400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Атамекен - алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары


Мектеп: Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп Сынып:10 Оқушылар саны: 18

Мерзімі: 18.03.2018 жыл Мұғалім: Алхамова Ж.А.

Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: № 23 кабинет

Тақырыбы: «Атамекен- алтын бесік»


Мақсаты: Ауылымыздың тарихымен таныстыру, ауылдағы ардагер және еңбек ерлері туралы айту және қазіргі ауылдың жеткен биігі туралы әңгімелеу. Оқушылардың бойында атамекенді құрметтеу сезімін күшейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

  • Оқушыларға«Атамекеннің» ең қымбат ұғым екенін түсіндіру.

  • Оқушылардың бойында патриоттық сезімін дамыту.

  • Оқушыларды атамекенді сүюге, қорғауға құрметтеуге тәрбиелеу.


Ресурстары:(материалдары, көздері)

Ауыл суреттері, ардагерлер мен еңбек ерлері туралы альбомдар

Жыңғылды туралы видеоролик

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары


1. Жыңғылды ауылы туралы тарихи деректер жинау, кітапханамен байланыс жасау және мұрағаттардан құжаттар сұрау.

2. Сынып сағатына қажетті әндер мен өлеңдер табу, оқушыларға шежіре білетін қариялардан мәліметтер жинауға тапсырмалар беру.


Талдау


Іс-шараны өткізудің жоспары

Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып ішіне ауылдың ардагер ұстазы Базархан Сүйеуовтің ұлағатты сөздерін ілу.

Бәрі есімде бал ғұмыр, бала кездің,

Қозы бағып, тау асып, дала кездім.

Ауылым, қымбатсың-ау маған мәңгі,

Қарашығы секілді қара көздің

Базархан Суйеуов


Сынып ішіне жайлы атмосфера орнату.


Негізгі бөлім:

  1. Сынып сағатына жиналғандарға тақырыпты,мақсатын таныстыру.


  1. Ауыл тарихы туралы таныстыру, альбом беттерінен сыр шерту. Қазіргі атамекенмен салыстыру


  1. Ауыл туралы видеоролик тамашалау, ауылдың қазіргі көрінісі.

«Жыңғылдым » әніне түсірілген бейнебаян. Сөзі мен әні Е.Қорабаевтікі


  1. Оқушылар жинаған мәліметтерге кезек беру


  1. Топпен ән айту



Қоңыр тобы – «Туған жер» әні

1.Шөбі майса,жұрты жайсаң

Туып кіндік кескен жер

Жаңбыр жауса лай-батпағын

Жалаң аяқ кешкен жер

Алқам-салқам қой қайырып

Тай-құлынмен лескен жер

Қарның тойса құрбыңды аңдып
Қайғы көрмей өскен жер

О-о-о

қ-сы:

Жұмақмекентуғанжер-ай

Мыңжаялықжуғанжер

Құртұрлатқанқалтаданбеу

Шынбалалықдуман бел


2.Көше бойлап,асық ойнап

Мәре-сәре болған жер

Көше қайнап,көзім жайнап

Кеуде нұрғай толған жер

Жантақ тікен қаптаса да

Бұл мен үшін орман бел

Көп армандап сол орманға

Бала қиял қонған жер

О-о-о

қ-сы:

Жұмақ мекен туған жер-ай

Мың жаялық жуған жер

Құрт ұрлатқан қалтадан беу

Шын балалық думан бел

Құр қалдым деп дүмбілден,

Қуаласып жүгірген.

Қайран қамсыз бала күннің,

Қайырылмасын кім білген.


3.Жер аударып арып-талып,

Құрық дәнек сепкен жер.

Милан қарға шабыттанып,

Құрық салып кеткен жер.

Тұңғиыққа мал тия алмай,

Жүзсек сүңгіп шөпкен жер.

Әуре-сарсаң әбігер боп,

Әткеншегін тепкен жер.

О-о-о

қ-сы:

Жұмақ мекен туған жер-ай,

Мың жаялық жуған жер.

Құрт ұрлатқан қалтадан беу,

Шын балалық думан бел.

Құр қалдым деп дүмбілден,

Қуаласып жүгірген.

Қайран қамсыз бала күннің,

Қайырылмасын кім білген!!


Қорытынды:

Оқушылармен ой бөлісу.

  • Сынып сағатынан қандай әсер алдыңдар?

  • Атамекенімізді құрметтеуге әрбіреуіміз міндеттіміз дегенге келісесіз бе?

  • Ауылымыздың болашақта қандай болғанын қалайсыңдар?





Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Алхамова Жемісгүл



Мектеп директоры: Саудабаева Ақкүміс



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі