|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері
Қуан, шаттан,
алақай!
Қуанатын келді
күн.
Қайырлы таң, қайырлы
күн!
Күліп шықты күн
бүгін.
Сәлеметсіз
бе!
Амансыз
ба!
Есенсіз
бе!
Барлығымыз бірге
шаттанайық.
Барлығымыз бірге
қуанайық.
Топқа қоян келгенін
хабарлайды.
Қоян сендерге кітап
алып келіпті.
|
Үстел жағалай
отырады.
Бір-біріне жылы лебіздерін
білдіреді.
Қоянды қуана қарсы
алады.
Амандасады.
Келіседі.
|
|
Ұйымдастыру–
іздестіру
|
Әңгімелесу:
-Сендердің топта достарың бар
ма?
-Дос не үшін
керек?
-Достық дегенді қалай
түсінесіңдер?
-бүгін біз сендермен
С.Сейтеновтің «Атасының ақылы» атты әңгімесімен
танысамыз.
Әңгіменің мазмұнымен
таныстыру:
Төкенмен келісе алмай қалушы еді, қазір
араларынан қыл өтпейтін болыпты ғой, Еркінім?! – деді бірде
атасы. -«Қыл өтпейді...» дегенге түсінбедім, ата? –
деп таңырқады
немересі. -Тату-тәтті дос болыпсың дегенім
ғой. -Кездескен сайын кәмпит берсе, онымен кім дос
болмайды ! -Мен ешкіммен тамақ үшін дос болып көргенім
жоқ, балам. Достықтың тамыры тереңде . адал, ақылды балалар мен дос
бол, балам! Адамға жақсылық жасаудың өзін бақыт санайтын адамдар
мен дос бол, - деді атасы
сонда.
|
Сұрақтарға жауап
береді.
Мұқият
тыңдайды.
|
|
|
Сұрақ-жауап:
-Еркін мен Төкен достықты қалай
түсінді? -Еркіннің атасы немересіне достық туралы
қандай ақыл берді? -«Тату-тәтті дос» деп қандай достарды айта
аламыз?
Сергіту
сәті:
Орнымыздан
тұрамыз,
Қолды белге
қоямыз.
Иілеміз оңға
бір,
Иілеміз солға
бір.
Жаттығу
жасасақ,
Жақсы сергіп
аламыз.
Сөздік
жұмыс: Қыл
өтпейді.
«Қыл өтпейді» - ажырамайды,
үнемі бірге жүреді.
Үштілдік
компонент: Дос-друг-friend, ата-
дедушка-grandfather, ақыл-совет- advise
Дидактикалық
ойын:
«Достық
неден басталады, достыққа не
жарасады?» Шарты:
төмендегі сөзге
келіссе «йә» деп қол шапалақтайды, келіспесе "жоқ" деп аяғымен жер
тебеді. -Достық
танысудан бастала ма? Достыққа
қамқорлық жараса ма? Достық
төбелестен бастала ма? Достыққа
мейірімділік жараса ма? Достық
ренжісуден бастала ма? Достыққа
адалдық жараса ма? Достық күлуден
бастала ма? Достық
мазақтағаннан бастала ма? Достыққа
татулық жараса ма? Достық
ұйымшылдықтан бастала ма?
Ғажайып сөздерді
жаттау: Шынайы достық қуаныш
әкеледі. Адал достар үнемі бір-біріне көмекке дайын
болады. Достарым көп болсын десең, өзің жақсы
бол.
Тыныштық
сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды
жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда
болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс
алуларыңды бақылап, бақытқа,
махабат пен тыныштыққа толы таза, шипалы
ауаны тұла бойларыңа толғанын
сезіңдер. Ал енді
көздеріңді ашсаңдарда болады.
|
Сұрақтарға жауап
береді.
Қимылдарын келтіре отырып,
сергиді.
Сөздерді жаттайды, есте
сақтайды.
Ойынды қызығушылықпен
ойнайды.
Барлығы мұқият тыңдап, бірге
қайталап айтады.
Барлығы бірге
орындайды.
|
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Қорытынды:
- Бізге не қонаққа
келді?
- Оның әкелген кітабында
қандай әңгіме жазылған?
-Әңгіме не
туралы?
«Жүректен-жүрекке»
шеңбері:
Өзімді-өзім
жақтаймын,
Денсаулықты
сақтаймын.
Жүректен жылы
соншама,
Тілейміз саулық
баршаға!
|
- Қоян қонаққа
келді.
- «Атасының ақылы» деген
әңгіме
Шеңберге тұрып
орындайды.
|