|
Кезеңдер
Уақыты
|
Мазмұны
|
Әдіс-тәсілдер
|
Ресурстар
|
|
1.Ұйымдастыру (5
минут)
|
Қатысушылармен амандасу. Жылы атмосфера
орнату.
|
"Шаттық шеңбері", танысу ойыны ("Менің атым...
менің арманым...")
|
Презентация
«Әке – асқар тау, ана
– мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы
құрақ.»
«Бала – ананың бауыр
еті.»
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі.»
«Тәрбие – тал бесіктен
басталады.»
|
|
2. Кіріспе бөлім
(10
минут)
|
Тақырыпты таныстыру.
«Атадан – өсиет, анадан – қасиет» ұғымын
ашу.
«Атадан – өсиет,
анадан – қасиет» деген халық даналығының терең
мәні бар. Бұл – отбасындағы әке мен ананың бала тәрбиесіндегі
ерекше рөлін көрсететін ұлағатты
сөз.
Ата – отбасының
тірегі, рухани тәрбиеші. Оның өмірден көргені, түйгені
– өсиет ретінде ұрпағына аманат. Ата өсиеті – тек сөз емес, өмірлік
бағыт, тәрбие мектебі.
Ана – отбасының
жүрегі, мейірім мен парасат иесі. Ананың бойындағы мейірімділік,
сабырлылық, инабаттылық – баланың мінез-құлқына сіңетін қасиеттер.
Анадан дарыған жақсы қасиет – баланың рухани
байлығы.
Демек, әрбір бала – атадан
алған өсиеттің
және анадан
сіңген қасиеттің
иесі.
Осы құндылықтарды бала бойына сіңіре білу – әр ата-ананың басты
міндеті.
|
Миға шабуыл: «Өсиет деген не? Қасиет деген не?»
сұрақ-жауап
|
Ұлттық нақыштағы көрнекіліктер (мақал-мәтел,
нақыл сөздер)
Бейнежазбалар:
Қазақ отбасының тәрбиелік
дәстүрлері

Балаға өсиет айту
дәстүрі

|
|
3. Негізгі бөлім
(30
минут)
|
-
Топтық
жұмыс: "Балаға қандай өсиет қалдырар
едіңіз?"
-
Жағдаяттық тапсырмалар:
Жағдаят 1: «Телефон мен
тәрбие»
Балаңыз үй тапсырмасын орындамай, күні бойы телефон қарап отыр.
Ескерту жасағаныңызда, ашуланып, өз бөлмесіне кетіп
қалды.
Сұрақтар
талқылауға:
Сіздің әрекетіңіз қандай болар
еді?
Балаңызбен қалай сөйлесер
едіңіз?
Тәртіп пен түсіністікті қалай қатар
ұстанасыз?
Жағдаят 2: «Ата-ананың
үлгісі»
Балаңыз өзгелермен дөрекі сөйлей бастады. Мұғалімімен де,
достарымен де сыпайы қарым-қатынаста емес. Сіз бұл мінезі үйдегі
бір ата-анадан көргенін байқайсыз.
Сұрақтар
талқылауға:
Мұндай жағдайда сіз
не істер едіңіз?
Үлгі болу дегенді
қалай түсінесіз?
Өз әрекетіңізді
өзгерту қажет пе?
Жағдаят 3: «Мамандық
таңдауы»
Балаңыз болашақ мамандығын өзі таңдағысы келеді, бірақ сіз оған
басқа бағыт ұсынғыңыз келеді. Оның арманы мен сіздің көзқарасыңыз
сәйкес келмейді.
Сұрақтар
талқылауға:
Бұл жағдайда ата-ана ретінде не істер
едіңіз?
Балаға кеңес беру мен қысым көрсетудің ара жігін
қалай ажыратуға болады?
|
Постер қорғау, пікір алмасу, рөлдік ойындар, ой
қозғау
|
Плакаттар, маркерлер, түрлі-түсті
қағаздар
Жағдаяттық тапсырмалар жазылған
парақтар
|
|
4.
Сергіту сәті (5
минут)
|
«Сөзден мән ізде»
ойыны (ұлттық сөздердің мағынасын
табу: ибалы, ар, ұят, тәлім
т.б.)
Мақсаты: ұлттық сөздердің мағынасын
түсіндіру арқылы қазақи тәрбиенің мән-маңызын ашу, ұлттық
құндылықтарға қызығушылығын
арттыру.
Өткізу
тәртібі:
Әр топқа 1 минут
ішінде ұлттық құндылыққа байланысты
1 сөз
беріледі.
Топ мүшелері өз
түсініктерін айтып, сөздің мәнін ашады (мысалы, сипаттама, өмірмен
байланыстыру, мысал
келтіру).
Соңында әр сөзге
байланысты нақты
анықтама беріледі.
Ойынға ұсынылатын
сөздер:
|
Сөз
|
Қысқаша
түсініктеме
|
|
Ибалы
|
Әдепті, ұяң, үлкенге құрметпен қарайтын
адам
|
|
Ар
|
Адамның ішкі ұяты мен намысы, рухани
тазалығы
|
|
Ұят
|
Қоғамда, отбасында қабылданған ережелерді бұзудан
туған ішкі сезім
|
|
Тәлім
|
Ата-ана, ұстаз тарапынан берілетін өнегелі
тәрбие
|
|
Сабыр
|
Қиын
жағдайда өзін ұстай білу, төзімділік
таныту
|
|
Мейірім
|
Жанашырлық, жүректен шыққан
жылулық
|
|
Ізет
|
Үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор
болу
|
|
Қанағат
|
Барға шүкір етіп, ашкөз болмау
қасиеті
|
|
Батырлық
|
Қорықпай, елі үшін күресе
білу
|
|
Парасат
|
Ақыл
мен рухани тереңдікті біріктірген
қасиет
|
|
Ширату
ойыны
|
ұлттық құндылыққа
байланысты сөздер жазылған қима
қағаздар
|
|
5. Практикалық тапсырма
(5
минут)
|
"Ақ жүрек"
тренингі: Баласына арнаған жүрекжарды
тілек жазу "Өсиет
бұрышы": Ұлына/қызына арналған бір ауыз
ұлттық тәрбие сөзі
|
Жазбаша және ауызша
кері байланыс
|
Ақ жүрекшелер (тілек
жазуға)
|
|
6. Қорытынды бөлім
(5
минут)
|
Шеберлік сыныптан
түйген ойларын бөлісу, кері
байланыс
|
"Екі жұлдыз, бір
тілек" әдісі, анкета
|
|