400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атам төрде отырады

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімдеріне бір қажеті жарар деген оймен жариялап отырмын. Материалда отбасы құндылықтары,үлкенге құрмет көрсету, кішіге үлгі болу сынды тәрбиелік тұстар қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Мектеп атауы:

«№ 197 НОМ» КММ

Күні: 20.05.17.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенбаева Инжу Сериковна

Сынып: 5


Қатысқандар: 15

Қатыспағандар: жоқ

Бөлім:

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы:

Атам төрде отырады

Оқу мақсаттары

5.Т1.Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5.О1.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

5.ТБ1.1Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу,жалғау түрлерін дұрыс жалғау.

Жүзеге асатын сабақ мақсаттары

(Бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады:

Сабақтың тақырыбын тірек сөздерді қолданау арқылы болжайды, мәтіндегі негізгі ақпаратты табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіндегі негізгі мәліметті анықтап, жалғау түрлерін дұрыс жалғай біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді анықтай отырып, сөздерге жалғау түрлерін дұрыс жалғайды, өз отбасы мүшелерін дастарқан басында қай жерде отыратындығын әңгімелей алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Сабақтың тақырыбын тірек сөздер арқылы болжайды,мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды, жалғау түрлерін дұрыс жалғайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Төр, босаға.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер, тамақ алыңыздар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Төр деген қай жер?

Төрде кім отырады?

Қонаққа неге төрді ұсынамыз?

Қонақ келгенде қандай тағам түрлерін ұсынамыз?

Не себепті төр қадірлі орын деп есептейсіңдер?

Ишара: қимыл,ым мен ишараны қолдану,іс-әрекет жасау.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Алдыңғы оқу:


Қазақстанда аталып өтетін мереке күндерін біледі. Мереке күніне арналған дастарқан жайлы айтады, қонақты қалай күту туралы түсінік береді.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



2 минут






1-әрекет.Ұжымдық жұмыс: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

«Ынтымақтастық атмосферасы»

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Оқушылар шеңберде бірге қайталайды, бір- біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

2-әрекет.Топқа бөлу. Оқушыларды санау (1,2,3) арқылы топқа бөлу.





3 минут

3-әрекет. Бағалау критерийі: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды.

Бірлескен жұмыс: «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша интертақтадағы мақалды оқып,сабақтың тақырыбын ашу тапсырылады.

Мақал. (тақтада көрсетемін).

Қонағын сыйлаған төрге шығарады. (На почетное место приглашение- признак большого уважения)

Жетекші сұрақтар:

Төр, босаға

-Балалар, бұл сыныптың қай жері?(төрді меңзеймін).

-Бұл жерге кімді отырғызамыз?

-Ал,бұл жер сыныптың қай жері? (босағаны меңзеймін).

Дескриптор:

-интертақтадағы мақалды,тірек сөздерді оқиды;

-тірек сөздерді мағынасын анықтайды;

-сабақ тақырыбын болжайды;

Сабақ мақсатымен таныстырамын.

4-әрекет.Кері байланыс:

Мәтін тақырыбын ашуда қандай қиындықтар туындады?


«ҚБ» Мұғалім бағалауы

Тапсырманы орындап, жауап берген оқушыларға берген жауаптарына сай «жақсы», «тамаша», «жарайсың» деген сөздермен мадақтау.


Интертақта


Сабақтың ортасы





15 минут








5-әрекет.Бағалау критерийі

- Мәтіндегі негізгі мәліметті анықтап, жалғау түрлерін дұрыс жалғай біледі.

Топтық жұмыс. «Балық қаңқасы» әдісі бойынша мәтінді оқып, негізгі идеяны тізбектеу тапсырмасы беріледі.

Дескриптор:

-Мәтінді оқиды;

-жаңа сөздермен жұмыс жүргізеді;

-басты ойды анықтап «Балық қаңқасына» тізбектейді;

- мәтіндегі негізгі ақпаратты айқындауда сөздерге жалғау түрлерін дұрыс жалғайды.

6-әрекет.Кері байланыс:

Балалар,сендер үшін қандай ақпарат маңызды болды?


ҚБ түрі «Екі жұлдыз, бір тілек» (оқушылар екі жақсы, бір ұсыныстарын стикерге жазып,өзара алмасады.)


Оқулық

Аудиодиск:1.3.2.

(Оқулықтағы 10 беттегі мәтінді оқиды.)

флипчарт,қарындаштар

2 минут

7-әрекет.Ұжымдық жұмыс.Сергіту сәті. «Қара жорға»: Интертақтада берілген бейне-баяннан жаттығуларды қайталап, бойларын сергітеді.


www.YouTube.соm.





10 минут

8-әрекет.Бағалау критерийі: Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді анықтай отырып, сөздерге жалғау түрлерін дұрыс жалғайды.

Топтық жұмыс. «Қос диаграммасы» графикалық органайзеріне жалпы және жалқы есімдерді теріп жазып, салыстыру.

Дескриптор:

- мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді табады;

-анықталған жалпы және жалқы есімдерді «Қос диаграммасына» салады,салыстырып ортақ қасиетін табады;

9-әрекет.Кері байланыс:

Сендерге мәтіннен жалпы және жалқы есімдер мен жалғау түрлерін табуда, салыстыруда қандай кедергілер кездесті? Айырмашылығы неде?


ҚБ (Бағдаршам)әдісі.

1.Жасыл-мақсатқа қол жеткізілді

2. Сары-біршама алға жылжу бар

3. Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді.(өзін өзі бағалау)

А 3 форматындағы қос диаграмма графикалық органайзері




Жасыл,сары,қызыл дөңгелек пішінді стикерлер





10 минут

10-әрекет. Бағалау критерийі: Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді анықтай отырып, сөздерге жалғау түрлерін дұрыс жалғайды. Өз отбасы мүшелерінің дастарқан басында қай жерде отыратындығын әңгімелей алады.

Жеке жұмыс. «Егер- онда- өйткені» әдісі арқылы мәтін негізінде әр оқушы өз отбасы мүшелерінің дастарқан басында қай жерде отыратындығын әңгімелей алады.

Дескриптор:

-мәтін негізінде өз отбасындағы дәстүрді айтады;

11-әрекет. «Мадақтау сэндвичі» арқылы кері байланыс жасау.

1позитивті коментарий,ұнады;

2сындарды сын,нені жақсарту керек;

3Маған ұнады,келешекке арналған ұсыныстарыңыз...

ҚБ.(өзін өзі бағалау)

Стикер

Сабақтың соңы


Соңы

3 минут

12-әрекет. Жеке жұмыс. «Шығу билеті» тәсілі арқылы рефлексия жүргізу.

Сіз бүгін не үйрендіңіз?

Сіз тағы не білгіңіз келеді?


Шығу билеті парақшасы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі