Материалдар / Атажұрт интеллектуалды ойыны.

Атажұрт интеллектуалды ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атажұрт интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білу, тарихи шежірелер мәдениетінің ұлттық рухани танымдық, қасиеті киелі асыл мұралардың қазынасын жас ұрпақтың сана - сезіміне сіңіру.
Көрнекілігі: Өткел, Белес Бекет, Асу, Жерұйық бейнелері жазылған таспа.
Ойынға
9 сынып оқушыларынан екі топ қатысады
“А”тобы “Шер
қала ”.
“Б” тобы “
Отпан тау”.

I. Бөлім “Өзін өзі таныстыру” екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.


II. Бөлім 1 - Тур: “
Өткел

Топ басшылары 10 сұраққа жауап береді. 1 сұраққа - 5 ұпай.


1. Маңғыстау обылысы қай жылы құрылды? (1973ж 20 наурыз)
2. «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы ? (Әбіш Кекілбаев)

3. Ақтау қаласының бұрынғы атауы және аталу себебі? (Шевченко, украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне)
4. Маңғыстау облысында неше әкімшілік аудан бар? Орталықтарымен бірге атап көрсет?
5.
«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» - деп айтқан кім?

6. Маңғыстау обылысы 1988 жылы таратылды, екінші рет қай жылы құрылды? (1990ж 17 тамыз)
7. Әйгілі «Адай» күйінің авторы? (Құрманғазы)
8. Мұнайшылар қаласы? (Жаңаөзен )
9. Маңғыстауды қазіргі қазақ халқына дейін неше халық мекен еткен? (Жеті)

10. Маңғыстау обылысында орналасқан қорық? (Үстірт)

II - тур
Белес. «Маңғыстау осы – ата-бабамды ақ бесігінде тербеткен»

Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады (көмек алғандығы үшін 3 ұпай кемітіледі).


1 Жеңген команда бастайды.
I - топ сұрақтар
Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. 
Сұрақ: Каспий көлінің бұрынғы атауларын ата?
Көмек: көл аттас сақ тайпалары болған
Дұрыс жауабы: Хазар, Гиркан, Хвалын

2. Сұрақ; Маңғыстаудағы қасиетті орындардың бірі. Мұнда адай тайпасының ардақты азаматтары (Тіней Есекмерген, Құнанорыс Лабақ, Кенже Қонай, Есен Сейіт, Бәйімбет Әнет, Төлеп жары Сүйінқара, Тіней Шөнен би, Жанай Қожаназар бай) жерленген. Қорымның тарихы тым ертеден басталады. Адайларды осы өңірге алғаш орналастырушы жолбасшылардың, батырлардың, билердің, бай-мырзалардың бейіттері осы қорымда
Сұрақ: Бұл қасиетті жердің аты ?
Көмек: Бұл жерді Адай тайпасының пантеоны деп атайды
Дұрыс жауабы: Сейсем ата


3. 1832 жылы Маңғыстауға Хиуа хандығы әскері шапты, батыр со шайқаста қаза тапты, оны түрікпендер Адайдың атақты батыры Сүйінғара деп ойлаған түрікпендер басын кесіп еліне алып кетеді, халық денесін жерлеп басына дулыға типтес кесене тұрғызған?

Сұрақ. Бұл кім.?
Көмек: Беріш руының атақты батыры
Дұрыс жауабы: Құлбарақ ата


II – топ 1.
Бұл түбек  Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан. оңтүстік-шығысында Үстіртке дейін, солтүстігінде Каспий маңы ойпатынан оңтүстігінде Қарабұғаз шығанағына дейін 390 км-ге созылып жатыр.

Сұрақ: Түбектің аты және қандай кіші түбектерден құралған?
Көмек. Түбек аттас аудан бар
Дұрыс жауабы. Маңғыстау түбегі, Бозашы және Түпқараған түбектері

2.
 Бұл жер астындағы мешіті Қазақстандағы ең үлкен және ең көне жерлеу-діни кешендерінің бірі болып табылады. Жер асты мешіті Қаракия ауданынындағы Сенек ауылының солтүстік-шығысқа қарай 12 км-де орналасқан. Халық арасында жер астындағы мешіттің пайда болуы туралы аңыз бар. Аңыз бойынша Шопан-ата аты аңызға айналған Ахмед Яссауи сопының шәкірті болғандығы, Ата аса таяғын лақтырғандығы, осы жерден тәлімгерлерінің асатаяғын тауып алып, жерге шаншылған асатаяқтан ағаш өсіп, ол осы күнге дейін өсіп келеді, оның жасағанына 800 жыл болғандығы, кейін мешіт салынғандығы баяндалады.
Сұрақ. Жер асты мешітінің аты?
Көмек: Халық Бекет атаға барар жолда осы жерге міндетті түрде барады
Дұрыс жауабы: Шопан ата


3. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған көлемі мен поэтикалық құндылығы жөнінен шығыстың «Мың бір түнінен» асып түспесе, қалыс қалмайтын ноғайлы батырлары мен билері әулетінің бірнеше ғасырлық тарихи шежіресінің көркембаяны болып табылатын «Қырымның 40 батыры» жырлар циклінің бүкіл адамзаттың рухани асыл мұрасына айналуына жол ашқан, әлемде теңдесі жоқ асыл мұрамызды жырлап жеткізуші

Сұрақ: Жыршының аты кім ?
Көмек: Форт-Шевченко қаласында жырщыатында мұражай бар
Дұрыс жауабы: Мұрын жырау




III - Бөлім. Бекет.
«Маңғыстау деген түбектен,

Дүлділдерден кім өткен»

Сәйкестендіру (Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай )





IV Бөлім “Асу ” «
Маңғыстау - мың ғажаптың мекенісің»

5 ұпай
Тақтада 12 терезе..
I. Дүние жүзіндегі ең терең ойпаттардың бірі Қарақия ойпатының тереңдігі?
Дұрыс жауабы: (-132м)
II.
 Бұл орын – кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады. Үңгір табанында шағын көлшік бар, бұл орын Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде, бұл қай жер?
Дұрыс жауабы: (Тамшалы)
III.
Ерте кезде бұл жерде адайлар мен түркімендер арасында қырғын соғыс болған. Түрікпен-қазақ қырғынында осы ұшпаға түрікпендер орналасып алып, жаугершілік жасаған. Бұл ұшпаның жан-жағы тегіс тас, өтетін жері, жолы болмаған. Тек бір ғана жолы ішінде су алатын түрікпендердің тіршілік еткен көзі үлкен шыңырауы болған. Жоғарыдағы жауға ештеңе істей алмай, құруға жақын қалған қазақтар ақыры амалын тауып¬ты. Олар шыңыраудан қауіпсіздеу бір шетін тесіп, сол жерден түрікпендердің су алуға түсірген қауға, шелегін кесіп тастап тұрған. Ақырында шөлден қырылып, қаталаған түрікпендер берілген. Бұл қандай жер?
Дұрыс жауабы: (Шерқала)
IV. Маңғыстау обылысының ең солтүстік ең шетіндегі ауыл, ауыл атауы құдыққа байланысты қойылған?
Дұрыс жауабы: (Ақшымырау)



V. Бұл киелі орын Ақтау Бейнеу тас жолының бойында Үстіртке көтерілер жерде орналасқан. Бұл киелі орынға жолда жүрген жолаушылар міндетті түрде тоқтап, аяқ шалдырады
Сұрақ: Бұл жердің аты
Дұрыс жауабы: (Ман ата)


VI. Маңғыстаудың ең биік шыңы Бесшоқының биіктігі?
Дұрыс жауабы: (556м)
VІІ. Облыс орталығынан 115 км жерде, атауы бұта тектес ағаш атауынан шыққан елдімекен?
Дұрыс жауабы: (Жыңғылды)
VІІІ. Бұл елді мекенде шұбат өндірумен айналысатын шаруа қожалығы орналасқан, Қожалық жақын маңдағы мұнай кен орнының мұнайшыларын шұбатпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ елдімекен
аумағында “Дәніспан”, “Итолы”, “Шақпақ Ата”, т.б. көпке танымал қорымдар мен тарихи ескерткіштер бар?
Дұрыс жауабы: (Таушық)
ІX. Маңғыстаулық жазушы, жуналист.
«Маңғыстау аңыздары», «Үлкен вахта», «Қара тасқын», «Жеті қат жер астында», «Сүйінғара» секілді деректі хикаялары, повестері мен романдардың авторы, қазіргі таңда облыстағы ірі елдімекендерде жазушының атында мектеп және көше атаулары бар

Дұрыс жауабы: Маршал Әбдіхалықов

X.
Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарыңда ауыз су және мал суаратын су алу үшін қазылатын өте терең құдықтардың ортақ атауы, құдықтарды бұрын көшпенді қазақтар жиі пайдаланған, Ә.Кекілбаевтың осы аттас шығармасы бар?
Дұрыс жауабы: (
Шыңырау)

XІ.
Адайдың батыр қыздарының бірі, руы жарының бектеміс бөлімінен. Ол – жаугершілік заманда ат үстінен түспегей, белінен бесқаруын тастамай, ел қорғаны -ер азаматтармен бірге талай қанды жорықтарға қатыса отырып, Отанын басқыншы жаулардан қорғаған батыр қыздарымыздың бірі. Ал бейбіт күнде ауылды азық –түлікпен қамтамасыз етуге белсене араласқан, аңшы–мерген атанған ару. Осы әулие қыздың қорымының жанында Қазақстандағы ірі мұнай кен орны орналасқан?
Дұрыс жауабы: (Қаламқас)


XІІ. Шетпе кентіне жақын маңда орналасқан бұлағы бар, жасыл желекке оранған демалыс орны, дәл қасынан «Қызылқала» атты керуен сарайы табылып зерттелу үстінде жәнеде 4-5 км жерде атақты Шерқала тауы орналасқан. Демалыс орнында Адайдың атақты ғашықтары Қайып пен Ақбөбектің ескерткіші бар?
Дұрыс жауабы: (Ақмыш).

V. “Жерұйық”
Маңғыстау сөзінің шығу тегіне байланысты төрт түрлі болжам бар, осы болжамдарды 3 минут уақыт беріледі топ ақылдасып қағазға түсіру.

1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты"мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы"дегенді білдіреді 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ