400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атамекен табиғаты, анамдайсың 2-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың«бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адам болу арманым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: адам қасиеттері туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: адамгершілік қсһасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты:  ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Ақыл шыңы – даналық.

Өсиет әңгіме

– Ертеде бір ел билеген хан өзінің ұлын асқан шешен, тапқыр, сөзге жүйрік және ақылды еткісі келіп, өз уәзірлерімен ақылдасады. Сонда уәзірлері ханға «шешендік, тапқырлық, сөзге жүйріктік халықтың даналығы арқылы бойға дариды», – дейді. Хан дүйім жұртты жиып алып, жар салады:

– Кімде-кім балама халық даналығын тауып берсе, мен сол адамға байлығымның жартысын беремін, – дейді. Сонда бір қария тұрып, былай дейді:

– Даналықтың көзі де, кені де ел ішінде. Балаңыз ел ішін аралап шықса, халық әңгімесіне, айтқан сөздеріне құлақ түрсе, даналықты өзі-ақ табады, – дейді.

Сол күннен бастап хан баласы ел аралап жүріп тапқыр, шешен, сөзге жүйрік болудың жолын тапқан екен. Әкесіне келіп: «Даналық халық ішінде деген рас, өйткені олар айтар көп ойын бір мақал жолымен ғана жеткізеді, жұмбақтап сөйлейді, арман-қиялдарын ертегілері арқылы береді. Сол айтылған ойларды, арман қиялдарды ұғыну, жұмбақтарды шешу ақылды, дана адамдардың ғана қолынан келеді. Сондықтан да, оларды халық даналығы деп атайды», – деген екен.

Ақыл көркі – тіл,

Тілдің көркі – сөз.

Халық даналығы

Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.

1.           Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. 

2.           Адам деген – ардақты ат. 

3.           Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

4.           Адам арын ойлайды.

5.           Оқу – инемен құдық қазғандай.

6.           Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.   

7.           Адамның сұлулығы – шыншылдығында.

 Халық даналығы: 

·     мақал-мәтелдер.

·     шешендік сөздер

·     аңыз әңгімелер

·     нақыл сөздер.

Халықтың даналығы –

Ақыл-ой қазынасы!

Түсінген саналыға

Тым терең мағынасы.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

  

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.05.2019
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі