Шеберлік сынып құрылымы:


Кезеңдер

Уақыты

Мазмұны

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

1.Ұйымдастыру (5 минут)

Қатысушылармен амандасу. Жылы атмосфера орнату.

"Шаттық шеңбері", танысу ойыны ("Менің атым... менің арманым...")

Презентация

«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.»

«Бала – ананың бауыр еті.»

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.»

«Тәрбие – тал бесіктен басталады.»

2. Кіріспе бөлім

(10 минут)

Тақырыпты таныстыру. «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» ұғымын ашу.




«Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деген халық даналығының терең мәні бар. Бұл – отбасындағы әке мен ананың бала тәрбиесіндегі ерекше рөлін көрсететін ұлағатты сөз.

Ата – отбасының тірегі, рухани тәрбиеші. Оның өмірден көргені, түйгені – өсиет ретінде ұрпағына аманат. Ата өсиеті – тек сөз емес, өмірлік бағыт, тәрбие мектебі.

Ана – отбасының жүрегі, мейірім мен парасат иесі. Ананың бойындағы мейірімділік, сабырлылық, инабаттылық – баланың мінез-құлқына сіңетін қасиеттер. Анадан дарыған жақсы қасиет – баланың рухани байлығы.

Демек, әрбір бала – атадан алған өсиеттің және анадан сіңген қасиеттің иесі.
Осы құндылықтарды бала бойына сіңіре білу – әр ата-ананың басты міндеті.

Миға шабуыл: «Өсиет деген не? Қасиет деген не?» сұрақ-жауап

Ұлттық нақыштағы көрнекіліктер (мақал-мәтел, нақыл сөздер)

Бейнежазбалар:

Қазақ отбасының тәрбиелік дәстүрлері


Балаға өсиет айту дәстүрі


3. Негізгі бөлім

(30 минут)

  1. Топтық жұмыс: "Балаға қандай өсиет қалдырар едіңіз?"




  1. Жағдаяттық тапсырмалар:

Жағдаят 1: «Телефон мен тәрбие»
Балаңыз үй тапсырмасын орындамай, күні бойы телефон қарап отыр. Ескерту жасағаныңызда, ашуланып, өз бөлмесіне кетіп қалды.

Сұрақтар талқылауға:

Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

Балаңызбен қалай сөйлесер едіңіз?

Тәртіп пен түсіністікті қалай қатар ұстанасыз?


Жағдаят 2: «Ата-ананың үлгісі»
Балаңыз өзгелермен дөрекі сөйлей бастады. Мұғалімімен де, достарымен де сыпайы қарым-қатынаста емес. Сіз бұл мінезі үйдегі бір ата-анадан көргенін байқайсыз.

Сұрақтар талқылауға:

Мұндай жағдайда сіз не істер едіңіз?

Үлгі болу дегенді қалай түсінесіз?

Өз әрекетіңізді өзгерту қажет пе?


Жағдаят 3: «Мамандық таңдауы»
Балаңыз болашақ мамандығын өзі таңдағысы келеді, бірақ сіз оған басқа бағыт ұсынғыңыз келеді. Оның арманы мен сіздің көзқарасыңыз сәйкес келмейді.

Сұрақтар талқылауға:

Бұл жағдайда ата-ана ретінде не істер едіңіз?

Балаға кеңес беру мен қысым көрсетудің ара жігін қалай ажыратуға болады?

Постер қорғау, пікір алмасу, рөлдік ойындар, ой қозғау

Плакаттар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар

Жағдаяттық тапсырмалар жазылған парақтар

4. Сергіту сәті (5 минут)

«Сөзден мән ізде» ойыны (ұлттық сөздердің мағынасын табу: ибалы, ар, ұят, тәлім т.б.)

Мақсаты: ұлттық сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы қазақи тәрбиенің мән-маңызын ашу, ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру.

Өткізу тәртібі:

Әр топқа 1 минут ішінде ұлттық құндылыққа байланысты 1 сөз беріледі.

Топ мүшелері өз түсініктерін айтып, сөздің мәнін ашады (мысалы, сипаттама, өмірмен байланыстыру, мысал келтіру).

Соңында әр сөзге байланысты нақты анықтама беріледі.


Ойынға ұсынылатын сөздер:

Сөз

Қысқаша түсініктеме

Ибалы

Әдепті, ұяң, үлкенге құрметпен қарайтын адам

Ар

Адамның ішкі ұяты мен намысы, рухани тазалығы

Ұят

Қоғамда, отбасында қабылданған ережелерді бұзудан туған ішкі сезім

Тәлім

Ата-ана, ұстаз тарапынан берілетін өнегелі тәрбие

Сабыр

Қиын жағдайда өзін ұстай білу, төзімділік таныту

Мейірім

Жанашырлық, жүректен шыққан жылулық

Ізет

Үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу

Қанағат

Барға шүкір етіп, ашкөз болмау қасиеті

Батырлық

Қорықпай, елі үшін күресе білу

Парасат

Ақыл мен рухани тереңдікті біріктірген қасиет


Ширату ойыны

ұлттық құндылыққа байланысты сөздер жазылған қима қағаздар

5. Практикалық тапсырма

(5 минут)

"Ақ жүрек" тренингі: Баласына арнаған жүрекжарды тілек жазу
"Өсиет бұрышы": Ұлына/қызына арналған бір ауыз ұлттық тәрбие сөзі

Жазбаша және ауызша кері байланыс

Ақ жүрекшелер (тілек жазуға)


6. Қорытынды бөлім

(5 минут)

Шеберлік сыныптан түйген ойларын бөлісу, кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі, анкета




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі