Атаңның
ұлы болма, адамның ұлы бол
Мақсаты:
Оқушыларды ел аузында жүрген халық
даналарымен таныстыру. Олардың
еңбектерімен, құнды дүниелерімен
таныстыру. Сол халық даналарын үлгі ете
отырып, оқушыларды көпшіл болуға,
адамгершілікке, халқын сүюге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Халық даналарының суреттері, және
олардың қанатты сөздері, әр түрлі
карточкалар.
Әдіс
- тәсілдер: Мұғалімнің сөзі,
коммуникативті.
Барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі: Тәрбие сағаттың басында оқушылар
5 топқа бөлінеді. Әр топтың жетекшісі
анықталады. Оқушыларға бірнеше мақал
– мәтелдер беріледі. Әр топ мақалдарды
оқып, мазмұнын ашады. Сол арқылы бүгінгі
тәрбие сағаттың тақырыбы анықталады.
Мақалдар:
1.Отан – отбасынан басталады.
2.
Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол.
3.
Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің
мұратқа
Жаманмен
жолдас болсаң каларсың ұятқа.
4.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
5.
Тәрбие тал бесіктен.
Мұғалімнің
сөзі:
ҚР
президенті Н. Ә.Назарбаев «Ел болашағы
– жастардың қолында» деп жастарға үлкен
сенім артқан. Сол себепті де сіздер
еліміздің болашақ арқасүйер азаматтары
мен азаматшалары ретінде мектеп
қабырғасында жүргенде болашаққа
басылатын қадамдардың алғашқы сатысы
ретінде сабақты жақсы оқып, сауатты
болуға тиістісіздер. Абай атамыз «Сен
де бір кірпіш дүниеден кетігін тап та,
бар қалан» деген. Яғни өздеріңіздің
жандарың қалаған мамандықты таңдап, өз
игілігің үшін ғана емес халық үшін, ел
боашағы үшін аянбай қызмет етіп, өмірден
өзіңе лайықты орын алу керек.
Тапсырма:
Әрбір
оқушы, әрбір азамат сол қадамдарға жету
барысында бір тұлғаны өзіне үлгі тұтып,
сол тұлғаның бойындағы адами қасиеттерді
өз бойына жинағысы келері анық. Біздің
қазақ халқының үлгі болатын тұлғалары
қазақ еліне ғана емес, барша әлемге
танымал біртуар алып тұлғалардың көп
екені белгілі.
Оқушылардан
қазақ халқының кандай ұлы тұлғаларын
білетінін сұрау және олар жайында
мағлұмат беріп кету.
Әр
топқа А3 форматтағы қағаздар беріледі.
Топ мүшелері тақырып бойынша өз ойларын
білдіреді.
Бекіту:
Класс
оқушылары орындарынан тұрып, шеңбер
құрады. Шеңбер құру арқылы оқушылар
бір- біріне тоқыма жіптің көмегімен
тілек айтады. Нәтижесінде тор құрылады.
Мұндағы мақсат тор неғұрлым мықты болса,
еліміздің тұғыры мықты болады. Елбасымыз
айтқандай «Ел болашағы – жастардың
қолында» деп тәрбие сағатымызды аяқтап,
әрбір оқушы келесі тәрбие сағатына
тақырып бойынша эссе жазып келулері
қажет.