Атадан-өсиет,анадан-қасиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атадан-өсиет,анадан-қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
-Халық даналығы мен салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін түсіндіру; -Үлкендерді құрметтеуге, ата-ананың ақылын тыңдауға, өнегелі болуға тәрбиелеу; -Тіл байлығын дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру ұйымының атауы

М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ченалиева К.С

Күні:

15.04.2025ж

Сынып: 2-3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Атадан-өсиет,анадан-қасиет»

Мақсаты

-Халық даналығы мен салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін түсіндіру;

-Үлкендерді құрметтеуге, ата-ананың ақылын тыңдауға, өнегелі болуға тәрбиелеу;

-Тіл байлығын дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Құндылықтар:

Сәуір айы:

Сабақ құндылығы:Отбасы құндылықтары

Ресурстар

  1. Бейнежазба, суреттер.

Сабақтың кезеңдері:

Уақыт

Тақырыптық бөлімдер

Іс-әрекет және әдіс-тәсілдер

Ресурстар

5 мин

Ұйымдасты

ру кезеңі

Сәлемдесу:

Мұғалім мен оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Атадан — өсиет, анадан — қасиет”

Сабақтың мақсаты: ата-ана өсиетінің маңызын түсіну, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

- Плакаттар, маркерлер

15 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мұғалім :

Ата-ана — біздің ең қымбат, ең ардақты жандарымыз. Ата — ұлағаттың, дана сөздің иесі. Ана — мейірім мен қасиеттің символы. Қазақ халқы әрдайым ата-анаға ерекше құрметпен қараған, олардың айтқан өсиетін өмірлік ұстаным еткен.

Мұғалім:

-         Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Бала үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

-         Бүгінгі бас қосуымыз – ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.


Мұғалім:

- Иә , адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеге жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты – оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты.  Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында дегім келеді.


Құрметті ата-аналар, оқушылар енді кім қаншалықты салт-дәстүрімізді білетіндігін байқайық.

І. «Сан саяхат»

Ата-аналарға:

1.     Ұлттық тағам түрлерін атаңыз

2.     Ұлттық ойындарды атаңыз

3.     Нанға байланысты тыйым сөз білесіз бе?

(Нанды бір қолыңмен үзбе.  Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.)

Оқушыларға:

1.     Жеті атаңды білесің бе?

2.     Төрт түліктің пірлерін ата

3.     Сүтті төрт түліктің  аттарына байланысты ата

4.     Жылқы туралы мақал-мәтел айта аласыз ба?

(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы малдың патшасы.)


ІІ. “Кім жылдам?” ойыны

  1. Ұлттық тағамдар

  2. Ұлттық сусындар

  3. Ұлттық аспаптар

  4. Ұлттық киімдер

ІІІ. Бейнебаян көрсету:

«Ата өсиеті» тақырыбындағы қысқаша бейнебаян көрсету.

https://youtu.be/ueYFyJ8uoSU?si=MOG9csrpx2-6PJhp

ІҮ. Тыйым сөздер.

Оқушыларға тыйым сөздер айтқызу, ата-аналар оның мағынасын түсіндіреді.

Оқушы:    Тізеңді құшақтама.

Ата-ана: Тізені құшақтау - жалғыз қалудың белгісі .Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

  Оқушы: Үйге кірген жыланды өлтірме.

  Ата-ана:   Себебі кей кезде періштелер жылан бейнесіне еніп дүниені шарлайды екен. Сондықтан жылан кейпінде келгендердің кейбірі жылан кейпінде болуы мүмкін деген түсінік бар.

   Оқушы: Тұзды бей-берекет шашпа.

   Ата-ана: Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған тұз. Сондықтан тұз төгілсе ырыс төгіледі, дәм шашылады,  ас кетеді.

          Оқушы: Бас киімді кез-келген жерге тастама.

          Ата-ана: Бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады.Адам баласынан қадірлі, қасиетінен қадірлі ештеңе жоқ.

         Сұрақ:  Ұрпақ үшін тыйыи сөздердің пайдасы бар ма?


 Ү. «Сыңарын тап» сәйкестендіреді

Мақал-мәтелдердің сыңарын табу.

Ата-аналарға:

1.     Әдепті бала ата-анасын мақтатар,....   (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2.     Ана сүтін ақтамағанды....  (ешкім жақтамайды)

3.     Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,...          (ана тұрып қыз сөйлегеннен без)

4.     Қарағайға қарап тал өсер, ..            (қатарына қарап бала өсер)

5.     Үйінде ұл-қызы бардың...           (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Оқушыларға:

1.     Жығылып жатып, .. .   (сүрінгенге күлме)

2.     Күлме досыңа,...             (келер басыңа)

3.     Ауру қалса да, ....            (әдет қалмайды)

4.     Әдепті бала арлы бала,.. .             (әдепсіз бала сорлы бала).

5.     Ұяда не көрсең, .. .                     (ұшқанда соны ілерсің)

Сергіту сәті:

https://www.youtube.com/shorts/NWGrxSc92AU

ҮІ. “Сұрақ-жауап” әдісі

Ата-ана сендерге қандай өсиет айтады?

Ата-ананың қандай қасиетін үлгі тұтасың?

Үлкендердің батасын алған сәтің есіңде бар ма?

Сергіту сәті: «Бәйге» ойыны


- Бейнеролик, ақпарат











































































































10 мин


Талқылау кезеңі

ҮІІ. “Суреттер сөйлейді”

(Жұптық жұмыс)

Оқушыларға ата мен ананың суретін беру немесе тақтадан көрсету.

Сұрақ:

Бұл суретте кімдер бейнеленген?

Олар сендер үшін қандай адамдар?

- Пазл


- Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады, талқылайды.

- Маркерлер, постерлер

ҮІІІ. “Құрақ құрау” суретті жинайды (Топтық ойын)

Мақсаты: Ынтымақтастық пен ұқыптылықты дамыту.

Ойын шарты:

Ата-ана мен бала бейнеленген суреттер бөлшектеп беріледі. Топ болып тез құрастыру керек.


Құндылықтармен сәйкестендіру


Мысалы:

• Ана — мейірімділік

• Әке — қамқорлық

• Ата — ақыл

• Әже — сүйіспеншілік


Балалар дұрыс сәйкестендіреді.



5 мин

Қорытынды

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда ата-ана — біздің өміріміздегі ең қымбат, ең ардақты адамдар екеніне тағы да көз жеткіздік. Ата-ана — біздің өмірлік ұстазымыз, бағыт берушіміз, ақылгөй кеңесшіміз.

  • Атадан қалған өсиет пен анадан дарыған қасиетті әрдайым жүрегімізде сақтап, өмірде қолдана білейік!

- Әдебиеттер, ақ қағаз



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі