400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Атамекен бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мен бұл жерде Атамекен бағдарламасы туралы қысқаша түсінік бергім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

АТАМЕКЕН БАҒДАРЛАМАСЫ – ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА МОДЕЛІ

Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі

Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматы қаласында өткен І Республикалық Құрылтай шешімі негізінде құрылған мектеп оқушылары мен ұстаз-тәлімгерлердің бірлескен қоғамдық бірлестігі. Қоғамдық бірлестіктің дүниеге келуіне 1985 жылдан бері Қазақстан мектептеріндегі пионер-комсомол және тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика һәм психология элементтерін қолдануды мақсат еткен Халықаралық «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасы тарихи ықпалын тигізді. Бағдарлама бағыттарын мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі оқу-тәрбие һәм қоғамдық жұмыстар мен іс-шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асыруды ниет еткен оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлер, тәрбиешілер мен тәжірибелі педагогтардың шығармашылық іс-әрекеттері – «Атамекен» оқушылар ұйымының пайда болуына ұйытқы болды.

Аталмыш үрдіс Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолақ-қорған ауылында республика көлемінде тұңғыш өткен аймақтық «Атамекен» оқушылар Слетінде ерекше көрініс тапты. Оны дарынды ұстаз, қаһарман тәлімгер, ұрпақ жанашыры, туған елінің нағыз ұлтжанды азаматы Балатай Әуезова (1957-1991) ұйымдастырды.

Жинақталған азды-көпті тәжірибелерді жинақтау һәм тарату мақсатында жүзеге асыру мақсатында Республикалық «Ұлан» газетінің жанынан (1988) «Алау» штабы құрылған болатын. Штабтың негізгі жұмыстары – мектептегі пионер жұмысына халық педагогикасы материалдарын пайдалана отырып, ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп оқушылары лидерлері мен пионервожатыйлардың белсенділігі мен мәртебесін арттыру және пионер жұмысының ұлттық ерекшелігін айқындау мақсатында қазақ тілінде әдістемелік оқулықтар мен нұсқаулар шығару болды.

Аталмыш ауқымды шараларға Б.Әуезова, Б.Бақтыбаева, З.Қарабекова (Оңтүстік Қазақстан), Б.Сүйеубаева, М.Маханов, У.Сұңғатов, Н.Есбосынова (Қызылорда), Қ.Өскенбаева, А.Қайырболатқызы (Астана), Г.Хасенова, Т.Смағұлова, Н.Еженханова (Шығыс Қазақстан), Б.Сейілханова, К.Мұхамеджанова (Алматы облысы), Б.Ахметова, М.Шермұхамбетова (Алматы), Л.Аппазова, А.Әбішева (Қостанай), Қ.Исин, А.Уәлиева (Ақмола), О.Нұрғалиева, Ю.Өтешова, А.Жұманиязов (Атырау), С.Ғайнушева, Н.Шхан (Батыс Қазақстан), Г.Донбаева, Н.Сырғабаева, Ж.Сейдеева (Жамбыл), Г.Серікбаева, С.Сенкібаев, Б.Сағындыққызы (Солтүстік Қазақстан), Қ.Нығыманова, А.Жәкенова (Қарағанды), А.Қорғанбаев, А.Қаплиева (Ақтөбе), Р.Сламбекова (Павлодар) және шет елдердегі қазақтар диаспораларындағы мектептерден Н.Баринова, М.Ахметова (Ресей), Қ.Жұмағалиұлы (Қытай), Ә.Ашайұлы (Монғолия), Б.Нұрмағамбетова (Өзбекстан) және басқа ұстаздар мен оқушылар ат салысты.

1990 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарындағы көптеген мектептердегі тәлім-тәрбие жұмыстары «Атамекен» бағдарламасы негізінде жүргізіле бастады. Бағдарламаның жүзеге асырылуы – оқушылар ұжымының бірлескен шығармашылық іс-әрекеттері негізінде жүргізілді. Сондықтан, мектептегі оқушылар ұйымының негізгі үйлестіруші орталығы болып саналатын «пионер бөлмелері» - «Атамекен Ордасы» ұлттық тәлім-тәрбие орталығына айналды. 1991жылы өткен Республикалық «Атамекен» оқушылар ұйымының Құрылтайы шешімімен: пионервожатый – тәлімгер, октябренок – балдырған, пионер - ұлан, комсомол – мирас (мұрагер) өзгеріп, ұйымның әнұраны «Атамекен Ордасы» (М.Нұрқанов, Б.Өтепбаев), ұраны:

А – Ата

Т – Тәрбиесі

А – Ақылшымыз

М – Мақсатымыз

Е - Елдігіміз

К – Келешегіміз

Е – Егемендігіміз

Н – Намысымыз,- деп қабылданған болатын. Бұрынғы қызыл галстуктың орнына Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы іспеттес көгілдір галстукты және төсбелгі тағу жөнінде маңызды шешім қабылданған болатын.

Республикалық «Атамекен» оқушылар ұйымының құрылуы және оның жер-жерлерде балалар мен ересек адамдардың бастарын біріктіре отырып қоғамға пайдалы іске жұмылдыруда кірісулеріне өзінің педагогикалық маңызын тигізді. «Атамекен» ұйымы – бұрынғы пионер ұйымының мұрагері болып қана қоймай, ол ұйымдардағы жақсы дәстүрлерді сақтап, оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда халықтық педагогика мен психология құндылықтарын ендіруді де мақсат етті. Әсіресе, бүкілқазақстандық «Кайырымдық», «Ауыл» операциясы, «Ескінің көзі» этнографиялық жорығы, бүкілқазақстандық «Елім-ай», «Алтын сақа» танымдық-этнографиялық ойын-сайысы, «Атамекен» тәлімгерлерінің жиыны, «Жазғы Атамекен ауылы» және басқа қызықты іс-шаралар жоспарланып, іс жүзіне асырылып отырды.

1995 жылдың 18 желтоқсанында ұйым «Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар бірлестігі» деген атаумен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде ҚР Азаматтық Кодексі талаптарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден (547-1900-ҚБ 30703383) өтіп, заңдық қоғамдық ұйым ретінде өзінің мәртебесін алды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстанда бүгінгі таңда 250-ден аса балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары бар. Оларға «Қазақстан балалар мен пионер ұйымдарының Одағы», «Мың бала» оқушылар ұйымы, «Мұрагер» оқушылар ұйымы, «Болашақ» оқушылар ұйымы, «Жұлдыз» оқушылар ұйымы, Қазақстан скауттарының ұйымы және басқа да қоғамдық бірлестіктер жатады. Аталмыш ұйымдардың іс-әрекеттері жөнінде арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп, олардың жалпы даму тенденциясын болжауға мүмкіндік беретін мониториг жүйесін жасау керек.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары (1991 - 2004) аралығында Қазақстан оқушылары Республикалық Слеті өткізілмей келгені – оқушылар ұйымының тағдырына деген қоғамдық пікірдің қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Осы орайда, мемлекеттік идеологияның негізі болып отырған «қазақстандық патриотизм» идеясын насихаттау, Қазақстан халықтарының достығы һәм татулығын сақтау және ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларды қайта жаңғыртып, жас ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған игі істерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстандағы барлық оқушылар ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өтетін І Республикалық оқушылар Слетін өткізу жөнінде ҚР білім және ғылым министрлігіне балалар ұйымдары ардагерлері тарапынан ұсыныстар, хаттар жолданған болатын. Нәтижеде 2006 жылдың 26-28 тамыз аралығында Бурабайдағы «Балдәурен» орталығында ҚР білім және ғылым экс-министрі Б.С.Әйтімованың қолдауымен І Республикалық Слет өтіп, Қазақстан балалар ұйымдарының Одағы құрылды. Оған Қазақстандағы барлық балалар мен жасөспірімдер, оқушылар мен студенттер қауымдастықтары ұжымды түрде мүше болып енді. Одақ бағдарламасы болып «Атамекен» бағдарламасы қабылданды [306,15].

Халықаралық «Атамекен» Ұлттық тәлім-тәрбие Бағдарламасы

«Атамекен» Бағдарламасы - әр халықтың сан ғасырлар бойы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан тәжірибелеріне негізделген адамгершілік, парасаттылық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бүгінгі жас өркеннің сана-сезіміне тәлім-тәрбиелік әдістер арқылы жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-тәлімнамалық тұжырымдама болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін, Елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, өз мемлекетінің Рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, ҚР Заңдары мен халықтар достығын құрметтейтін, өз халқының тарихы мен мәдениетін, тілін дінін, ділін, салт-дәстүрлерін қастерлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу ісіне ғылыми -әдістемелік тұтқа болу. Қазақстан Үкіметінің білім мен тәрбие саласындағы күрделі іс-шараларына ұйытқы болу, қолдау көрсету. ҚР Білім мен тәрбие сясатына байланысты құжаттар мен бағдарламалардың жүзеге асуына жәрдем беру.

Әлемдік озық тәжірибелерге негізделген білім беру жүйесінің қалыптасуына ат салысу. Халық педагогикасының озық үлгілері мен өркениетті идеяларын насихаттау және нәтижелеу.

Бағдарлама 1985 жылдан бері мектептегі бұрынғы пионер-комсомол ұйымдарының тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика идеяларын енгізу мақсатында бірқатар оқушылар мен ұстаздардың бастамасы негізінде бастау алды.

Аталмыш үрдіске, Тұжырымдама авторының - ауыл мектебінде тәлімгер-мұғалім, бертін келе Халықаралық «Артек» лагеріндегі практикалық тәжірибелері арқау болған «Атамекен» атты Республикалық оқушылар операциясы ( қараңыз: Қазақстан мектебі, № 5, 1991 ж. ,38-41 бет.) ұйытқы болды.

Кейін бұл бастама республика және одан тысқары жерлерде қолдау тауып, бүгінге дейін нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама көптеген ғылыми мақалаларда, диссертациялық эерттеулерде, дипломдық жұмыстарда, бірқатар тезистерде көрніс тауып, практика негізінде көптеген мектептердегі тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

Реті Бағыттары Міндет мақсаттары

1 САЛТ –ДӘСТҮР

Халық тұрмысындағы бесікке салу , тұсау кесу, құдаласу дәстүрлері,. Тоқым қағар һәм бата-тілек. Сәлем салты һәм көшпенділер этикасы. Қаза салты. Қоғам һәм отбасы ғұрыптары. Халықтық һәм діни мейрам-жоралар. Жаңа заман дәстүрлері .“ Ата Салты” іс-шарасы.

2 ШАҺАР

Көне шығыс һәм Орта Азия құрлықтарында орналасқан көне қалалар. Шаһарлар архитектурасы, құрылысы әлеуметтік маңызы. Көне тұрғындардың географиялық орны және этнотопономикалық мұралары. Қала-шаһарлардың топономикалық атаулары. Мемлекеттер Астаналары һәм саяси жағдайлары. Нумузматикалық һәм геральдикалық мұралар. “Астана” ойын-сайысы.

3 ЖІБЕК ЖОЛЫ

Жер планетасының шығыс һәм батыс этномәдени трансформациясының дәнекері - Ұлы Жібек жолының мыңғасырлық тарихнамасы. Ежелгі сауда-керуен жолдары һәм тарихи маңызы бар жер-су атаулары. Этнотопономикалық шығыс картографиясы. Киелі жерлер мен ата бабалар жұрттарына этножорық. Халықаралық “Атажұрт” керуені.

4 СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗДАР

Ұлы Дала төсіндегі адамзат өркениетінде айырықша із қалдырған алып тұлғалардың ғұмырнамалары. Шығыс ғұламалары һәм данышпан- абыздары. Баһадүрлер, Қағандар һәм жыраулар дәстүрлері. Қазақ батырлары һәм шешендері. Өнер, мемлекет, қоғам, ғылым һәм білім қайраткерлері. “Сөнбес жұлдыздар” атты ойын-сайыс. Мұражай жұмыстары.

5 ТОЛҒАУ

Далалық ауызша тарихнама. Ел арасындағы данышпандық, жыраулық һәм салгерлік дәстүр. Ел ауызынан. Қазақ халқының айтыс өнері. Ұлттық қисыннама, тұспалдау һәм зерде. Жоқтау һәм зарнама. Батырлар жыры. Этнофольклористика һәм елтану. “Қорқыт-нама” іс-шарасы.

6 АСЫЛ МҰРА

Ұлттық болмысыздың жұмбақ дүниесімен ұштасқан этнокөріністер: мазар, мүрде, зират, құлыптас, таңбалы тастар. Көне обалар мен мүсіндер құпиясы. Тастаңбалар мен жазулар. “Қозы-Баян” этножорығы.

7 ДОМБЫРА – ДАСТАН

Жаратылыстың биотикалық һәм абиотикалық құдыретін жалғастырушы дәнекер киелі домбыра һәм қобыз һақындағы этномузыкалық аспаптар тарихнамасы. Ән мен күйдің құпия әсем дыбысы. Саз бен әуен өлшемі һәм таралу жиіліктерінің ареалы. Қазақ күйінің әфсаналары. Әлем этностарының музыкалық мұралары. “Тәңір күбірі” этномузыкалық саз кеші.

8 НАУРЫЗ

Жаратылыстану тарихнамасында ерекше орны бар шығыс халықтарының жаңа жылды тойлау мерекесі. Күн мен түннің теңелу өрісіндегі Наурыз рәсімі. Табиғи өліара фәлсафасы. Тасаттық, құрбандық шалу рәсімдері. Көктеу, жайлау, күздеу һәм қыстау дәстүрлері. Халықтық мереке – думандар мен әлем этностарының мейрамдары. “Наурыз - нама” ойын – сайысы.

9 ЗЕРГЕР

Кеңжаһан жәмиғатының құпия көрінісі сәндік – қолданбалы халық өнері. Киіз үй һәм шаңырақ белгілерінің ғарышнамалық құпиясы. Жиһаздар мен әшекей – бұйымдар. Көшпенді бабаларымыздың аң бейнелі һәм полихромдық өнерлері. Көрмелер ұйымдастыру. “Алтын Адам” іс – шарасы.

10 ТӨРТ ТҮЛІК

Ұлы Дала перзенттерінің ерекше салты: төрт түлік малды күтіп – баптау дәстүрлері. Мал атаулысының Пірлері: Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шопан ата, Сексек ата. Төрт түлік малды шақыру дәстүрлері. “Төрт түлік” іс – шарасы.

11 КӨКПАР

Ұлттық ойындардың тарихнамасы. Тұрмыс-салт, танымдық, әскери – спорттық, есеп – қисап, дене-қозғалыс ойындары. Көкпар, ақ сүйек, алтыбақан, асық, аламан бәйге, теңге алу, бүркіт салу, қазақша күрес және басқа ойындар. Әлем халықтарының ойындары. Халықаралық “Алтын Сақа” ойын – сайысы.

12 ДУЛЫҒА

Ел қорғаны болған батырлар мен баһадүрлердің ақ сауыттары һәм қару – жарақтары. Ұлттық киім – кешектер һәм ер – тұрман әбзелдердің этнотарихнамасы. “Қырық батыр һәм Манас” атты іс – шаралар.

13

ҚАСИЕТ

Жаратқан Ие һәм киелі рухтардың - ғарыш жиеліктерімен ұштасқан адамзат перзенттерінің ғажайып биоэнергетикалық қуаты.

Қазақ және басқа халықтардың көріпкелдік һәм болжамнамалық қасиеттері. Емші, тәуіп, бақсы-балгерлердің ем-домдық дәстүрлері. Құмалақ ашу, дұға салу. Тіл-көз һәм қарғыс қасиеттері. Ұшықтау. Чакра һәм астралдық қуат дүниесі. Қасиет іс-шарасы. “Авиценна” ем~дом шарасы.

14 АС

Ата-бабаларымыздың салтанатты ас беру рәсімі. Дастархан мәзірі һәм этикеті. Қонақ күту дәстүрі мен сөз беру. Табақ тарату және оның түрлері. Сәлемдесу, көрісу һәм қоштасу салты. Мал еті және оны мүшелеу дәстүрі. Сусын һәм шарап. Қазақстанның және әлем халықтарының ұлттық тағамдары. “Ас” іс-шарасы.

15 БАБАЛАР ӨСИЕТІ

Ата-бабалар Аманаты. Өсиет һәм бата-тілек. Мақал-мәтелдер мен көсем сөздер. Ырым-сырым һәм тыйьм сөздер. Ақыл-нақыл һәм шешендік сөздер. Сыннама һәм ғибрат. Ұлттық сөздік қор. Ойлау һәм сөйлеу мәдениеті. “Балалар Өсиеті” Іс-шарасы.

16 ЗЕРДЕ Адамзат өркениеті мен мұсылман Ренессансының өкілдері. Ұлы Дала ғұламаларының ғылыми дәстүрлері. Ғылыми жаңалықтар һәм ғақлиятты ойлар әфсаналары. Мұсылман һәм Тұран Ренессансы. Орта ғасырлардағы арифметикалық, жаһаннамалық, медициналық һәм фәлсафалық ғылыми жаңалықтар. “Зерде” іс-шарасы.

17 ҚҰСБЕГІ

Ұлы Дала перзенттерінің тамаша дәстүрлері: аңшылық, құсбегілік һәм саятшылық өнер түрлері. Қазақ халқының жыртқыш құстар мен бүркітті баулу өнері. Табиғат пен адам байланысындағы антропогендік көріністер. Номадтар тұрмысындағы жүйірік ат, құмай тазы һәм қыран бүркіт үйлесімдігінің этокөрністері. “Бүркітші” ойын-сайысы.

18 ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ

Қазақ қызы мен жігітінің сегіз қырлы бір сырлы һәм оң қолынан өнер тамған этноерекшеліктері. Тәккәпарлық пен кісілік. Ұлтжандылық қасиет һәм сенім мен намыс әфсаналары . Беріктік дәстүрі мен неке салты. Мәңгілік махаббат фәлсафасы. Ғашықтық сезім һәм жыныстық тәрбие. Гигиеналық һәм тазалық дәстүрі. “Қыз сыны” һәм “Жігіт сұлтаны” іс-шаралары.

19 ЗАМАН-АЙ

Жалпыпланетарлық глобальді экология қасіреттері. Антропогендік ықпалдар тарихнамасы. Жертану һәм мұхит экожүйесі.

Атмосфералық һәм ноосфералық қабаттар. Эндогендік, экзогендік, тектоникалық һәм техногендік күштер мен факторлар. Адамның экологиялық мәдениеті мен психологиясы. Катастрофалар мен зұлматтар. Зооэкологиялық, неоэкологиялық, ихтиоэкологиялық, антропоэкологиялық, палеоэкологиялық, фитоэкологиялық, биоэкологиялық, аугэкологиялық, техноэкологиялық, гидроэкологиялық һәм геоэкологиялық ауқымды проблемалар. Этноэкологиялық білім мен тәрбие негіздері. “Арал-Балқаш” экологиялық іс-шарасы.

20 АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЛАР Шет елдердегі. қазақ диаспоралары. Миграция, эммиграция, демография, депортация, этноцид, геноцид, резервация мәселелері. Халықтық дипломатия. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы. “Алыстағы бауырлар” іс-шарасы.

21 ДОСТЫҚ

Қазақ-түркі тарихнамасы һақында зерттеулер жүргізген араб, парсы, қытай, орыс

һәм европалық ғалымдардың ғұмырнамасы. Қазақстан халықтары және ТМД мемлекеттеріндегі этностар арасындағы достық байланыстар. Бейбітшілік үшін күрес. Бірлікті, татулықты һәм ынтымақтастықты көксеуге бағытталған іс-шаралар. Халықтар достығын нығайту. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. “Достық” іс-шарасы.

22 АРДАГЕР

Ежелгі дәуірден жаңа заман тарихына дейінгі ұлт-азаттық соғыстарға: грек,қытай, рим, парсы, орыс, моңғол, ойрат, қалмақ, шүршіт, таңғұт, араб, өзбек, түрікпен, казачество, нөміс, француз, фашистер мем террористерге карсы соғысқан ардагер ата-бабаларымиздың ғұмырнамасы. Отаршылыққа қарсы және 1723, 1845, І9І2, 1916, 1932,1941, 1979 және 1986 жылғы Оқиғаларға қатысқан ардагерлер мөн қаһармандар. “Ардагер” іс-шарасы.

23 ОЮ-ӨРНЕК

Ұлттық таным мұхитының қайшылық қағидасымен ұштасқан ою-өрнектің ғарыштық, зооморфтық, геометриялық, ихтиологиялық танымдық – фәлсафалық түрлерімен танысу. Ою-өрнектің киізде, текеметте, алашада, кілемде, көрпеде орналасу көрністері. Көрмелер ұйымдастыру. “Ою-Өрнек” іс-шарасы.

24 БЕЙНЕЛЕР СЫРЫ

Тылсым дүниемен байланысқан көне: таспа-руналық, мифологиялық, тотемдік, геральдикалық, петроглифтік, этноиероглифтік танбалар мен кескіндер сыры. Еліміздегі киелі жерлер: Арпаөзендегі, Тамғалыдағы, Тәңірқазғандағы, Бесшатырдағы, Таскескендегі үңгір-ескерткіштердегі бейнелер. “Ескінің көзі” атты этножорық.

25 АТА-АНА

Ұлттық таным һәм тәлімнің қайнар бастауы ата - бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі мыңғасырлық тәжірибелерімен рухани – мәдени мұралары. Туыс, ағайын, отбасы, әке-шеше, бауыр-қарындас, балдыз-бажа дәстүрлері һәм жұрт салттары. Ата салты һәм ана шапағаты. Ата қаны һәм ана сүті һақындағы әфсаналар. “Ата-ана” іс-шарасы.

26 ШАРИҒАТ-ҚҰРАН

Мыңдаған ғасырлар бойы адамзат перзентіне Аллаһ тағаланың шапағат - нұрьн шашып келген қасиетті Құран шариғаттарының тәлімдік-танымдық әфсанналары. Мұсылман пайғамбарлары мен ғұламаларының ғұмырнамасы. Діни - танымдық һәм мұсылмандық дәстүрлер. Киелі Рухтар әлемі. Ораза, рамазан, Қыдыр түні, садақа беру рәсімдері. Сенім мен парыз. Қажылық фәлсафасы һәм намаз тағлымы. “Мұсылман Әлемі” іс-шарасы.

27 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қатал тағдырдың мәңгілік құрбандары: мүгедек, кемтар, зағип жандарға, қарттар мен жетім балаларға қол ұшын беру. Қолдан келгенше жақсылық жасау дәстүрлерін жалғастыру. Балалар мен қарттар үйіне сапар шегу. Бүкілқазақстандық “Қайырымдылық” және “Ауыл” операциясын ұйымдастыру .

28 САУДА

Тәуелсіз Қазақ Елінің мәдениетін өркендетуде жаңа инфоқұрылымдық жүйеге негізделген менеджмент, маркетинг, аудиторлық және қаржы-банк мамандықтарын игеру мәселелері. Әлемдік һәм евроазиялық экономикалық кеңістік пен интеграция. Жалпыадамзаттық экономикалық даму Стратегиясы. Интернет жүйесін пайдалану. Қаэақ ауылдарының экономикалық даму стратегиясы. “Сауда” іс-шарасы.

29 ҒҰМЫР ҺӘМ ҒАЛАМ

Аспаннама һәм жаратылыстану негіздері. Планеталар һәм жұлдыздар шеруі. Уақыт пен кеңістік. Адамтану эфсаналары. Нүктелер, толқындар һәм ғарыш денелері. Қатты, сұйық,ыстық - суық құбылыстар фәлсафасы. Ғылыми - зерттеу жұмыстары.

30 АНА ТІЛІ

Көнетүркі, соғды, сақ-гұн һәм Орхон-Енисей руналық жазбалары. Есік және Пазырық қорғандарындағы протоэтнолингвистикалық мұралар. Тоныкөк Мойыншор, Күлтегін тас -.сына жазба ескерткіштері. Көнетүркі иеороглифтері. “Ұмай Ана” іс-шарасы.

31 ТҰРАН КҮНТІЗБЕГІ

Халықтық астрология. Көне болжамгер даналар, жұлдызшылар мен көріпкелдер. Жьл қайыру әфсаналары. Мүшел жас қағидасы. Ай, апта, сағат һәм өлшем қағидалары. Сарыарқадағы “Мұртты обалар” - Ұлы Дала обсерваториясы . Этножұлдыз жорамал. Тұран этноастрологиялық картасының сүлбесін жасау. “Тұран Күнтізбегі” іс-шаралары.

32 ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘМ ЖАМАНДЫҚ

Ұлы Жаратылыстың қайшылық нысандарынан жасанды – табиғи тұрғыда реттелген болмыс һәм болмас ұғымдары . Антропогендік кезеңдер жиегінде қалыптасып келген адамзат перзентінің қарама – қайшылық: жақсы – жаман , мейрімдік – қатыгез, парасатты – қанішер, ақылсыз – ақымақтық және басқа әрекеттерінің әфсаналары. Салыстырмалы зерделеу һәм пайымдау . Адамтану негіздері .

33 ЖАС ҚЫРАН

Евразия даласын мыңдаған ғасырлар мекендеген көпшенді – номадатарың ұрыс – соғыс һәм ел қорғау дәстүрлері . Ата бабаларымыздың әскери өнері. .Әскери тактика һәм стратегия . Ұлттық әскери Доктрина . Әскери – жауынгерлік тәртіп, білім һәм тәрбие негіздері . Соғыснама саясатының шежіресі . Мыңбасы , түменбасы жүзбасы һәм елубасы онбасы әскери саптары мен жауынгерлік дәстүрлері . “Мың бала” әскери жауынгерлік ойын – сайысы .

34 ӘЛЕМ ДІҢДЕРІ ТАРИХНАМАСЫ

Дүниежүзі адамзат пезенттерінің ең асыл рухани - мәдени мұралары Ұлы Діндер: Ислам , Христиан , Будда және басқа діни конфессиялар мен қауымдастықтардың тарихнамасы . Ұлы діндердің көсемдері , данышпан – пайғамбарлары һәм ғұламалары және олардың фәлсафалық – теологиялық, діни - гносеологиялық әфсаналары . Ұлы Діндер ықпалы , тәрбиесі , мәдениет және қоғамдағы рөлі . “Ұлы Діндер тарихнамасы ” атты оқулық жазу , тұжырымдамалар түзеу.

35 АТАМЕКЕН ҚОҒАМЫ ҺӘМ МЕДРЕСЕСІ

Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар ұйымының құрылымы. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бірлестік-топтар құру. Тәрбие жұмысының орталығы «Атамекен Ордасын» құру. «Атамекен» Бағдарламасын балалар, оқушылар және жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстарына пайдаланудың жолдарын белгілеу . Аса дарынды оқушылардың басын біріктіріп арнайы оқу .орны - Атамекен Медресесін ашу. Арнайы оқулықтар жазу.

36 ТӘНІР-НАМА

Ата-бабаларымыздың тарихында аса маңызды діни-фәлсафалық, рухани-мәдени рөл атқарған исламға дейінгі дәуірде қалыптасқан Тәңірлік діннің адамгершілік әфсаналары. Тәңір дінінен қалған отпен аластау, әруақка сыйыну, ала жіп және басқа діни дәстүрлер. Тәңір мен Ислам дінінің ұқсас тұстары. Хан Тәңірі шыңына тәу ету рәсімі. “Хан Тәңірі” іс - шарасы.

37 ҚАЗАҚ ЕЛІ

Тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа геосаясаты һәм менталитеті. Мемлекеттік һәм ұлттық идеология және генофонд. Әлемдік макроэкономикалық кеңістікке ену барысындағы жаңа Қазақстан келбеті. Президент Назарбаветың “Қазақстан 2030” Стратегиялық Идеясы. Ата Заң һәм ҚР Заңдары, Президент Жарлықтары мен Үкімет Қаулылары. Қазақтану мәселелері. Дипломатиялық қарым- қатынас. Халық һәм Ауыл Академиясы. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар. Саясаттану һәм әлеуметтану негіздері. Орыс һәм қытай саясаттары және оларды зерттеу. Ұлттық ғарыш Агенттіктері. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сыртқы саясат. Ұлттық қор. Жастар мәселесі. Сайлау және басқару мәдениеті. Мемлекеттану һәм елтану негіздері. Жаһандану үрдісіндегі Қазақстан саясаты.

38 СӘБИ

Мектепке дейінгі балалармен, сәби-бүлдіршіндермен қарым-қатынас жасау. Бала бақшалармен жұмыс істеу. Республикалық «Балбөбек» бағдарламасын жүзеге асыру. Республикалық «Бөбек», Қазақстан балалар қоры және басқа ұйымдармен жұмыс істеу. Бүкілқазақстандық «Сәби» бағдарламасын жүзеге асыру.

39 ТҰРАН ҺӘМ ТҮРКІСТАН

Ата тегі, тарихы мен мәдениеті бір түріктілдес этностардың бүгінгі тағдыры һәм болашағы. Әлемдегі отызға жуық түркітектес халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық. Түркі даналары және олардың ғұмырнамасы. Ұлы Тұран империясының тарихы һәм мәдениеті. Тарихи оқиғалар күнтізбегі. Түркі халықтарының әдебиеті, өнері, медицинасы, тәлім-тәрбиесі һақында оқулықтар шығару. Көнетүркі руналық жазбаларды қастерлеу және сақтау. “Түріксой” халықаралық қорының жұмыстарына үлес қосу. “Тұран Әлемі” атты ауқымды іс-шаралар.

40 НЕОПЕДАГОГИКА ҺӘМ НЕОПСИХОЛОГИЯ Әлемдік жаһандану үрдісіндегі жаңаша білімтану проблемалары. Техногенез дәуіріндегі жас ұрпақтың (хомо электроникус, постхомо, хомо информатикус т.б.) мінез-құлық ( неопсихологиялық) ерекшеліктері. Жаңа дәуір талабына сай неопедагогикалық-неопсихологиялық қағидаларды зерделеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі