400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аталы сөз-баталы сөз" Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі

«Ю.А. Гагарин атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ







Shape1











Зерттеу жұмысы



Тақырыптың авторлары:

Косолапова Юлия

7 «А» сынып

Шемонаиха қ.

Секция: қазақ тілі мен әдебиеті

Бағыт: этнопедагогика

Жетекші: Ахметова Асем Саяхметовна













2018 – 2019 оқу жылы

Shape2 -Кіріспе-

Кез келген халықтың өзіндік болмыс бітімі, салт-дәстүрі, рухани мұралары болады. Уақыт озған сайын бұл рухани мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілік те арта түседі. Өйткені ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес інжу-маржандарын оқып-үйрену –бізідің парызымыз.

Мен «Аталы сөз-баталы сөз» тақырыбын таңдаған себебім, атадан қалған сөз ешқашан ескірмейді,яғни ол өміршең тақырып, сондықтан сөз маржандарын оқып-үйренуді өзіме міндет санаймын.

Мақсатым- қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын бағалап,бата және оның түрлері туралы жан-жақты білім алып, қаламыздағы қарияларымыздың баталарын алу.Бұл тақырып мені қатты қызықтырды және ертең ержеткенде бұл білімім маған өте қажет болады деп ойлаймын. Зерттеу жұмысымның барысында мен әртүрлі әдебиеттерді, басылымдарды ақтардым, мектебімнің кітапханасын пайдаландым.Мұғалімім зерттеуге тиісті әдістерді көрсетіп, бағыт берді. Мен зерттеу жұмысымды саралау, талдау, салыстыру, ой түю, интервью алу әдістерімен іздене отырып жүргіздім.

Бата дегеніміз не?

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі –бата сөздер. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Көп тілеуі- көл» деп ұққан қазақ халқы келер ұрпаққа бата беріп, ақ тілек, адал ниет білдіруді дәстүр тұтқан.

Бата беру адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.Бата қысылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, әрбір іс-әрекетке даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептеген.

Қазақ халқының сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уалиханов, А.Васильев, Г.Потанин,т.б зерттеушілер назар аударып,жинап жариялаған.

Ғалым-зерттеуші Шоқан Уалиханов та қазақ халқының фольклоры туралы өзінің көзқарасын аңғартып, құнды талдаулар беріпті: «Бата-қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты,ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделеді». Менің ойымша, осы екі пікірдің екеуі де жақсы айтылған. Батаның түрлері былай жіктеледі:



Зерттеу бөлімі

« Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, қазақ халқы атадан мұра болып келе жатқан қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Атадан қалған сан мұралардың бірі-БАТА.

Бата, тілек –Адам баласына жақсылық ойлау, оған тілек айту қазақ халқының дінге байланыссыз, алғашқы қауымнан қалыптасқан дәстүрі. Кейіннен келе тілек айту сол тілекке жету «Құдыретке байланысты» деген сеніммен бата қалыптасты да оған діни сөздер тірек болды. Шын мәнінде бата дегеніміз-тілек, тілек дегеніміз –бата. «Үйің құтты болсын», «сапарың оң болсын», «Жақсы жатып жайлы тұрыңыз» деген тілектер, қыска баталық сөздер. Бата , тілек жастарды бірлікке, әділдікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Бата ризашылық ниеттің көрінісі ретінде де айтылады.

Бата –қазақ поэзиясының ерекше түрі. Бата берудің бір түрі дастарқан басына жиналғандардың жасы үлкенінің немесе үйге келген қонақтың үй иесіне тілер тілегі, ықыласы ретінде айтылады. Дастарқан иесінің ақпейіл, адал асына дән риза болған қонақ дастарқан жиыларда батасын берген.

Көркем әдебиеттерді оқи отырып, батаның жақсылыққа бастайтынына көзім жетті. Сөзім дәлелді болу үшін мысал келтірейін. Қазақ халқын әлемге танытқан Абай атамыз Барлас ақыннан бата алса, ал жыр алыбы- Жамбыл атамыз Сүйінбай ақыннан бата алған. Мен де сапарға шығарда ...... әдейі іздеп барып,батасын алдым. Біреу жақсылық жасап, қол ұшын бергенде, үлкендер әрқашанда бата береді. Сондықтан қазақ халқы «Сіле алма, бата ал» деуі де содан болар.

Сіле сөзінің мағынасын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» және «қазақ әдеби тілінің сөздігінен» қарап анықтадым. Бұл сөз ант су ішу, қарғану дегенді білдіреді екен.

Терiс бата. Бұл, «бата» деп аталғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрi. «Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Бұл — терiс батаның, қарғыс батаның белгiсi» (М.Әуезов). Мұндай бата сенiмдi ақтамаған, өзiне қолы, тiлi тиген баласына әкенiң қолын терiс жайып берген қарғыс батасы. Батаның бұл түрi ел iшiнде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның терiс батасын алғандарды халық та жек көрген.

Қазақтың бата сөзінің шығу тегі туралы этнограф ғалымдардың пікіріне жүгінсек: «Ата-бабаларымыздың өсиет батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.

Ел арасында би-шешендеріміздің, айтулы тұлғаларымыздың ауыздан-ауызға тарап жүрген баталары бар.



Райымбек батырға анасының берген батасы

Мендікеұлы Шәңкінің Бөлтірік шешенге берген батасы

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының берген батасы

Төле бидің батасы





Бата- тілектердің түрлері көп.

Батаның түрлері: Дастархан, Ас қайыру батасы



Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа!

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа!

Сенен байлық өтпесін,

Тәңірі берген берекең

Тепкілесе кетпесін.

Желіңнің екі шетіне,

Тай шаптырса жетпесін!




Тұсау Кесер Тойға бата-тілек



Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам,

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Тақымыңды жаз балам!

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық,

Қаз-қаз балам, жүре ғой.

Әумин!


Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айында берілетін бата



Айттарыңыз қабыл болсын,

Бар жақсылық тамылжысын.

Ұлы Алла жарылқасын,

Жақсы етсін қарымтасын.


Жақсы тілеу үзілмесін,

Жемісі мол күзін берсін.

Есіктерің ашық болсын,

Ыдыстарың асып толсын. 


Шілдехана, бесік тойына бата-тілек



Анасының аяулы

Жарып шыққан кемерін,

Қадам басып өмірге,

Жас шыбықтай бүр жарып,

Жаңа жайған желігін,

орсық шеке, ақ маңдай,

Өсе берсін бөбегің.

Өмірі ұзақ болсын деп,

Көңілі нұрға толсын деп,

Ақ батамды беремін.

Азамат боп ер жетсін,

Қиын кезде жолдастан

Аямайтын көмегін.

Тойың тойға ұлассын,

Бола берсін дегенің!


Туған күнде берілетін бата



Туған күнің жарық көрген шуағың,

Іңгәлаған естілді алғаш жыр әнің.

Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.

Аспаныңның шуақтығын тілеймін,

Қуанышыңның тұрақтылығын тілеймін.

Дендеріңнің қуаттылығын тілеймін,

Өміріңнің сәнділігін тілеймін.

Ата-анаңның, туыстарыңның, амандығын тілеймін,

Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.


Тілашар тойға берілетін бата



Адам болар баланың,

Қайтармайық талабын.

Мектепті алғаш аттаған,

Құтты болсын қадамың.

Сәбиліктен марқайып,

Өскендігі санаңның.

Әріптерден сөз құрап,

Жорғаласын қадамың.

Үміттерін ақтай біл,

Әкең менен анаңның.

Жүрегіңе сақтай біл,

Жақсы сөзін дананың.

Сондай бала болсын деп,

Тілек айтар қазағым.

Балалы үйлер көбейіп,

Бола берсін базарың. 


Жастарға бата-тілек

Ақыл айттым, ұл – қызым, ұрпағыма арнадым,

Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.

Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,

«Ене көрген – тон пішер» деген сөзді жалғадым.

Жақсы ойланып, жастарым, мұның да байқа салмағын,

Біреулер мақтап жағынар, көре алмай біреу тарылар.

Ойдағыны айтты деп, біреулер мені сағынар,

Түсінетін сөз мәнін жақсы адамдар табылар.

Ағайын – туыс, құрбылар білгенін мақтап, жыр қылар,

Кейбіреуі жамандап, жегеніңді құм қылар

Ауыз бірлік сақтаған, берекені жақтаған

Ал туысқан ағайын, қайсыбірін жазайын –

Көре алмаған адамдар, өзі тартсын сазайын.

Жастарыма – аманат, тыңдасаңдар жамағат,

Жастарыма бұл сөздің қалғандары аманат.

Берекемен басқарып,біріңді – бірің қамдаңдар,

Білім менен өнерде тағы да артта қалмаңдар.

Жастар деп соққан жүрегім, туысты жақсы білемін,

Бақытты жастар болыңдар, қабыл болсын тілегім.


Жас жұбайларға, үйленгендерге бата

Бақытты бол, бағың ашылсын,

Әр күнің шаттыққа толсын.

Босағаңа жамандық жетпесін,

Төріңнен жақсылық кетпесін.

Ұлдарың оншақты болсын,

Қыздарың моншақты болсын.

Бастарыңа бақ қонсын,

Жаратқан ием.қолдасын



Сапарға шығарда берілетін бата

Оң болсын, балам сапарың,
Молықсын дәмің, татарың,
Туған елің тапсырған,
Парызын өте Отанның.
Барып келе жатыр ғой,
Өзіңдей жастар- қатарың.
Халықтың сүйген тірегі,
Сом терідей білекті,
Арыстандай жүректі,
Анаңның сүтін ақтай біл,
Бере гөр деп тілекті!
Әумин!

 

Алтын той, Күміс тойға берілетін бата

Алтын тойдың дастарқаны,

Дастарқаны мол болсын.

Берекелі қол болсын,

Тойға келген қонақтың.

Бәріне сәтті жол болсын.



Оқушылардың арасында өткізілген сауалнама


Біз оқушылардың бата туралы мәліметтерін білу үшін Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде сауалнама өткіздік.

Сауалнама өткізгенде мынадай нәтижеге келдік

Сауалнама

  1. Бата туралы білесің бе?

Иә жоқ

  1. Үлкен кісінің батасын алып көрдің бе ?

Иә жоқ

  1. Батаның қандай түрлері бар?

Бірнеше екі

  1. Бата туралы мақал білесің бе?

Иә Жоқ




Сауалнаманың талдауы

Сұрақ

иә

жоқ


Бата туралы білесің бе?

68%

32%

Үлкен кісінің батасын алып көрдің бе?

100%

0%

Батаның қандай түрлері бар?


35%


65%

Бата туралы мақал білесің бе?

2%

98%


Сауалнама өткізгенде оқушылардың бата туралы не білетіндерін, батаның қандай түрлері бар екенін білетіндерін білдім. Сауалнама барысында бата туралы мақал-мәтелдер сұралды және батаның не үшін қажет екенін білді.

Қорытынды
Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер
Жалпы, бұл ғылыми жұмыста мен батаның қадір-қасиетін түсіне білуге, ақ бата мен теріс батаны бір-бірінен ажырата білуге терең мән бердім. Бата сөздерін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өмірінде алатын орнының маңызды екені, тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен оның адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулитынына көз жеткіздім. Ол осы ұлы қасиеттерге бастаушы әрі оларды тудырушы рухани мұра деп түйін жасадым. Бата – халықтың рухани қуат алатын құдыретті сенім күші, бар жақсылықтың бастауы, қайнар көзі екенін түсіндім.
Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін өте маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық дәстүрге, оның ішінде ақ батаға ерекше мән беруіміз керек. Жас балаларға жақсылыққа жетудің жолы үлкенді құрметтеу, солардың алғысы мен ақ батасын алу екенін түсіндіруіміз қажет. Өмір тәжірибесі көрсеткендей және жоғарыда келтірілген мысалдардан көргеніміздей, үлкеннің алғыс батасын алу әрбір адам үшін жақсылыққа жетудің өмірлік жолдамасы

Екенін балалардың санасына құя бергеніміз жөн.
Ұсыныс: 
1. Бата сөздерді жатқа айту бойынша бастауыш сынып оқушылары арасындасайыстарөткізілсе:
2. Бата-тілектердің маңызын жас ұрпаққа түсіндіретін таңдау курстары жүргізілсе.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Зияда Аманбайұлы, «Әулет аралық естелік», Балқаш, «Гортипография» ААҚ, 2001
2. Мәжит Кенжеұлы, «Әлтеке, Сапақ шежіресі», «Қарағанды Полиграфиясы» ААҚ, 2003
3. Нысанбек Төрекұлов, Мұхтар Қазбеков, «Қазақтың би-шешендері», Алматы, «Жалын», 1993
4. Сейіт Кенжеахметұлы, «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», Алматы, «Ана тілі», 1994
5. Серік Негимов, Тортай Қазиұлы, «Ақ бата», Алматы, «Жазушы», 1992



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
2815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі