жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Аталар сөзі ақылдың көзі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
«Алқатерек орта мектебі»КММ
Тәрбие сағаты:
«Аталар сөзі- ақылдың көзі»
Дайындаған:Әлеуметтік педагог.
Ташимова Нұргүл Төлегенқызы
2019-2020 оқу жылы
Күні: 05.02.2018 |
Сынып сағаты |
||
Тақырыбы |
Аталар сөзі – ақылдың көзі |
||
Мақсаты |
Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қарттардың кеңесіне құлақ түре отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар өнерін шыңдау. |
||
Міндеттері |
Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. |
||
Күтілетін нәтиже |
Әдет-ғұрып – қоғамдық жосық ережелерін дәстүрлі түрде белгілейтін көпшілік мақұлдаған тәртіп. Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра. Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппен белгіленген әрекеттер. |
||
Ресурстар |
Нақыл сөздер |
||
Ұйымдастыру |
Мұғалімнің іс- әрекеті Бабалар
сөзі - кешегі өткен қариялардан,
ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден,
ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра,
мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
|
Оқушының іс- әрекеті Ата салты – ардақты Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң Тістерсің бір күн бармақты. Көп жасаған қария Ақылы теңіз – дария Көп өнеге сөзі бар Сөзі соқпақ, өзі нәр.
|
|
Ынтымақтастық атмосферасы,топқа бөлу |
Түрлі салт дәстүрлер бейнеленген суреттерге жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады. |
Бір - біріне тілек айтады. |
|
Ой қозғау |
Адамның сәні- өнер-білімі ақылы, Жердің сәні- жеміс, өнім дақылы. Сөздің сәні - өнегелі өткір нақылы. Пікірдің сәні- ең пайдалы мақұлы- деп сөздің сәні мақал-мәтелдер мен тиым сөзер айтамыз Кезекті оқушыларға берейік Отқа су құйма, түкірме.Себебі, кезінде ата-бабаларымыз отқа табынған.От өмір, тіршілік көзі саналған. Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар. Қазақ түнде мал, адам санамайды.Себебе, басың кемиді деп есептеген. Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе.Себебі, пышақ ұзарып кетеді. Үйге қараай, үйді айналып жүгірме. Күлді., тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады. Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама, тек қаралы адамдар ғана осылай отырады. Бас киімді лақтырма, теппе, басың ауырады. Нанды шашпа, баспа, нан-өмір нәрі. Туысыңа ит, пышақ сыйлама.Себебі, араз болып қалуың мүмкін. Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма. Үш күн айтта кір жууға , шаш, тырнақ алуға болмайды. Адамға ажал шақыратын мына ырымдар.Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатуға болмайды. Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімін ұстап сабын жерге сүйретпейді.Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды. Міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып шық.Себебі « таңғы тамақ тәңірден» деген сөз бар. |
Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды. |
|
«Фишбоун» әдісі |
Ендігі
кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман
екендігімен, қасиетті ұғымдармен
танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс
түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар
болып сайысқа түсеміз. Сұрақтарға
жауап беру кезегін алдымен қонақтарға
береміз, соңынан оқушылар
толықтырады. Алты
алаш деген не? |
Сұрақтың жауаптарын балықтың қаңқасына жазады. Жерден
ауыр дегенім – ақыл, білім, |
|
Кім көп біледі? |
Салт дәстүр туралы мақал мәтелдер айту 1.
Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің
күйесің) |
Топтар мақал мәтел айтып жарысады. |
|
Қорыту |
Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар. |
Ойларын қорытады. |
|
Бағалау |
Бір бірінің жұмыстарын бағалайды |
|
|
Рефлексия |
«Бір ауыз айтайын» әдісі арқылы сабақты қорытындылау Туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп. Ашық болсын күніміз, Ашылады нұрымыз. Бай тұлғалы өңірде, Айтылады жырымыз! – деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз. |
Әр оқушы бір сөйлеммен сабақта алған әсерлерін,тақырып жайлы ойларын айтып шығады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген