15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Атамекен табиғаты, анамдайсың 2-класс
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырыбы: Атамекен табиғаты, анамдайсың !
Мұғалім: Дощанова Г.Х.
Класс : 2-класс
Оқушылардың саны : 22
Құндылық : қиянат жасамау Қасиеттері: қоршаған ортаны қорғау, қамқорлық, көмек көрсету
Сабақ мақсаты: Атамекен табиғаттын анасындай қорғау қиянат жасамау құндылығынан туындайтынын ұғындыру. Міндеттері: -
Қоршаған орта туралы түсініктерін
кеңейту;
|
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) |
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 1.Тыныштық сәтi «Тыныс алуға зейін қою.» 3-мин. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады. Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) Рахмет ! 2.Үй тапсырмасын тексеру. №31 сабақ 127 –беттегі әңгімені оқып келу. «Табиғат -ана» А.Мырзағұлова Әңгіме мазмұнын сұрау. –Ақсақал неліктен бұлақтың көзін ашу үшін еңбектенді ? -Балалар қандай іс –әрекетке барды ? -Ата балаларға қандай ақыл –кеңес берді ? -Балалардың бұлақтың көзін бітеу себебі неде ? -Ата ақылын балалар қалай қабылдады ? -Бұлақ тазалығы мен адам тазалығын қалай салыстырар едің ? 3.Сергіту сәті «Кім жылдам ?» Берілген суреттерден табиғатқа пайдалы, зиянды әрекеттер көрінісі бейнеленген суреттерді ажырату.. |
Ескерту
|
4. Дәйексөз «Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің» Халық нақылы
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, бәрі бірге қайталап айту. Дәйексөзді дәптерге жазу. |
|
5. Әңгімелеу. (мұғалімнің сыйы) «Қарлығаштың ұясы» С.Дүйсенбиев Кәдуілгі балшықтан өрілген қарлығаштың ұясы. -Ұяны бұзсақ қайтеді –деді көрші қыз. Гүлжамал ойланып та үлгермеді. Ұзын бойлы қыз қолындағы таяқты шірене сілтегенде, тебетей сияқты балшық қақ бөлініп жерге құлады.Сырт көзге ғана үлкен адамның уысындвй. Ал ішінде қауым тіршілік, дүйім дүние. Жүн –жұрқа, мамық баяу қалқып , ауада көлбей тұрып алды. Сол ортада көрші қыз ғайып болды. Гүлжамал аударылғандай бейберекет күй кешкен балапандарға ұмтылды. Жарық дүниеден үміттенгендеріне көмегін көрсетуге әрекеттенгенінде, екі қарлығаш та сарайға енді.Біреуі бөлмеде аялдап, екіншісі ізінше кері ұшып кетті де, көрші үйлерден топ қарлығашты ілестіре жетті.Құстар мұншалықты ұйымшыл болар ма ? Қолға түскен қарақшы қызды олар ортаға алып, қанаттарымен сабалап жүр. «Бейбіт тыныштығымызды бұзға шырқырын қандай әдепсіз бала едің ? Сен де ұлы адамзаттың ұрпағымын дейсің –ау !» деп кінәлап, сөгетіндей. Қызының ойбайлаған дауысын естіп, арашаға ұмтылған анасынан шошынып қарлығаштар бөлмені босатты. -Ау , мұның не, қызым? Астан –кестен дүниені байқап,апасының түрі бұзылды. Апасы ұяны құрастырып, балапандар мысыққа жем болмасын деп, иттің ұясының қасындағы жиюлы отынның үстіне қойды. Балапандар сол арадан жетіліп ұшты. Гүлжамал болса осы әрекет үшін ұялып, анасынан кешірім сұрады. -Гүлжамалдың құрбысының әрекеті туралы не айтуға болады? -Балапандарды көргенде қандай күй кештің ? -Апасы іс –әрекетке қалай қарады ? -Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар не істер едіңдер ? -Табиғатқа қандай қамқорлық жасадың? -Табиғатты қалай қорғайсың ? |
кітап
|
Шығармашылық тапсырма . Топтық жұмыс«Мозайка » Табиғат құбылыстарының суреттерінен мозайка құрастыру арқылы топқа бөлу. Өздерің тұратын жердегі «Қызыл кітапқа » енген жан -жануарлар мен құстарды топтау, солар туралы әңгіме құрастыру.
|
суреттер |
7. Топпен ән айту. «Ертегілер елі» Әні мен сөзі : Ә.Қалаубаева Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгіеһн Ертегі әлемнің қызығында жүрдім. Нұрына щомылдым бүгін. Жұлдыз, айы көркем Әдемі еді неткен. Құстары сөйлейді, Бұлттары тербейді Мен оянып кеттім, әттең !
Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер, Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер ? Гүл тердім бұлттардан Әр гүлде бір арман, Таусылмайтын тәтті Сыя әкеліп жатты Жан біткеннің бәрі маған.
|
|
8.Үйге тапсырма 1) 31 –сабақтың 128-беттегі 2 –тапсырманы орындап келу. 2) 32 –сабақ 129 –бет мәтінді оқу. «Табиғат сыйы» Ә.Асылбеков
|
|
Сабақтың аяқталу минуты - Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізейік. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген