Еңбекшіқазақ ауданы
«Бөлек батыр атындағы орта
мектеп» кмм
тарих пәні
мұғалімі
Елеусизова Жанаргүл
Қанапьяқызы
«Атажұрт» интеллектуалдық-тарихи-танымдық
ойын
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін жинақтай отырып,
ойлау, сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына
деген құрмет сезімі қалыптаса отырып, Отанымыздың тарихын
зерттеп-зерделеуге үлес қосады. Шығармашыл тұлға екендігін
көрсетеді.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, тарихи құжаттар, ҚР картасы,
безендіру құралдары,әзірлемелер.
Қатысушы: 8
сынып оқушылары. «Жас қыран» және «Өркен» топтары
Жоспары:
І
тур: «Қанат қақты»-топ басшыларының сайысы 10сұраққа тез жауап
беру
ІІ
тур: «Тапқыр болсаң тауып көр» хронологиямен
жұмыс
ІІІ
тур: «Тарихи көмбе» тарихи терминдермен жұмыс
ІҮ
тур: «Тұлғаны таны» тарихи тұлғалар
Ү
тур: «Өзіңді тексер»
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар,
оқушылар! Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан,
туған жер, атамекен, елім, ауылым деген –жүрек тебірентіп, шаттық
сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін
білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. «Тарих тереңінен болашақ
биігіне» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды
тарихи-танымдық ойының бастауға рұқсат етіңіздер.
Кімдер күшті, кім алғыр,
Әділ қазы көріңіз.
Қара қылды қақ жарып,
Әділ баға беріңіз - дей келе, қазылар алқасымен таныс
болайық.
Ал,
іске сәт дей отырып ойынымызды бастайық.
І
тур «Қанат қақты» деп аталады, мұнда әр топ басшылары сұраққа тез
жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай
«Жас қыран» командасына
сұрақтар
Топ
басшылар сайысы
1.ХҮІІ ғ. 40ж. Қазақстанға ерекше қауіп төндірген
мемлекет (Жоңғар)
2.
Жекпе-жекте Аңырақ қай батырдың қолынан қаза тапты
(Бөлек)
3.
Кенесары көтерілісі қай жылдарда болды.
(1837-1847)
4.Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы қашан
құрылды? (1635)
5.
Абылай ханның кеңесшісі болған жырау ( Бұқар)
6.
Кіші жүзде хандық билік қашан қашан жойылды?
(1822)
7.Қарақұмдағы жиын қашан болды?
(1710ж.)
8.С.Датұлы бастаған көтеріліс қай жылы
болды? (1783-1797)
9.Сенім грамотасына қол қойған
кім? ( Анна Ионовна)
10.Қазақстанның батысындағы
өзен.(Жайық)
«Өркен» командасына сұрақтар:
-
1783-1797 ж.көтерілістің мақсаты? – (жерді
пайдалану жүйесін қалпына келтіру)
-
«Ақтабан шұбырынды» қай жылдары болды? (1723-1728
жж)
-
Қазақ хандығының негізін қалағандар? (Жәнібек,
Керей)
-
Сібір қазақтарының жарғысы қашан қабылданды?
(1822ж.)
-
Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен?
(Ертіс)
6.
«Жеті жарғы» қай хан тұсында қабылданды? ( Тәуке)
7.
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күші ( шаруалар)
8.
Бөкей хандығы құрылған жыл (1801)
9.Е.Пугачев бастаған көтеріліс болған жыл
(1773-1775)
10.
Верный бекінісінің негізі қаланды? (1854)
Ұпай санын белгілеу.
ІІ
тур: «Тапқыр болсаң тауып көр» Сәйкестендіру -хронологиямен
жұмыс
«Жас қыран» командасына
сұрақтар
Әр
дұрыс жауапқа 1ұпай
1710 ж.- Қарақұмдағы жиын
1836-1838ж. – Исатай мен Махамбет бастаған
шаруалар көтерілісі
1743ж.- Орынбор қаласының
салынуы
1835-1865ж.- Ш.Уәлиханов өмір сүрген
жылдар
1822 ж- Сібір қазақтарының
жарғысы
«Өркен» командасына сұрақтар:
1726ж.- Ордабасыдағы жиын
1783-1797ж.- Сырым Датұлы бастаған шаруалар
көтерілісі
1735ж.- Ор бекінісінің салынуы
1845-1904ж.- Абай Құнанбайұлы өмір сүрген
жылдар
1824ж- Орынбор қазақтарының
жарғысы
ІІІ
тур: «Тарихи көмбе» тарихи терминдермен жұмыс
Әр
дұрыс жауапқа 1ұпай
«Жас қыран» командасына
сұрақтар
Ақсүйек- хан,сұлтан,қожа
ұрпақтары
Сойырғал- салық, мұрагерлік жер
иелігі
Мистика- табиғаттан тыс күштің бар екендігіне
сену
«Өркен» командасына сұрақтар:
Жатақ- кедейленген егіншілікпен айналысатын кедей
шаруа
Зекет- мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардан
алынатын салық
Тархан- феодалдық салықтан босатылған жер
иеліктері
ІҮ
тур: «Тұлғаны таны» тарихи тұлғалар
Әр
дұрыс жауапқа 1ұпай
«Жас қыран» командасына (Абылай
хан)-
1)Қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына
келтірген, елдің дамуына өзгеріс енгізген,мемлекет қайраткері,
1711ж. дүниеге келген. Ақылымен,ержүректілігімен , табандылығымен
көзге түскен.
2)
Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны
зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік
атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар
орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің топографиялық
суретін түсірген тарихи тұлға кім?
Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып,
әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.
(Шоқан
Уалиханов)
«Өркен» командасына Кенесары
хан
1) «Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша
үкіметінің құрамына кірмеген, өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ
жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату. Қазақтарды
Қоқан бектері мен хиуа хандығының езгісінен азат ету. Бұл
көтерілістің қозғаушы күші қарапайым шаруалар болды. Көтеріліске 80
старшын мен сұлтан қатысқан. (Бұл көтеріліс қай жылы болды және оны
кім басқарған.) (Кенесары)
2)Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық
орынаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске
алады. .Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин даналығы, ол билеудегі
шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер
Ликургке теңеген. Осы тарихи тұлғаны атаңыз (Тәуке
хан)
Ү
тур: «Өзіңді тексер»
Әр
дұрыс жауапқа 1ұпай
2
топқа 10 сұрақтан тұратын тапсырма беріледі. Топ мүшелері «иә»
«жоқ» деген белгі қою арқылы дұрыс жауапты
табады.
Тәуелсіздік
таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін,- дей отырып, бүгінгі додадан кім
озып шыққанын білу үшін сөз кезегін әділқазы алқасына
берелік.
Марапаттау
рәсімі
Осымен бүгінгі
іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк
жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз
қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз
сымбатты болсын! Қош сау
болыңыздар.
«Атажұрт» интеллектуалдық-тарихи-танымдық
ойын
Тарих пәні мұғалімі:
Ж.Елеусизова
2017-2018 оқу жылы
«Атажұрт» интеллектуалдық-тарихи-танымдық
ойын
№
|
Топтың аты
|
І
тур
|
ІІ
тур
|
ІІІ
тур
|
ІҮ
тур
|
Ү
тур
|
Ортақ ұпай
|
1
|
Жас
қыран
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Өркен
|
|
|
|
|
|
|