жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Атамның торсығы.
|
27-ұОқ. АтАмныҢ тОРсығы (бауды пайдалана отырып, сәндік аппликация) |
мектеп/мұ: |
||||
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
||||
|
сынып/топ: |
қатысқандардың саны: |
қатыспағандардың саны: |
|||
|
ұОқ-нің оқыту мақсаттары |
0.1.3.2. Қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ, қазақ ою-өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/шаблон бойынша түрлі бұйымдарды, шырша ойыншықтарын, құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу. 0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию(жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу). 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер: -стандартты емес материалды (жіп, бау) пайдалана алады; -үлгіқалып бойынша ұлттық бұйымдарды сәндей алады; -жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады; -қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін пайдалана алады. |
||||
|
Көптеген тәрбиеленушілер: -түпкі ойын тұрақты сақтап, өз жұмысын жоспарлай алады және жұмысты соңына дейін жеткізе алады. |
|||||
|
Кейбір тәрбиеленушілер: -өз бастамасымен бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін біріктіре алады; -өз ой-қиялын көрсете алады. |
|||||
|
тілдік мақсаттар |
дағдыларды дамыту: -сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерген біліктерді еске түсіру; -шығармашылық жұмыс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау; -ұлттық дәстүрлермен және қолөнермен, жасалған халық шығармашылығы бұйымдарымен танысу кезінде сөздік қорды байыту; -қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану; -қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау. Көптілділік: жіп – нитки – thread. |
||||
|
негізгі терминдер мен сөз тіркестері: -торсық, ою, бау, жіп, желім сызығы, симметриялы қию. |
|||||
|
талқылауға арналған сұрақтар: Торсық дегеніміз не? Симметриялы қию үшін қағазды қалай дұрыс бүктеуге болады? Сен ұлттық оюдың қандай элементтерін қиып үлгердің? |
|||||
|
Алдыңғы білім |
Қазақтың халық шығармашылығы туралы түсініктер. Сәндік композициялар жасау туралы қарапайым біліктер. Қағазды бүктеп, бірнеше фигуралар қиып алу білігі. Қайшыны пайдаланудың техникалық дағдылары. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
і. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут |
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу. «Мейірім гүлшоғы». Балалар шеңберге тұрады. Олардың әрқайсысында гүл болады, гүлді мейірімді тілектер айтып, бір-біріне сыйлайды. Нәтижесінде мейірім шеңберін бастаған балаға гүл шоғы беріледі. |
Музыкалық сүйемелдеу. |
|||
|
II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою 2–5 минут |
(ұ) Педагог пазл-суретті жинауды ұсынып, суретте не бейнеленгенін айтуды сұрайды. Балаларды сабақ тақырыбына жақындатады. |
«Торсық» пазл-сурет. |
|||
|
III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретті, фотосуреттерді, иллюстрацияларды көреді. Педагог ежелден көптеген халықтардың қымызды шипалы сусын деп есептегенін айтады. Бұрынғы заманда қымызға арналған ыдысты |
Әліппе-альбом. Тұсаукесер. |
|||
-
теріден, кейде ағаштан жасап, бағалы тастармен сәндеп, қонақтарға сый ретінде тартқан. Қазіргі кезде торсықты керамикадан жасайды. Қонақты қымызбен күтіп алайық!
Тәрбиеленушілерге торсықты баумен немесе қалың жүннен есілген жіппен сәндеуді ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу
-
«Сақиналар».
Алдымен оң қолмен, одан кейін сол қолмен кезек-кезек сақина жасай отырып, бас бармақтың ұшына әрбір саусақтың ұштарын тигіз.
Жаттығудың соңында екі қолмен бірдей жасау керек.
-
«Жұдырықтың қыры – алақан».
Үстел бетінде қолды үш жағдайда ұстау. Жұдырық, кейін қолды ашып, қырымен ұстау, одан соң ашық алақанды үстел үстіне салу. Алдымен оң қолмен, кейін сол қолмен, соңында екі қолмен бірдей жасау керек.
-
«Нөл».
Сұқ саусақтың ұшын бас бармаққа біріктіріп – нөл таңбасын жасау. Осы қимылдар қайталанады.
(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.
Педагог балалардың назарын жұмысты орындау ретіне аударып, тапсырманы түсіндіреді.
Үлгіқалыптарды қиып аламыз. Тікбұрышты төртбұрыштың әзірлемесін қиып аламыз. Тәрбиеленушілерге ашық-қоңыр немесе сары түсті қағаз қолдануды ұсыныңыз.
Әзірлемені екіге бүктеп, торсықтың үлгіқалыбын бүкпе бойына жатқызамыз. Үлгіқалыпты қарындашпен бастырып сызамыз.
Торсықты контур бойынша қиып алып, бүктеуін жазамыз.Әзірлеме- негізге жапсырамыз.
Одан кейін оюдың үлгіқалыбын торсықтың үстіне қойып, жай қарындашпен бастырып сызамыз.
Оюдың сызығына жаққышпен желім жағамыз.
Желім жағылған сызыққа жүннен есілген жіпті немесе жіңішке бауды жапсырамыз.
Балаларды желім сызығының ұзындығын қадағалап отыруды үйретіңіз.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі
Педагог ҰОҚ барысында қайшымен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін ұдайы ескертіп отырады.
Балалардың жұмыс материалдарына ұқыпты қарауын, уақыт пен материалды тиімді пайдалануын қадағалайды.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі түсті қағаз, торсықтың және қазақтың ою-өрнек қалыбы, қайшы, желім, желімге арналған жаққыш, сулық, жіңішке бау, жуан жүнді жіп.
Жадынама.
(ө, ұ) Рефлексиялық бағалау.
IV. ұОқ
Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады.
Танымдық белгілер.
қорытындылау.
-
аудиалдар: ауызша, жаппай: саған бүгінгі ҰОҚ-да не ұнады, сенің
Рефлексия.
ойыңнан шықты ма?
26–30 минут
-
кинестетиктер: «бет» карточкасы таратылады, балалар оған
ауыздың суретін салып, өз көңіл күйлерін смайлик түрінде көрсетеді.
-
1

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген