Тақрыбы
Атамекен-табиғаты , анамдайсын
Мақсаты:
оқушыларға табиғат туралы түсініктерін,
білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың
тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға
деген жоғары адамгершілік сезімі мен
жауапкершілігін арттыру.
Әдісі:
сұрақ – жауап, мақал – мәтел талдау,
нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және
«Табиғатты қорғайық» слайд көрсету,
өлеңдер оқу
Көрнекіліктер: нақыл
сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын
адамзат», сюжетті суреттер. Мақал –
мәтелдер жинағы
Табиғат – бізді
қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз
өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе -
теңдік үнемі сақталып тұрады.
Сұрақ
– жауап. (ауызша топтарға сұрақтар
қою.)
* Адам өміріне не қажет?
*
Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан
алады
* Судың қандай қасиеттерін
білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.
І
- кезең:
Табиғаттан бабамыз ала берген
секілді,
Дархандықты қазаққа дала
берген секілді,
Еркелікті ерікті
желден алған секілді,
Мөлдірлікті
көгілдір көлден алған секілді.
*Табиғат
дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге
қонымды естіледі. Табиғат сөзінде
қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол
ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге
болады.
- Табиғат күллі тіршілік
атаулының құтты қоныс – мекені, алтын
ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін
табиғат – ең қасиетті де қастерлі
ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының
бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене
байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы
жүрек сезімі, көздің қарашығындай
қамқорлық керек екеніне ерекше мән
берген.
ІІ кезең:
Жұмбақ шешу.
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа
бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста
бірден қартаяды. (Жер)
- Жердің
тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
-
Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер –
біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер
біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай
жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе
білуіміз керек.
* Халық батыры
Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің
тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген
табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?,
аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз
ше? Осылардың барлығы табиғаттың
сұлулығын білдіреді.
ІІІ
кезең:
Табиғатқа байланысты қандай
мақал - мәтелдер білеміз?
Көлдің көркі
– құрақ, 2. Орман – ел дәулеті,
Таудың
көркі – бұлақ. Жер сәулеті.
3. Сулы
жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда
болар саябақ.
ІV кезең:
Топтарға
сауалнама
1 - топ. Келешекте бірнеше
жылдар өткен соң біздің қаламыздың
табиғатын қалай елестетер едіңдер? (
суретін салу)
2 - топ. Табиғатты қорғау
туралы маман болсаң не істер едіңдер?
Сыныпқа
жалпы сұрақ.
«Туған жер табиғатын
қорғау керек пе, әлде жоқ па?»
Оқушылардың
пікірін талдау
Қорытынды:
Қазақстан
Республикасының Конституциясында «
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы
табиғатты қорғауға және сақтауға
міндетті» делінген.
Туған жерді сүю
– парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін
ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру –
парыз
Ендеше, Отанымызды, атамекен
жерімізді аялай білейік, қадір
тұтайық!
«Атамекен»
әні орындалады