Материалдар / Атақты адамның портретіне жақтау жасаймыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атақты адамның портретіне жақтау жасаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымкент қаласы №83 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
2501
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Атақты адамның портретіне жақтау жасаймыз

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП:3

Қатысқан

оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Алған білімді бекіту, жиналған ақпаратты тәжірибеде

қолдану білігін дамыту.

Бағдарламалық міндеттері

3.2.2.1, 3.3.1.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: атақты адамның портретіне жақтау жасауға үйрету. Жасаған жұмыстарын таныстыруды ұйымдастыру.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: табиғи және

жасанды материалдарды пайдаланып, атақты адамның портретіне жақтау жасауға үйрету.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, жақтау жасау бойынша идеяларын ортаға салу,

оқулықтың 90-бетіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, жасаған жұмыстарын таныстыру, жаңа термин сөздерді үш тілде білу.

Тірек сөздер: атақты тұлғалар, тақырыпқа сәйкес жақтау, сәндеу, жұмыс материалдары, жұмыс реті.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Ұлы музыканттың портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?

Жауап. Музыкалық аспаптар, ноталар.

  1. Ұлы суретшінің портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?

Жауап. Палитра, қылқалам, бояу.

  1. Саяхатшының портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?

Жауап. Карта, глобус, дүрбі, компас.

  1. Әйгілі спортшының портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?

Жауап. Кубок, медаль, спорттық құрылғылар.

  1. Жақтауды қандай материалдардан жасауға болады? Жауап. Жақтауды ағаштан, полимер балшықтан, сым, бұтақ, майда тастар мен ұлу қабыршағын, кепкен

өсімдіктер мен жапырақтарды желімдеуге болатын қатырма қағаздан.

  1. Жақтауына қарап портетте кім бейнеленгенін табуға бола ма?

Сұраққа толығырақ жауап беру керек, балалар портреттегі адамның немен шұғылданатынын қалай білетінімізді нақтылып айтуы керек.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: тақырыптық жақтаудың қалай жасалатынын, ол үшін қандай мәлімет керек екенін, жақтауда қандай сәттерді бейнелеу керегін біледі.

Оқулықтағы үлгі бойынша тақырыптық жақтау жасап үйренеді.



Оқушылардың көпшілігі: жақтау жасау идеяларымен бөліседі. Оның жасалу жолын сипаттайды.

Кейбір оқушылар: өздері таңдап алған тұлғаға өзіндік идея бойынша әртүрлі материалдарды пайдаланып,

жақтау жасайды.

Бұрын алған білімдері

Адамның сыртқы келбеті. Портрет және автопортрет.

1-сынып. Адамның бет әлпеті және көңіл күй. Түс және көңіл күй. Сызық және көңіл күй. Мимика және көңіл күй. 2-сынып. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. 3-сынып.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар жаратылыстану пәндерінен адамның сыртқы келбеті туралы меңгерген білімдерін пайдаланады.

Шығармашылық шабыттарын ояту үшін жұмысқа

кіріспес бұрын №2 қосымшадағы 6-тақырыпқа сәйкес тақпақтарды оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында бірінші және екінші сыныптағы портрет туралы

білгендерін еске түсіреді. Өткен материалды қысқаша қайталайды.

Атақты тұлғалардың портреті


Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Тапқырлығың мен ой ұшқырлығыңды таныта оты- рып, өз қолыңмен қандай да бір бұйым жасау

қызықты жұмыс. Біз атақты тұлғалар туралы көп нәрсе білдік, көпшілігің өз кумирлеріңнің портреті үйлеріңде ілініп тұрғанын қалайтын боларсыңдар?

Сендер достарыңның немесе туыстарыңның

кумирлерін білсеңдер, өздерін шабыттандыратын тұлғаның портретін оларға сыйласаң риза болып қалар еді. Біз бүгін атақты тұлғаның жақтауын

жасап, оны кейін әшекейлеп, үйге қоямыз не достарымызға сыйлаймыз.

Атақты тұлғалардың портреті. Оқулық.

2 қосымшадағы материалдар.


Материалды түсіндіру

Мұғалім жақтауды қалай жасау керегін түсіндіреді. Жақтаулардың үлгісін, сызбасын тақтаға сызып көрсетеді.

Оқушылар бірінші сыныпта портретке жақтау жасаған болатын. Қалай жасағандарын естеріне түсірсін. Алайда ол кезде жақтауды қатырма

қағаздан жасап, әртүрлі материалдармен безендірді де, суретке арналған әдемі жақтау жасады. Енді

жұмыс күрделенді, жақтауды нақты бір адамға арнап жасап, оның жетістіктері ескеріліп, ол адамның мамандығын, қызығушылығын, оның

көрерменге кім екенін танытатындай етіп жасау керек. Оқушылармен бірге спортшының жақтауына (спортшы шұғылданатын құрылғылар, медальдар,

кубок, басқа да белгілерді), ғалымның портретіне (оның саласына байланысты, мысалы, егер ол

Оқулық.

2 қосымшадағы материалдар.



ботаник, өсімдіктерді зерттеуші болса, онда кепкен өсімдіктерді, егер зоолог болса, жануарларды

мүсіндеуге болады) нені бейнелейтін ақылдасады. Оқушылармен бірге әрбір мамандықты талқылау керек. Әрине, кез келген тұлғаның өзіне тән ерекшеліктері бар, оларды мүмкіндігінше ескеру керек. Жақтау жасайтын материалдарды

талқыласын, оқулықта екі нұсқасы берілген (қатырма қағаздан және полимер балшықтан

жасалған), алайда оны басқа материалдардан да жасауға болады. Жақтаудың өлшемі сурет пен

фотосуреттің өлшеміне байланысты. Оқушылармен бірге үйлерінде немесе бөлмелерінде кімнің портретін көргісі келетіндерін шешіп алады.

Оқушылар альбомдарына қарындаш не фломастер- мен жақтаудың нобайын жасайды.

Келесі сабақта оқушылар дайын нобайға қарап, өздері таңдаған материалдардан алдын ала салған

портреттеріне не фотосуреттеріне жақтау жасайды.

Мұғалім жеке-дара ұсыныстар айтып, керек

жерінде көмек береді. Сабақтың соңында жұмыс- тарын таныстырады. Қалай таныстыратындарын ойланады, жасаған жақтауларын көрсетіп қана қоймай, нақты бір тұлға туралы әңгімелейді.


Өздік жұмысты орындау

Оқушылар әртүрлі жақтауларды талқылауға

қатысады, қызықты жақтау жасау жолдарын ортаға салады. Жақтау жасайды. Өз жұмыстарын

таныстырып, басқа жұмыстарды талқылауға қатысады.

Материалдарды оқушылар өздері таңдайды: қатырма қағаз, түсті қағаз, қайшы, сызғыш,

жай қарындаш, фломастерлер,

полимер балшық; табиғи материалдар: ұлу қабыршағы, кепкен гүлдер,

жапырақтар, керек емес материалдар.

Сабақтың қорытынды- сы

Оқушылар жақтау қалай жасалатынын, ол үшін нені білу керегін, жақтауда нені көрсетуге

болатынын білді.

Белгілі бір идеяны ортаға салып және әртүрлі материалдары қолдана отырып, жақтау жасап үйренді.


Қосымша ақпарат

Дифференциация


Оқушылардың бәрі

тақырыптық жақтаудың қалай жасалатынын, ол үшін қандай мәлімет керек екенін, жақтауда

қандай сәттерді бейнелеу керегін білді.

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

1) Оқушылардың мұғалімге берген

жауабынан (оқулықтағы);

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны қолданады.


Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс


2 жұмыс дәптерінің 16-бетіндегі

тақырыптық жақтаудың нобайын жасап үйренді.


Оқушылардың көпшілігі

жақтау жасау идеяларымен бөлісті. Оның жасалу жолын сипаттады. №2 жұмыс

дәптерінің 17-бетіндегі тапсырманы орындады.


Кейбір оқушылар өздері таңдап алған тұлғаға белгілі бір идея

бойынша әртүрлі материал- дарды пайдаланып, жақтау жасады.

  1. жасаған жұмыс- тарынан (жақсы

жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

істеу ережесін еске түсіреді.

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушы- ларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап

бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер

туындыларын)! Сен

тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған

тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың

жұмыстарын, жанды табиғат фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге

сүйіспеншіліктерін оятып, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.

\


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!