400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атақты тұлғалар бөлімі.Жарық жұлдыз.Ғ.Қайырбеков. Әдебиеттік оқу пәні.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығының білім алушылары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Әдебиеттік оқу


Бөлім: Атақты тұлғалар


Күні:

Сынып: 3

№1 Алматы қазақ мемлкеттік гуманитралық педагогтік-педагогтік колледжі

Білім алушы: Орталық Құралай Бақбергенқызы


Сабақ тақырыбы

Жарық жұлдыз

Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау»

Оқу мақсаттары

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру;

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады, өлеңнен әдеби көркемдегіш құралдарды табады;

Кейбір оқушылар: шығармадағы көркемдегіш сөздерді анықтайды, өлең мазмұны бойынша шығармашылық сұрақтар қояды, жауап береді.

Бағалау критерийлері

  • өлең мазмұнын түсінеді;

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • теңеу, эпитет сөздерді табады;

  • өлең бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;

  • өз ойын жеткізуде теңеу сөздерді қолданады.




Тірек сөздер

Оқушылар:

Өлең мазмұны туралы өз ойын айта алады. Өлең бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Теңеу сөздерді табады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Күмбірледі, күндік жер,қалың ел, қазақ даласы, туған жер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ыбырай Алтынсарин алғашқы мектеп ашқан, өйткені ....

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған.

Пәнаралық байланыстар

Берілген тірек сөздерден мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Батырлар мен хандарды атай алуы дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Өлеңді түсініп оқиды, өлең бойынша сұрақтар құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды буындарды біріктіріп сөз құрау арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Мектеп»

2-топ: «Қоңырау»

3-топ: «Білім»

4-топ: «Кітап»

Оқушылар құраған сөздері жайлы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.


Буындар жазылған парақшалар №2 , интербелсенді тақта, қосымша 1

Слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

15 минут



































7 минут























5 минут















  1. 1-тапсырма

«Ой қозғау» әдісі арқылы сөзжұмбақ шешу.

  1. Оқығанды көңілге ..ықыласпен... тоқылық.

  2. Кел, .балалар,... оқылық.

  3. ..Оқысаңыз .. балалар.

  4. Шамнан .. шырақ .. жағылар.

  5. ..Сиса .. көйлек үстіңде.

  6. Қартайғанда мал .жинап....

Ыбырай Алтынсарин туралы білетін мәліметтерін ортаға салу. (дереккөздерден ізденуге болады)

Қосымша: Ы. Алтынсарин- ұстаз, мектеп ашты, жазушы, педагог, ағартушы. Қазақ даласына қоңырау соққан алғашқы ұстаз. Ұстаздың ашқан мектебі Торғай жерінде күні бүгінге дейін сақтаулы..

Автор жайлы мәлімет:

Ғ. Қайырбеков – ақын. (1928 – 1994жж) Торғай қаласында дүниеге келген. «Дала қоңырауы» атты поэмасы бар. Онда Ы.Алтынсаринді сипаттаған.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Мадақтама» әдісі Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

2 - тапсырма

) «Бірлесіп оқу» әдісіне сүйеніп өлеңді түсініп оқиды. Өлең бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.

«Айрықша тапсырма» әдісімен дарынды оқушылар өлеңнен теңеу сөздерді белгілеп отырады. Топ алдында оқиды. Теңеу сөздерді жазып қойыңыз.

Дәптермен жұмыс: Сөздік

қалың ел - халқы, елі,

қара қазан - жұрты,отбасы, жанұясы

сары бала - ұрпағы

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • өлең мазмұны түсінеді;

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • теңеу сөздердің теріп жазады;

  • өлең бойынша сұрақтар қояды;

  • өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

3-тапсырма

Әр жұп «Карусель» стратегиясы бойынша мұғалімнің көмегімен түрлі дереккөздермен жұмыс жасай отырып, Ы.Алтынсарин туралы мәліметтерді жазады. Ортада қорғайды, толықтырады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) «Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – барлығын мәліметті таптым.

Қызыл түс – мәліметтер жартылай болды

Сары түс – мәлімет аз таба алдым

4 - тапсырма

«Лездеме» әдісіне сәйкес Ы.Алтынсарин туралы тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырып, топ алдында сөйлейді.

Тірек сөздер: «Ағартушы», «Ақын» , «Жазушы»

Үлгі:

Ы.Алтынсарин ең алғаш мектеп ашып, балаларға білім үйреткен ағартушы. Ы. Алтынсарин балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер, ертегілер, орыс тілінен аударып мысал өлеңдер жазды. Себебі, ол – ақын.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

Оқулықтың 48-бетіндегі сөзжұмбақ жазылған парақша, интербелсенді тақта,

Қосымша 2

Слайд 4,5,6


























Оқулық 48-49-беттер, түсіндірме сөздік,Алтынсарин, Қайырбеков суреттері


Слайд 7













Слайд 8

Кесте сызылған парақ,маркер,



Слайд 9

Плакат, маркер, тірек сөздер жазлыған парақшалар.







Сабақтың соңы

8 минут


«Тазалық» кері байланыс. Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Слайд

№10

0

Саралау


Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.


Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Ой қозғау», «Бірлесіп оқу», «Карусель» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Лездеме» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.


Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Мадақтама», «Жапондық бағалау» әдісі

Дескриптор:


  • өлең мазмұны түсінеді;

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • теңеу сөздердің теріп жазады;

  • өлең бойынша сұрақтар қояды;

  • өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі