400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Атажұрт» зияткерлік ойыны 5-6 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне тәрбие сағатында қолдануға болады, тарих, тіл және әдебиетке байланыста оқушылардың білімдерін толықтыруға, тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін жетілдіруге көмегін тигізеді. Сыныптан тыс жұмыстарға қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Атажұрт» зияткерлік ойыны


Мақсаты: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған тарихын білуге және қастерлеуге үйрету, жан - жақты, білімді, жігерлі тұлға тәрбиелеу.

Ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет». (Ш.Уалиханов)

Тақырыбы: «Мәңгілік Ел».

Барысы:

Жүргізуші:

Құрметті мұғалімдер, оқушылар және ойынға қатысушылар! Бүгінгі «Атажұрт» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Ойынға қатысушыларға сәттілік тілейміз.

  • «Атажұрт» зияткерлік ойынының өтілу барысымен таныстыру.

  1. Өткел.

  2. Белес.

  3. Бекет.

  4. Асу.

  5. Жерұйық.

  • «Атажұрт» зияткерлік ойынына қатысушы топтармен таныстыру.

І топ: «Қазақ елі».

ІІ топ: «Бәйтерек».

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру.

І. Өткел.

  • Таныстыру.

І топ - «Қазақ елі».

Ұраны: «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы».

ІІ топ - «Бәйтерек».

Ұраны: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен білімің екі жақтап».

  • Төсбелгі қорғау.

  • Үй тапсырмасы:

«Мәңгілік Ел» тақырыбында буклет жасау және қорғау.

ІІ. Белес.

  • Сұрақтарға жауап беру.

  1. Елбасының халыққа Жолдауы қай жылдардан басталды? (1997 ж.)

  2. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қашан қабылданды? (2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.)

  3. «Мәңгілік Ел» деген ұғым нені білдіреді? (болашағы біртұтас ұлт.)

  4. Патриотизм дегеніміз не? (Отанға деген сүйіспеншілік, отан үшін мақтаныш және оның жалпыға бірдей игілігі үшін қызмет ету.)

  5. Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы қанша метр, ол нені білдіреді? (97 метр, Алматыдан Астанаға көшкен жыл.)

  6. «Қазақ елі» монументі қанша метр, онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? (91 метр, 205 тонна)

  7. Қазіргі Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ)

  8. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)

  9. 1991 жыл 2 қазан - осы жылы қандай оқиға болды? (Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышқа ұшты.)

  10. 1991 жыл 1 желтоқсан -осы жылы қандай оқиға болды? (Н.Ә.Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайланды.)

ІІІ. Бекет.

  • Мақалдың мағынасын ашу. (топ басшылары)

  • Туған жер - ұлдың Отаны,

Атамекен - ұлттың Отаны.

  • Бірлігі жоқ ел тозар,

Бірлігі күшті ел озар.

  • «Отан», «Өлке» сөздеріне «Мәңгілік Ел» тақырыбы бойынша сөздер құрау.

ІҮ. Асу.

  • 4 пәнге байланысты сұрақтарға жауап беру.

  • Қазақ тілі.

  1. «Биік, жақсы» сөздерінің антонимін айт. (аласа, жаман)

  2. «Әдемі» сөзінің синонимін айт. (сұлу, көркем)

  • Орыс тілі.

  1. Раздел науки о языке, который изучает звуки речи? (фонетика)

  2. Что такое глагол? (часть речи, которая обозначает действие и отвечает на вопросы что делать? что сделать?)

  • Әдебиет.

  1. Тойбастар, тұсаукесер, бата-тілек жырлары қандай жырларға жатады? (тұрмыс-салт жырлары)

  2. «Бала Тұрар» шығармасының авторы? (Шерхан Мұртаза)

  • Тарих.

  1. Тарих ғылымы нені зерттейді?(Адамзаттың ежелден бүгінгі күнге дейінгі басынан өткізген оқиғалары туралы ғылым.)

  2. Этнография дегеніміз не? (Әдет - ғұрып, салт - дәстүрді зерттейтін ғылым.)

Ү. Жерұйық.

  • Әділ қазылар алқасына сөз беру. Жеңімпаз топты анықтау.

Жүргізуші:

  • «Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар» деген тілекпен «Атажұрт» зияткерлік ойынын аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

«Атажұрт» зияткерлік ойыны

5 - 6 сыныптар

Топ аты

Өткел

10

Белес

10

Бекет

10

Асу

40

Жерұйық (жалпы ұпай саны)

«Қазақ елі»









«Бәйтерек»


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22.04.2019
1296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі