жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Аталар мұрасы-халық қазынасы" ашық тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Жоспар:
-
Аталар сөзі – ақылдың көзі.
-
Ата өсиеті.
-
Баталы құл – арымас.
-
Жарасып тұр дәстүрім.
Мұғалімнің сөзі: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттар туралы ән.
Туған жер әні: Назирхан Жансая ,Жақсылық Іңкәр
Жібек: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Ізі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Аян: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап....
Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 28 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей.
Іңкәр:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Жансая: Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен
Әлия:
Қалай
қиып қарттарды тастайды екен!
Қиналғанын баласы білмей ме екен!
Жастары да олардың келіп жеткен
Жалғыздықтан жабырқап жүріп кеткен.
Өзі кейін шал, кемпір болмай ме екен
Қарттар үйі оларға пана мекен
Қарттар үй болмаса қарттар да жок
Бірақ соны балалар уғар ма екен?
Жасұлан: Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Сүндет: Аталар – асқар таудай
қорғанымыз,
Аналар – саясы мол орманымыз.
Қызығын ұрпағыңның көре берші
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.
Нұрлан: Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса құлама.
Ер жетсем де еркелігім қалмайды
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.
Сүндет: Тербетіп ақ бесікте аяладың,
Бойдағы ізгілікті аямадың.
Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,
Анашым өзіңсің ғой сая бағым.
Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.
«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына сіңірейік.
Көрініс «Ата өсиеті.» ертегісі.
Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!
Қарт: Аманбысың, балам!
Балам,бақытты болу оңай ма?
Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында
Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.
Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлең.
Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!
Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.
Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.
Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
- Иә барлығымыз сақтаймыз
Ұлытау биі: Қыздар тобы
Аружан: Мейірімі мол ананың
Жүрегі жылы қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең.
Сабақты қорыту.
Қазақтар – «
Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету,
қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында
адамның парыз-міндеті өлшеусіз. «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз
айтқандайміне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында
қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі
мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп
сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар,
қадірлеңдер!
Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
Аталар сөзімен өсіп өнген,
Бабалар бұлағынан нәр алған,
Даналар өсиетінен тәрбие алған,
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.
Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген