15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Атақты адамның портретіне жақтау жасаймыз
Шымкент қаласы білім басқармасы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры
________________А.Узакова.
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Атақты адамның портретіне жақтау жасаймыз».
Сынып: 3 «А»
Мұғалім: Кулмаханбетова С.У.
2018-2019 оқу жылы.
Күні: 14.03.2019ж.
Пәні: Көркем еңбек.
Өтілетін орны : 203 каб.
Сабақтың тақырыбы: «Атақты адамның портретіне жақтау жасау».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жақтау жасау барысындағы шеберлік деңгейін арттыру. Жақтауды сәндеуде ол адам немен айналысатыны түсінікті болатындай етіп әшекейлеу, қиялдарына ерік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмыс барысында төзімділікке, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды есте сақтау қабілеттерін жақсартуға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Коррекциялық: Оқушылардың дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, ережелер,
суреттер, көңілді тақпақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Бүгін наурыз айының нешесі?
-Қазір қандай сабақ?
ІІ.Сөздік жаттығулар:
Қатырма қағаз, желім, қарындаш, өшіргіш, ұштағыш, сызғыш.
ІІІ.Меңгерілетін сөздер:
Жақтау, желімдеу.
IV. Өткен сабақты қайталау:
-Өткен сабақтың тақырыбы қандай?
-Автопортрет дегеніміз не?
-Ал,топтық портрет дегеніміз не?
- Салтанатты портрет дегеніміз не?
-Камералық портрет дегеніміз не?
-Отбасылық портреттің анықтамасын кім айтады?
V. Жаңа сабақ.
Балалар, Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Атақты адамның портретіне жақтау жасаймыз». Жақтау деп – суреттің төртбұрышты қоршауын айтамыз. Жақтаулар әртүрлі болады. Мысалы: ағаш жақтау, пластикалық жақтау, табиғи заттардан жасалған жақтаулар.
Жақтаудың ішіне бізге атақты тұлғаның портреті қажет. Сол үшін «Бұл кім ?» ойынын ойнап, ұнаған портретті таңдап аламыз.
Ойын: «Бұл кім?». Экранда атақты тұлғалардың бейнесі көрсетіледі. Оқушылар олардың кім екендерін айтулары керек. Суреттер таратылып, жұмыс басталады.
Жұмыс жоспары:
1.Қатырма қағазды екіге бүкте
2. Бүгілген жерін қайшымен қи. Сонда екі төртбұрыш пайда болады.
3. Бір төртбұрыштың жиегінен, ішке қарай 3 см. болатын нүктелерді белгіле.
4. Нүктелерді қосып сыз.
5. Жақтаудың ішкі жағын қиып ал.
6. Жақтаудың үстін 1см. ішке қайыр
7.Екінші төртбұрыштың астын 1см. ішке қайыр
8. Қайырылған жеріне желім жағып, екі төртбұрышты бір-біріне желімде.
9. Тіреуішке ені 6см. болатын ұзын төртбұрыш қиып ал
10. Төртбұрыштың үстін 3см., астын 7-8см. ішке бүкте
11. Қайырманың 2 шетін сыртқа 1см. бүкте
12. Дайын тіреуішті жақтауға желімде.
13. Портретті жақтаудың ішіне сал.
14. Жақтауды қалауыңша сәнде.
VI.Сарамандық жұмыс: Атақты адамның портретіне жақтау жасау.
VII. Тақырыпты бекіту:
Көңілді тақпақ жанр атауын есте сақтауға көмектеседі.
Картинадан көрсең сен
Егер ақын Абайды,
Немесе ұстаз Ыбырайды,
Немесе өз әкеңді,
Немесе өз анаңды,
Суретін жақын досыңның,
Өзі екен деп қаларсың.
Салынған мұндай суретті
ПОРТРЕТ деп қарарсың.
VIII. Қорытынды:
-Балалар, біз бүгін сабақта не істедік?
- Қандай адамның портретіне жақтау жасадық?
VIIII. Оқушыларды бағалау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген