жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әтешті құрастырамыз
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс мезгілі»
Апталық тақырып:«Құстар біздің досымыз»
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Сенсорика.
Тақырыбы: «Әтешті құрастырамыз»
Мақсаты:көлемі бойынша сақинларды таңдай отырып,пирамиданы жинауға үйрету;үлкен және кішкентай сақинаны тапқызу;ұжымдаса әрекет ете отырып,пирамиданы жинауды орындату;ұсақ қол моторикасын жетілдіру.Балаларды үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:алтын айдар
Заттық дамыту ортасы:Әтештің суреті, түрлі түсті сақинадан тұратын пирамида.
Билингвальды компонент:әтеш-петух
Әдіс тәсілдері- түсіндіру, сұрақ жауаптар.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық қозғаушы |
Балалар бүгін ерекше күн біздің топқа көтеген қонақтар келіпті қонақтар мен сәлемдесейік.
Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз ,қандаймыз. Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Ренжісуді білмейміз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар?
Таңғажайып сәт. Тәрбиеші матамен жабылған ойыншықты алып келеді.Матаның астынан «Ку-ка-ре-ку» деген дауыс естіледі.
Бізге не келгенің білдіңдер ме? «Ку-ка-ре-ку»деп не ән салады? Мата алынып,ойыншық көрсетіледі.
Әтеш балалар үй құсына жатады.
Билингвальды компонент:әтеш-петух. Сөздік жұмыс::алтын айдар. |
Балалар топқа келген қонақтар мен сәлемдеседі.
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Қыс мезгілі Үш ай бар Балалар айларды екі тілде айтады.
Балалар қызығушылықпен қарайды
Балалар даусына еліктеп дауыстайды.
Қайталайды:алтын айдар |
Іздену ұйымдастыруш
Триз технологиясы- ның миға шабуыл әдісі. |
1 – тапсырма: -Бүгін біз сендермен әтешті құрастырамыз. Балалар мен сендерге үлкен – кішентай сақиналарды ретімен жинап көрсетемін. -Ең үлкен сақинаны тауып , жіңішке қадаға кигіземін. -Ал енді кішкентай сақиналарды осы қадаға кигіземін -Енді, міне пирамидамыз үстіне дейін толды.Жоғарғы жағына ең соңғы бөлігіне –әтешті басын кигіземін -Бұл не? -Дұрыс ,әтеш. Әтешті «қораз» деп те атайды -Әтеш қалай шақырады.?
Балалар мен жұмыс . Әр баланың алдына петр матадан қиылған әртүрлі көлемде сақиналар таратылады. Сақиналарды көлеміне қарай үлкенінен – кішісіне қарай ретімен жинап, сақинаның жоғарғы жағына әтештің басын кигізеді. Жарайсыңдар балалар!
Сақиналардың түстері қандай.
Балалар мен сендерге, Ермек Өтетілеуұлының қораз туралы өленің оқып берейін. Мен қоразбын,қоразбын Жалқауларымен аразбын. Таңды бұрын қарсы алып, Елді оятамын жар салып! Ку-ка-ре-ку
Жұмбақ, тақпақ. Бұрап қойған сағаттай Айқайлайды таң атпай (Әтеш)
Әтеш әнге басады Әтеш ұйқы ашады.
|
-Әтеш
-«Ку-ка-ре-ку»
Балалар тапсырманы үлкен қызығушылықпен орындайды. Үлкен кішкентай сақиналарды салыстыруды үйренеді.
Қызыл, сары, көк.
Балалар бар ынталарымен өлеңді тыңдайды.
Ұлағат
Әсел
|
Денсаулық сақтау ынталандыру технологиясы
Ойын технологиясы-ның жобалау әдісі.
Рефлексті түзетушілік |
Сергіту сәті«Әтештер» Тәрбиеші балаларға әтешті бейнелеп көрсетулерін сұрайды.
Дидактикалық ойын: «Әтештің айдары» Шарты: Балалардың алдына айдары жоқ әтеш бейнесі таратылады. Қыстырғышпен әтештің айдарын толықтырамыз. Бұл тапсырмада баланың қол моторикасы дамиды.
- Бүгін біз қандай тақырыпта оқу қызметтін өттік? - Әтеш қалай шақырады.? - Сендерге тапсырмаларды орындаған ұнады ма?
Балалар қорада тұрған үй құстарына жем берейік.
Жарайсыңдар балалар мынау әтештің сендерге берген сыйлығы, қабыл алыңдар. |
Балалар жүреді,қанаттарын қағады,аяқтарымен жерді қазып,тұмсықтары-мен шоқып дән іздейді,тауықтары мен балапандарын сызылта «Ку-ка-ре-ку» деп шақырады.
Балалар әтештің айдарын қыстырғышпен қыстырып толықтырады.
Балалар, сұрақтарға жауап береді.
Балалар үй құстарына жем беріп қамқорлық көрсетеді. Киндер, қораз кәмпиттін алып балалар қуанады. |
Күтілген нәтиже:
Жасайды:үлкен және кішкентай сақинының айырмашылығын;
Түсінеді;ұжымда жүмыс жасау дағдысын;
Қолданылады:көлемі бойынша сақинаны таңдай отырып пирамиданы жинауды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген