|
Мұғалім
:
— Ата-ана — біздің ең қымбат, ең
ардақты жандарымыз. Ата — ұлағаттың, дана сөздің иесі. Ана —
мейірім мен қасиеттің символы. Қазақ халқы әрдайым ата-анаға ерекше
құрметпен қараған, олардың айтқан өсиетін өмірлік ұстаным
еткен.
Мұғалім:
- Расында да қазақта
мынадай жақсы сөз бар: «Әке – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ,
бала – жағасындағы құрақ» деген. Бала үшін ең жылы ұя ата-ананың
аялы алақаны, мейірімі,
қайырымдылығы.
- Бүгінгі бас қосуымыз –
ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты
нығайту.
Мұғалім:
- Иә , адам баласының ажары
да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген
не?
Ол адам бойына сырттан келіп
сіңетін немесе аспаннан құйылып денеге жұғатын нәрсе емес қой. Оның
да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты – оның
үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал
мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты
ата-аналардың өз қолында дегім
келеді.
Құрметті ата-аналар, оқушылар
енді кім қаншалықты салт-дәстүрімізді білетіндігін
байқайық.
І. «Сан
саяхат»
Ата-аналарға:
1. Ұлттық тағам түрлерін
атаңыз
2. Ұлттық ойындарды
атаңыз
3. Нанға байланысты тыйым
сөз білесіз бе?
(Нанды бір қолыңмен
үзбе. Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты
қойма.)
Оқушыларға:
1. Жеті атаңды білесің
бе?
2. Төрт түліктің пірлерін
ата
3. Сүтті төрт
түліктің аттарына байланысты
ата
4. Жылқы туралы мақал-мәтел
айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал.
Адам жылқы мінезді. Жылқы малдың
патшасы.)
ІІ. “Кім жылдам?”
ойыны
-
Ұлттық
тағамдар
-
Ұлттық
сусындар
-
Ұлттық
аспаптар
-
Ұлттық
киімдер
ІІІ. Бейнебаян
көрсету:
«Ата өсиеті» тақырыбындағы
қысқаша бейнебаян көрсету.
https://youtu.be/ueYFyJ8uoSU?si=MOG9csrpx2-6PJhp
ІҮ. Тыйым
сөздер.
Оқушыларға тыйым сөздер
айтқызу, ата-аналар оның мағынасын
түсіндіреді.
Оқушы: Тізеңді
құшақтама.
Ата-ана: Тізені құшақтау - жалғыз
қалудың белгісі .Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою
- ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты
төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң
тыйым салынған.
Оқушы: Үйге кірген жыланды
өлтірме.
Ата-ана: Себебі кей кезде
періштелер жылан бейнесіне еніп дүниені шарлайды екен. Сондықтан
жылан кейпінде келгендердің кейбірі жылан кейпінде болуы мүмкін
деген түсінік бар.
Оқушы: Тұзды бей-берекет
шашпа.
Ата-ана: Себебі барлық тағамның дәмін
келтіріп тұрған тұз. Сондықтан тұз төгілсе ырыс төгіледі, дәм
шашылады, ас кетеді.
Оқушы: Бас киімді кез-келген жерге
тастама.
Ата-ана: Бастан бақ тайып, бас
ауруына тап болады.Адам баласынан қадірлі, қасиетінен қадірлі
ештеңе жоқ.
Сұрақ: Ұрпақ үшін тыйыи
сөздердің пайдасы бар ма?
Ү. «Сыңарын тап»
сәйкестендіреді
Мақал-мәтелдердің сыңарын
табу.
Ата-аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын
мақтатар,.... (әдепсіз бала ата-анасын
қақсатар)
2. Ана сүтін
ақтамағанды.... (ешкім
жақтамайды)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен
без,... (ана
тұрып қыз сөйлегеннен без)
4. Қарағайға қарап тал
өсер,
..
(қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы
бардың...
(көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Оқушыларға:
1. Жығылып жатып, ..
. (сүрінгенге күлме)
2. Күлме
досыңа,...
(келер басыңа)
3. Ауру қалса да,
....
(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала,..
.
(әдепсіз бала сорлы бала).
5. Ұяда не көрсең, ..
.
(ұшқанда соны ілерсің)
Сергіту
сәті:
https://www.youtube.com/shorts/NWGrxSc92AU
ҮІ. “Сұрақ-жауап”
әдісі
•Ата-ана сендерге қандай өсиет
айтады?
•Ата-ананың қандай қасиетін
үлгі тұтасың?
•Үлкендердің батасын алған
сәтің есіңде бар ма?
Сергіту
сәті: «Бәйге» ойыны

|