Материалдар / Атаның сөзі- ақылдың кені.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атаның сөзі- ақылдың кені.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қарттардың кеңесіне құлақ түре отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар өнерін шыңдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 4 «Г» Сабақ:23

Пәні: ҚХҰШӨ

Мұғалімнің аты-жөні: Қырғызбаева Қ.Қ.

Күні:21.02.18 ж

Сабақтың тақырыбы:

Атаның сөзі- ақылдың кені.

Сабақта негізделген оқу мақсаты:

Оқушыларға ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қарттардың кеңесіне құлақ түре отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар өнерін шыңдау.

Сабақ мақсаттары:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқушылар үш би туралы ақпарат алады. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Үш бидің нақыл сөздерін ажыратады,нақылға пікір қосады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Нақылға пікір қосады өз ойын айтады,қолданады.

Тілдік құзыреттілік:

Оқушылар: Оқушылар терминдік сөздерді қолдана алады.

Негізгі сөздер мен терминдер:фатеке,шешен (Тілмар, тапқыр. )

Алдыңғы оқу:

Мәтіннің көркем тұстары.

Сабақтың жоспары:

Жоспарланған уақыт

Сабақтың барысы :

РЕСУРС

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут

Оқушылармен сәлемдесу, топтарға бөлу. Сынып  оқушылары  алдын-ала үш  топқа бөлінеді.


Ынтымақтастық атмосферасын орнату

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге ,

Құрметпенен біз.

Алтын ережені сақтау


Сары,қызыл ,жасыл асықпен бөлінеді.











Өлең оқу

Сабақтың басы: Жаңа білім

20 минут







Білу және түсіну

Үй тапсырмасы:

Аталы сөз –бата, өсиет өнеге .

1.Тыйым сөздер.

2. Батаның түрлері .

3. Ғажайып жетілік.

4.Мақал сөздің мәйегі.


Жаңа сабақ: Сөз жұмбақ шешу.

Ү кі

Шаңырақ

АБай

шИе


Мұғалім сөзі. Қазақ халқына тән ең бір атақты, аяулы өнердің бірі – шешендік өнер. Шешен деп – алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады.

Би, шешендер халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.


Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,

Кім оның жарлығынан мойын бұрған.

Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ,

Халық соны кетіпті "би" деп атап.


«Қазақтың үш биі» атты бейнефильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сонымен «Үш би » деп кімдерді айтады екенбіз?» (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).

  • Олар қандай істер атқарған?

Бүгінгі бақытты өміріміз осы бабалардың арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды ешқашан ұмытпауымыз керек.

Үш биге қойылған мүсін, жазылған өлең-жырлар ұрпағының оларға деген бір белгісі деп түсінемін. Қаламызда үш бидің ескерткіші бар.

(суретін көрсетіп, қайда орналасқанын атып кету).


Билердің шешен сөздері. Оқушылар \қосымша мәлімет\

Өсиет сөздері.




«Сұрақтар ілмегі» әдісі.





Термин сөздер


Сөз жұмбақ шешу.





Үш бидің өмір-баяны.





Дәптермен жұмыс




Мәтінмен жұмыс





Бейне таспа

Оқушылар берілген материалдарды оқып, тақырыптары бойынша түсіндіреді







Сабақтың ортасы

10 минут

3. (постермен жұмыс)

«Қане бөлісейік»

Әр топтан бір берілген тақырыпқа қысқаша мәлімдеме беру керек.

4.Қорытындылау

1. Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында)

2. Болмас іске қарыспа, Біреуге ор қазыспа

Жауыздық іске барыспа. Кімнің нақыл сөзі? (Төле би)

3. Қазыбек би мәмілегерлік қызметін неше жастан бастады? (18 жас)

4. "Жеті жарғы"заңын қарастырған би ?

5. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң болсаң жауға найзаң тисін-деген нақыл сөз кімдікі? (Әйтеке би)

6.Арғын руынан шыққан би кім? (Қазыбек би )

Постер жасау

Топтық жұмысқа арналған ресурстар







«Мен саған-сен маған»


Сабақтың аяқталуы

5 минут



Бағалау







Кері байланыс


Бағдаршам әдісі.


«Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылар өз тілегін, ұсынысын айтады.


«Үйге тапсырма: Үш бидің нақыл сөздерін жазу.

Ой алмасу





Стикер тарату





«Көңілді қадам»



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.






















Төле би

Нақыл сөздері Өгізді-өрге салма-қанатың талар,Наданға көзіңді салма-сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер,Дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер.

-1663-1756 жж. өмір сүрген, Ұлы жүздің төбе биі.

-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

-Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан;

-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;

-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі;

-"Жеті Жарғы" заңын жасаушылардың көрнекті өкіл;

















Қазыбек би

Нақыл сөздері Үй жанында биік төбең болса, Ол ерттеулі аттан кем емес, Отбасыңда білгір қартың болса,Ол жазылған хаттан кем емес. Ей, біз үш жүз-үш қазақ, керіспейік,Асылы, бізге керіскен жөн емес, келіскен жөн.

-1667-1764 жж. өмір сүрді.

-Орта жүздің биі. Арғын тайтасының қаракесек руынан.

-Қазақ хандарының ақылшысы, елші-мәмілегер, дипломант.

-Жоңғар хандығына елшілік, мәмілегерлік жол мен үш рет барған.

-Асқан шешен, ел басқарған, елші-мәмілегер, дипломант.









Әйтеке би

Нақыл сөздері -Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.

Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болап найзаң тимесе,

Жұрттан алабөтен үйің күйсін!



-1682-1766 жж. өмір сүрген. Кіші жүдің биі.

-Әлім тайпасының руынан шыққан.









Шешендігі: Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады.

Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.

Сонда Төле бала:

- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.







Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз,

ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,

жеріміздің шетін жау баспасын деп

найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылады.

Елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен.



Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді. 
Жолаушының жасы үлкені:

- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл? - Сейітқұл аулы. - Өзің кімнің баласысың? - Бөйкектің баласымын - Атың кім? - Қосуа бидің «үйі қайсы? – Анау қыр астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз - дейді әлгі қарт жолаушы. Әйтеке сәл ойланып тұрып: - Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін құн, жабықта тепсе - жарты құн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар-дейді. Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін алар - депті.Сонда әлген баланың әкесі:

Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүр бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!