15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"АТАМЕКЕН" үйірмесі
Түсінік хат
Ғасырлар бойы қалыптасқан ата-бабамыздың салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық, батырлық сияқты қасиеттері бүгінгі өскелең ұрпаққа ауадай қажет. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өнегелі сөзінен бала тәрбиесі жөніндегі халқымыздың өзіндік ерекшелігі, өнегелі үлгілері барлығы баршамызға белгілі.
Бала мінезінің қалыптасуына салт-дәстүріміздің тигізетін әсері көп. Мектеп ұстазы бала мектепке келген күннен бастап, оған халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-санасын, кәсіби шаруашылығын құлағына құя отырып, ақылды, еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, мәдениетті, ел намысын қорғайтын, ел азаматы болып өсуін қалап, осы қасиеттерді баланың бойына дамытуды міндет етеді. Балаларды қазақтың халық ертегілері мен аңыздар, мақал-мәтелдерімен таныстырады. Салт-дәстүрді баланың жас ерекшеліктеріне байланыстыра отырып, жекелеген түрлерімен жергілікті қалалардың, ауылдардың жер-су, көше атауларымен, ұлы адамдар туралы деректермен, ұлттық этнографиялық музыка аспаптарының түрлерімен, жергілікті ақын, композиторлар, жазушылардың шығармаларымен, өлең-жырларымен таныстыратыны белгілі. Олай болса, баланың бойына ұлттық сезімдерді қазақ тілі пәнімен бірге қосымша сабақтар: факультативтер, үйірмелер, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы жеткізіледі.
Үйірме міндеттері:
- мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету;
- қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне таныстыру;
- отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
- қазақ тілінде еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Үйірменің негізгі принциптері:
- оқытудың жүйелілігі;
- реттілігі;
- пәнаралық байланыс;
- белсенділік;
- қалауы;
- жас ерекшелігін ескеру;
- жеке ерекшеліктерін ескеру;
Үйірменің негізгі тараулары:
- қазақ халқының салт –дәстүрлері;
- қазақ халқының ауыз әдебиеті;
- қазақ халқының қоғам қайраткерлері;
- қазақ халқының мәдениеті;
Үйірмені өткізу формалары:
- ойын технологиясы;
- сахналық қойылым;
- мерекелік іс-шаралар;
- экскурсиялық жұмыстар;
- қуыршақ театры;
- сайыстар өткізу;
- көрмелер өткізу;
Үйірмеден күтілетін нәтиже:
- мемлекеттік тілде еркін сөйлеу және ойын жеткізе білу;
-талдау, салыстыра білу;
-шығармашылыққа жетелеу;
-жекелеме жұмыс істей білу;
-білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана білу;
Үйірме жоспары
2 аптада 1 рет, 18 сағат
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Мақсаты |
1 |
Қазақ халқының ойындары («Асық»,«Сақина салу»). |
1 |
|
Қазақ халқының ойындарымен таныстыру, мәнін білу, оның баланың дамуындағы маңызын ашып көрсету, қазақ халқы ойындарының бала ойының дамуындағы алатын орны мен халықтың тұрмыстық ерекшелігімен байланыстылығын көрсету. |
2 |
Сәлем –сөздің атасы. |
1 |
|
Халқымыздың үлкенді сыйлау, құрметтеу қасиеттерін меңгеру, амандасудың түрлерін білу, амандық сөзінің маңызы, халықаралық ынтымақтастықтағы амандасудың рөлі, басқа ұлттардың амандасу салтымен салыстыру. |
3 |
Қазақ халқының тұрмысымен танысу («Киіз үй». «Ыдыс»). |
1 |
|
Оқушыларды киіз үйдің құрылысы мен құрал- жабдықтарымен, түрлерімен таныстыру, қолданатын ыдыс- аяқтарының ерекшеліктері мен түрлеріне тоқталу. |
4 |
Қазақтың ою-өрнектері. |
1 |
|
Ою-өрнектердің мәні, қолданылатын жерлері және оларды сала отырып, оя білуге тәрбиелеу. |
5 |
Қазақтың ауыз әдебиеті («Жұмбақтар»,«Ертегілер», «Өлеңдер»). |
1 |
|
Қазақ халқының бай мұрасы ауыз әдебиетінің алғышарттарымен таныстыру, оларға деген қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін дамыту. |
6 |
Ойна да, ойла! (Сиқырлы сандар). |
1 |
|
1 -100 сандары аралығында қазақша санай алу, сандарды салыстыру және айыра білу, санамақтармен жұмыс . |
7 |
Қазақтың ұлттық киімдері («Шапан». «Тон». «Етік»). |
1 |
|
Оқушыларға ұлттық киімдер туралы мәлімет беру. Ұлттық киімдердің маусымдық ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру. |
8 |
Ат қою. |
1 |
|
«Ат қою» қазақ халқының салт -дәстүрімен таныстыру. Адам атының маңызын атап көрсету, өз аттарына назар аудару. |
9 |
Қазақтың ұлттық аспабы-Домбыра. |
1 |
|
Домбыраның жасалу ерекшелігі, құрылымы, қолданылу аясы, түрлері, домбыраға байланысты аңыз-әңгімелерді білу, домбыраға деген қызығушылығын арттыру, домбыра үнін ажырата білу. |
10 |
«Ел болам десең, бесігіңді түзе». Салт-дәстүрлер («Бесікке салу»,«Тұсау кесу»). |
1 |
|
Салт-дәстүрлеріміздің ерекшелігін білу, жол- жоралғыларымен таныстыру, беcіктің құрылымымен таныстыру, көшпенді халықтың бесігінің қасиетін көрсету. |
11 |
Қазақ халқының музыкалық мәдениеті («Айтыс»). |
1 |
|
Айтыс өнерінің мәні, шығу тарихы, атақты айтыскерлермен таныстыру, олардың қозғайтын тақырыптарымен таныстыру. |
12 |
Қазақ халқының жеті қазынасы («Ит». «Ат»). |
1 |
|
Ит пен аттың адам өміріндегі пайдасы, тигізер көмегі, оларға байланысты шығарылған өлең-жырлары мен мақал- мәтелдері. |
13 |
«Он екі ай». |
1 |
|
Оқушыларды ай аттарымен таныстырып, реттілігін, мағынасын білу, оларға байланысты аңыз- әңгімелермен таныстыру. |
14 |
Қазақстан Республикасының рәміздері («Әнұран»,«Ту»,«Елтаңба»). |
1 |
|
Мемлекеттік рәміздермен таныстыру, оның мәнін, мағынасын, авторларын, тарихын айта отырып, ежелгі қазақ хандықтарындағы рәміздерін таныстыру. |
15 |
Отбасылық тәрбие. |
1 |
|
Қазақ халқының отбасындағы балаларға ата -тегі, туыстарын біліп өсу, туыстардың ара-жігін ажырата білу туралы түсініктер беру, ағайынды адамдардың сыйласымдығы, «Ата -ана» тақырыбына байланысты мақал мәтелдерді пайдалана отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін дамыту, өзара сыйластыққа баулу. |
16 |
Музыкалық аспаптармен танысуды жалғастыру. |
1 |
|
Берілген аспаптардың тартылу ерекшеліктерін айту, үнін ажырата білу, жасалу жолдарын білу, музыкалық мәдениетін жетілдіру. |
17 |
Ауыз әдебиеті («Төрт түлік туралы» ертегілер, аңыздар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар). |
1 |
|
Қазақ халқында «Төрт түліктің» мәнін, маңызын көрсету, ерекшеліктерін айту, сөздік қорын дамыту, адамгершілік қасиеттерін дамыту. |
18 |
Қазақтың салт-дәстүрлері («Сүйінші»,«Атқа міну», «Тоқым қағу»). |
1 |
|
Салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету, мәні мен маңызын айту, сөздік қорын байыту, қасиеттерін тәрбиелеу. |
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» Білім баспасы 1991жыл;
2. «Хрестоматия» Кітап баспасы 2008 жыл;
3.С.Қалиұлы «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» Алматы,Білім баспасы 2003 жыл;
4. «Этнопедагогика» 2005 жыл №5.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген