Материалдар / Атақты өнер адамдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атақты өнер адамдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымкент қаласы №83 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
2255
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Атақты өнер тұлғалары. Қазақстанның атақты

тұлғалары

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Ой-өрістерін кеңейту, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.2, 3.1.2.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: оқушыларды «атақты тұлғалар» түсінігімен таныстыру, еліміздегі және дүниежүзіне әйгілі атақты тұлғалар туралы әңгімелеу. Тұлғалар туралы ақпарат іздеуге, елінің тарихы мен мәдени мұрасын бағалауға үйрету.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: нақты атақты адам туралы ғаламтордан мәлімет тауып, шағын әңгіме құрау.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, тарихи тұлғалардың өмірбаянына, шығармашылығына тоқтала отырып және өз пікірін білдіріп, олар туралы айтып беру.

Тірек сөздер: атақты тұлғалар, ұлы суретшілер, ком- позиторлар, жазушылар, ғалым, саясаткерлер, спортшылар, еңбегімен аты әлемге танылған адамдар. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Атақты тұлғалар деген кімдер?

Жауап. Атақты адамдар – қоғамдық-саяси өмірде, ғылымда, өнерде маңызды нәтижеге қол жеткізген адамдар.

  1. Өткен ғасырлардағы атақты тұлғаларды кім арқылы білеміз?

Жауап. Суретшінің еңбегі арқылы біз өткен

ғасырлардағы атақты тұлғалардың қандай болғанын біле аламыз.

  1. Бірнеше атақты адамды атаңдар.

Жауапты оқулыққа қарап бере алады не оқушылар өз

бетінше жауап береді. Балалардан топ бойынша атақты спортшыларды, суретшілер мен композиторларды және т.б. атауды сұрауға болады.

  1. Еліміздегі бірнеше атақты адамды атаңдар. Жауапты оқулыққа қарап бере алады не оқушылар өз



бетінше жауап береді. Балалардан топ бойынша атақты спортшыларды, суретшілер мен композиторларды және т.б. атауды сұрауға болады.

5. Біздің қаламызда қандай атақты адамдарға ескерткіш қойылған?

Жауап. Мұғалім балаларға алдын ала дайындалып келуді тапсырады.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: адамзат тарихындағы және еліміздегі атақты адамдар туралы біледі.

Атақты адамдар туралы ақпарат таба алады.

Оқушылардың көпшілігі: кейбір атақты адамдар туралы айта алады.

Кейбір оқушылар: кейбір атақты тұлғалар туралы олардың жетістіктерін және оларды суретшімен

байланыстыра отырып әңгімелей алады.

Бұрын алған білімдері

Музыка, әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерінен алған

жалпы білім.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды:

жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар энциклопедиядан оқығандарын пайдаланады.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында әйгілі композиторлардың музыкалық үзінділерін қосып қоюға болады. Сабақты оқушылар қандай суретшілермен таныс екенін еске түсірумен

бастауға болады. Одан соң атақты адамдар дегеніміз кім екенін талқылайды.

Атақты адамдар-

дың фотосуреттері, суретшілер салған атақты адамдардың портреттері.

Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Халқымыз мәдени мұраға үлес қосқан адамдарды аса қадірлейді. Кез келген адам ондаған, тіпті жүз- деген әйгілі адамды атай алады. Атақты

адамдардың өмірі мен кәсібін білу кез келген адамды рухани байыта алады. Бәлкім, ұлы

адамдардың өмірімен танысқаннан кейін сендер де сондай жетістікке жеткілерің келер, сонда өздерің сияқты балалар сендердің жетістіктеріңді айтып, тамсанатын болады. Ал енді кейбір атақты адамдар туралы, олардың адамзатқа не қалдырғандарын көрейік.

Оқулық.

Атақты адамдар-

дың фотосуреттері, суретшілер салған атақты адамдардың портреттері.

Материалды түсіндіру

Бұл сабақ әңгіме түрінде өтеді. «Атақты тұлға» түсінігімен таныстырып, оқушыларға әр дәуірдегі және халықтағы атақты тұлғалар туралы айтқан

дұрыс. Бұл пән өнермен байланысты, сондықтан оқушылар «Өнер» тақырыбын меңгергендіктен мәдениет өкілдері туралы айтқан жөн.

Оқушылардың өздері музыка, әдебиет, бейнелеу өнері саласындағы атақты тұлғалардың есімдерін еске түсірсін. Алайда балаларды шектеуге

болмайды, олар ірі тарихи тұлғалардың: саясат-

Оқулық.

Атақты адамдар-

дың фотосуреттері, суретшілер салған атақты адамдардың портреттері,

2 қосымшадағы материал.



керлер мен қолбасшыларды, ғалымдарды атауы мүмкін. Бірі қандай да бір тұлға туралы нақтырақ айтып берсе тіпті жақсы. Оқушыларға сабаққа алдын ала дайындалып келуді тапсыруға болады. Қазақ халқының көрнекті тұлғаларына ерекше тоқталу керек. Қазақ және орыс мәдениеті

өкілдерін өзара байланыстырып, Абай Құнанбайұлы мен Александр Пушкиннің

шығармашылығы, екі ақынға деген қазақ, орыс халқының құрметі туралы айтуға болады. Оқулықта шағын ғана мәлімет бар, алайда әрбір мұғалім оны дамыта алады. Сұрапыл соғыста халыққа

өлеңдерімен рух берген Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы айтуға болады. Жамбыл Жабаевтың құрметіне батыр-қала Невада ескерткіш орнатылған. Оқушыларға суретшілер салған атақты тұлғалардың портреттерін немесе қазіргі замандағы адамдар болса, фотопортреттерін көрсетуге болады. Мұғалім атақты тұлғалар туралы мәліметті қайдан және қалай табуға болатынын айтуы тиіс (кітапханадан, журналдардан, ғаламтордан, атақты

қайраткерлер туралы фильмдер мен бағдарла- малардан).


Өздік жұмысты орындау

Оқушылар сабақ барысында ғаламтордан не энциклопедиялардан атақты тұлғалар туралы мәліметтерді іздейді (бәлкім мұғалімнің

тапсырмасы бойынша), танысып, не білгендерін айтып береді (мұғалім ұсынған сызба бойынша шағын әңгіме жазады).

Энциклопедиялар, ғаламтор.

Сабақтың қорытынды- сы

Оқушылар әр дәуірдегі және әртүрлі халықтардағы атақты адамдар мен олардың жетістіктері туралы

білді. Еліміздің атақты адамдары жайлы естіп білді. Көрнекті қайраткерлер туралы мәлімет іздеп,

өмірбаянын, жетістіктерін және өзінің көзқарасын білдіре отырып әңгімелеуді үйренді.


Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі адамзат тарихындағы және еліміздегі атақты адамдар туралы білді. Атақты адамдар туралы

ақпарат таба алды.

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

  2. жасаған

жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.


Оқушылардың көпшілігі кейбір атақты адамдар туралы айта алды. №2 жұмыс дәптерінің

12-бетіндегі тапсырманы орындады.

Мұғалім өздік жұмыстың

басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.

Оқушылардың кейбірі атақты тұлғалардың жетістіктерін атап және оларды суретшімен



байланыстыра отырып әңгімелей алды. №2 жұмыс

дәптерінің 13-бетіндегі тапсырманы орындады.



Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған

тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың

жұмыстарын, жанды табиғат фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге

сүйіспеншіліктерін оятып, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!