Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Атадан қалған асыл сөз 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Кейбір оқушылар: • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. шығармадағы эпизодтар мен бейнелер Музыка, қазақ тілі. Сұлулық пен парасаттың жыршысы
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. Жеті жаста Арыстан баб келді маған,

Хақ Мұстафа аманатын берді маған.

Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,

Нәпсім өліп, тәңірі жолына түстім мен де, – деп жырлаған түркі ойшылын анықтаңыз.

A) Ахмет Йасауи.

B) Сәйф Сараи.

C) Жүсіп Баласағұни.

D) Махмұт Қашқари.

E) Әл-Фараби.

2. Жиделі Байсын жеріндегі Қоңырат деген елден шыққан батырды табыңыз.

A) Қобыланды.

B) Естеміс.

C) Ер Тарғын.

D) Қамбар.

E) Алпамыс.

3. «Әмірің қатты Есім хан» деп жыр арнаған XVII ғасыр жырауын табыңыз.

A) Жиембет.

B) Шалкиіз.

C) Үмбетей.

D) Ақтамберді.

E) Бұқар.

4. Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

A) «Өнер-білім бар жұрттар».

B) «Ғылым таппай мақтанба».

C) «Әсемпаз болма әрнеге».

D) «Интернатта оқып жүр».

E) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

5. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.

A) М.Дулатов.

B) Ы.Алтынсарин.

C) Ш.Уәлиханов.

D) А.Байтұрсынов.

E) Ә.Бөкейханов.

6. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Жамалдың сүйген жігітінің атын табыңыз.

A) Жұман.

B) Байжан.

C) Фатихолла.

D) Сәрсенбай.

E) Ғали.

7. Ғ. Мүсіреповтің әйел-ана атымен аталатын әңгімесін табыңыз.

A) «Сұлушаш».

B) «Ақбілек».

C) «Ұлпан».

D) «Ботагөз».

E) «Ақлима».

8. Ғ. Мүсіреповтің әңгімесін табыңыз.

A) «Қазақ солдаты».

B) «Кездеспей кеткен бір бейне».

C) «Талпақ танау».

D) «Көксерек».

E) «Талтаңбайдың тәртібі».

9. Метафораның ерекшелігін көрсетіңіз.

A) Затты, құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысқа балау.

B) Сөзді бұрма мағынасында қолдану.

C) Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

D) Затты, құбылысты әсірелеп, ұлғайтып көрсету.

E) Сөзді тура мағынасында қолдану.

10. «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасының авторын табыңыз.

A) Ж.Саин.

B) М.Шаханов.

C) О.Бөкей.

D) Ш.Мұртаза.

E) Ә.Кекілбаев.

11. «Қорқыт ата кітабына» енген жырдың санын нақтылаңыз.

A) 10.

B) 11.

C) 12.

D) 13.

E) 9.

12. Ер Төстікті жалмауыз кемпірдің қолына ұстап берген адамды табыңыз.

A) Шешесі.

B) Ұры.

C) Кенжекей.

D) Ерназар.

E) Желаяқ.

13. «Перизат», «Жәмсап», «Ағаш ат» дастандарының авторын табыңыз.

A) Ә.Найманбаев.

B) Ы.Сандыбайұлы.

C) Мәшһүр-Жүсіп Көпеев.

D) Ш.Құдайбердіұлы.

E) С.Аронұлы.

14. Үзіндінің авторын табыңыз.

Адамдық борышың –

Халыққа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

A) Ш.Құдайбердіұлы.

B) Ш.Қанайұлы.

C) Ы.Алтынсарин.

D) М.Жұмабаев.

E) А.Құнанбаев.

15. Дүниеқоңыздық пен өгейлік өліміне себепкер болған он жасар Қасым М.Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері екенін көрсетіңіз.

A) «Жетім».

B) «Қыр суреттері».

C) «Қорғансыздың күні».

D) «Кім кінәлі?»

E) «Ескілік көлеңкесінде».

16. Алмастыруды (метонимия) табыңыз.

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

A) Мәз.

B) Қой.

C) Үйі.

D) Шапқанға.

E) Сүйіншіге.

17. Жәнібек ханға «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің...» деп жырлаған жырауды анықтаңыз.

A) Жиембет.

B) Ақтамберді.

C) Асан қайғы.

D) Шалкиіз.

E) Бұқар жырау.

18. Махамбет ақынның философиялық лирикаға жататын өлеңін белгілеңіз.

A) «Толғау»

B) «Нарын»

C) «Ереуіл атқа ер салмай»

D) «Толарсақтан саз кешіп»

E) «Хан емессің, қасқырсың»

19. Б.Майлиннің «коммуниске жазылған» етікші туралы терең психологиялық әңгімесін табыңыз.

A) «Арыстанбайдың Мұқышы».

B) «Сары ала тон».

C) «Айранбай».

D) «Қара шелек».

E) «Шұғаның белгісі».

20. Үзінді кімнің, қандай шығармасынан алынғанын анықтаңыз:

«О, Туған жер! О, қасиетті атамекен! Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа ... Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О, Алла, аманат жанымды бүгін алсаң да ризамын», - деді тәңірге жалбарынып.

A) Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады».

B) М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы».

C) Т.Әбдіков «Қонақтар».

D) Т.Ахтанов «Күй аңызы».

E) Қ.Қазиев «Менің шешем».





Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұратын анықтаңыз.

A) махаббатты жырлау

B) көсемдерге қарсы көтеріліске шақыру

C) әділетсіздікке қарсы шығу

D) елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу

E) ел билеушілерге наразылық

F) ел тәуелсіздігін аңсау

G) оқу-білімге үндеу

H) жақсылық пен жамандықты салыстыру

22. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырларды анықтаңыз

A) Тойбастар

B) Жоқтау

C) Тұсаукесер жыры

D) Қоштасу

E) Беташар

F) Наурыз жыры

G) Жар-жар

H) Бесік жыры

23. Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жырауларды белгілеңіз.

A) Шоқан

B) Біржан

C) Шернияз

D) Ақтамберді

E) Сара

F) Ыбырай

G) Доспамбет

H) Шалкиіз

24. "Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,"- деген жолдарды Абайдың кімге арнағанын табыңыз.

A) Мағауияға

B) Құнанбайға

C) Оспанға

D) Ұлжанға

E) Ақылбайға

F) Кәкітайға

G) Әйгерімге

H) Әбдірахманға

25. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Әке мен бала»

B) «Қыпшақ Сейітқұл»

C) «Өлең – сөздің патшасы»

D) "Атымтай Жомарт"

E) «Өнер-білім бар жұрттар»

F) "Өзен"

G) «Ғылым таппай мақтанба»

H) "Кел, балалар, оқылық!"

26. Ж.Аймауытовтың роман(-дар)ын анықтаңыз:

A) «Тау еліндегі оқиға».

B) «Комплекспен оқыту жолдары».

C) «Ақбілек».

D) «Нұр күйі».

E) «Қартқожа».

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2021
721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12